Эссе тақырыбы: Абай философиясындағы адам мәселесі



Дата14.10.2022
өлшемі47,32 Kb.
#152979
Байланысты:
эссе абайтану
1367977, 118077

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


МҰХТАР ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ


ЭССЕ

Тақырыбы:
Абай философиясындағы адам мәселесі


Орындаған: Абдумалик Г.Қ.
Топ: 21-18К
Қабылдаған: Танкиш Н.П.
Шымкент 2022
Адам мәселесі-философияда толық шешімін таппаған ауқымды тақырып. Ертеден ақ ойшылдар адамдардың бұл өмірдегі атқаратын қызметі мен алатын орнын зерттеумен келеді. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған жоқ. Осы тұрғыда қазақ данышпаны Хакім Абайдың адам философиясы туралы ойын да қарастырдым.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді.
Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр.
Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас.
Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет