Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.
/слайд /
1-оқушы: Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.
2-оқушы: Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.
3-оқушы: Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.
4-оқушы: Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.
5-оқушы: Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.
Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.
Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
4. Еңбек ардагерлері туралы слайд
5. Берілген нақыл сөздермен мақал-мәтелдің мағынасын тану
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Біздің еңбегіміз сабақты жақсы оқып, ата-анамызды қуанту . Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені, олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс».
Біздің ойымызша, әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білеміз. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.Сондықтан еңбек етуіміз керек.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев атамыз көп еңбегінің арқасында аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі .
6. Топтық жұмыс
1-топ: «Мақалдың жалғасын тап»(еңбек , жаңбырменен, ерінбей, ел,тіленбей)
............................. жер көгерер,
Еңбекпенен …............көгерер
Еңбек етсең................
Тояды қарның.................
Ердің атың ................шығарады
2-топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3-топ: Мамандық иелерін сәйкестендіру
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.
4-топ: Эссе жазу
Бүгін келген қонақтарға сұрақтар береміз
Достарыңызбен бөлісу: |