Аты-жөні_____________________ сыныбы __________________
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика
1. Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Қандастар. Көшіп келгендер.
• Қаңтар
Түркіменстанда 20 мыңға жетер-жетпес қандасымыз қалған.
• Ақпан
Елімізде «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің таныстырылымы өтті.
• Наурыз
Наурыз мерекесі қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Астанада шеттен келген қандастардың басын қосып, наурыз мерекесін тойлады.
• Сәуір
Баян-Өлгейде тұратын ағайынды жігіттер «Бай-өлке» деген атпен шай өндіруді қолға алды.
• Мамыр
Қазақстанға келген 600-дей азамат Қазақстан азаматы атанды.
• Маусым
Астанада өткен көрмеде Моңғолиядан келген қандасымыздың сүйектен жасаған кәдесыйлары елді сүйсінтті.
• Шілде
Осы айда Түмендегі қазақтар кіші құрылтай өткізді.
• Тамыз
Моңғолия қазақтарынан шыққан мықты палуандардың бірі – Серік Ақтай Астанада өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында чемпион атанды.
• Қыркүйек
Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің атажұртта басылған жыр жинақтары өз оқырмандарына жол тартты.
• Қазан
Айдың басында Баян-Өлгейде тұратын қазақ фотографының жеке көрмесі өтті.
• Қараша
Ата-анадан, одан кейін Атажұрттан айырылған АҚШ-та тұратын жас қазақ елге оралғысы келетінін айтады.
• Желтоқсан
Өзбекстан Абай Құнанбайұлы жайлы деректі фильм түсірді.
Міне, құрметті оқырман, бұл - бір жыл бойы жазылған қандастар өмірінің хронологиясы. Алдағы уақытта да жаһан қазақтарының жай-күйі біздің назарда болады.
1. Мәтіннің құрылымын көрсетіңіз.
А. Кіріспе, жаңалықтар, қорытынды
В. Оқиғаның басы, сипаттау, автор ойы
С. Фактілер, ресурстар, қорытынды
D. Пікір, жаңалықтар, оқиғаның соңы [1]
2. Мәтіннің қандай мақсатта жазылғанын анықтаңыз.
А. Әлем қазақтарының жылда өткізетін іс-шаралары ретін көрсету
В. Әлем қазақтарының тұратын жерлері бойынша ретін көрсету
С. Әлем қазақтарының өміріне қатысты жаңалықтар ретін көрсету
D. Әлем қазақтарының ай сайын өткізетін жоспарлар ретін көрсету [1]
3. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А. мысал
В. ақпарат
С. жарнама
D. нұсқау [1]
4. Сәуір, маусым, тамыз, қазандағы жаңалықтардың қандай байланысы барын ажыратыңыз.
А. Моңғолиядағы қандастардың елге оралуы
В. Шеттегі қандастардың елге арнайы келуі
С. Елге келген қандастарымыздың шеберлігі
D. Моңғолиядағы қандастардың шеберлігі [1]
5. Мәтін кімдерге арналғанын анықтаңыз.
А. Жалпы оқырмандарға
В. Ақпарат жинаушыларға
С. Шеттен келгендерге
D. Көшкісі келетіндерге [1]
6. Мәтіннің рәсімделу ерекшелігін көрсетіңіз.
А. Оқиға жайында жан-жақты, толыққанды ақпараттар келтірілген.
В. Оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек фактілер келтірілген.
С. Оқиға жайында сипатталған, ол көркем сөздер арқылы берілген.
D. Оқиға жайында егжей-тегжейлі айтылып, сұраққа жауап берілген.
7. Мәтін бойынша төрт проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
1.____________________________________________________________________________________________2____________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |