Аралық бақылау №1 тест сұрақтары Теңсіздіктің түрлері: Табиғи, Әлеуметтік
Еңбек себептерінің бірінші деңгейі: еңбектің мәні
Ой еңбегі, физикалық еңбегі, еңбек әлеуметтануында қай категорияға жатады? еңбек түрлері
Қай ғалым әлеуметтендіру процесінде үш элементті “ид”, “эго”, және “суперэго” деп көрсетті: Зигмунд Фрейд.
Микроәлеуметтану нені зерттейді? адамдардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысын, олардың өзара әрекеттерін және мотивтерін / Шағын топтардағы әлеуметтік құбылыстар мен процестер
Адамның өзі туғаннан бастап мүшесі болуға міндетті әлеуметтік топты немесе стратты атаңыз: каста
Бұл теория адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етуді деген түсінік береді: Символикалық интеракционизм теориясы
Ата-анасы мен балалары өзге туыстардан бөлек үйде түратын, тәуелсіз отбасы – нуклеарлық отбасы
Отбасының негізгі функциясы – дүниеге нәресте әкелу
Сызықтық модель авторын атаңыз- Гарольд Лассвелл
Адамның девиантты мінез-құлқының алдын алуға бағытталған ресми және бейресми шаралар жиынтығы. Әлеуметтік бақылау.
Адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыратын, қоғамда бар ресурстарды өндіріске қосуға және тауарлар мен қызмет көрсетулердің санын көптеп жасауға мүмкіндік беретін саланы атаңыз: экономикалық сала
Әлемдегі еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесінің тұңғыш авторы: Ф.Тейлор
Еңбекке деген қатынастың негізін не құрайды? қажеттіліктер, тапсырмалар, құнды бағдарлар
Тотемизм дегеніміз: адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы. / Ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі. / адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі
Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің нәтижесінде пайда болған бағыттар: православие, католик, протестантизм