Дәріс № 1 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы.
Қысқа қашықтыққа жүгіру ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол əйгілі Гераклден басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі халық аңызы. Ол өз табанымен 600 қадам жерді өлшеп, осы аралықты «стадии» деп атаған. Міне осыдан стадион деген сөз шыққан. Стадй ұзындығы əр түрлі болып келеді. 192 м, 27 смден 195 метрге дейін созылады. Эллада желаяқтары 200 метрлік қашықтықта сайысқа түскен. Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таң қаларлық жеңіске жеткен. Мысалы, бір стадийді олар қанша уақытта жүргені біз үшін құпия болмақ. Ол кезде уақытты өлшейтін құрал болмағандықтан,
стадийді қанша минутта жүріп өткені белгісіз. Бізге əр түрлі мəліметтер жеткенімен, оларды уақытқа айналдыру қиын. Мысалы, сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде, тіпті аяқтарының ұшы құмға да түспеген деседі. Ал кейбіреулерін мəреден ғана көрген, олардың белгілі қашықтықты қалай жүріп өткенін ешкім аңғармаған. Тарихшылардың айтуы бойынша біздің дəуірімізге дейін 632 жылы Олимпиада чемпионы Милеттегі Полименетор желаяқтардың бірі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |