Әлқисса, шешесінің көрген түсін баян қылғаны



Дата17.12.2023
өлшемі17,72 Kb.
#197434
Байланысты:
Аралық ХАӘ
Архітектура ПК - Крупельницький (практикум)

Жухай Дана
Аралық
Бір күні Маржан сұлу ұйықтап жатқан, Біраз түс ұйықтап көрді Мерген жақтан. Шақырып Жоямерген қасына алып, Мәнісін көрген түстің оған айтқан.
Әлқисса, шешесінің көрген түсін баян қылғаны:
– Жоямерген, құлақ сал,
Сөзімді айтқан ұғып ал,
Әкең сорлы кеткелі 
Ұйқы көрмей жүрдім мен. 
Бүгін түнде ұйықтап ем, 
Әкең маған сөйлеген: «Жоямерген жалғызым, 
Бұл жалғанда арманда 
Мені мұндай қылғыздың. 
Алты ай болды көрмедім, 
Жүзіңді көрмей, еңіредім. 
Бір көрсем, қалқам, жүзіңді 
Армансыз болам мен, – дейді. – Тілегім берсін бір Құдай, 
Құла да атым арыды-ай. 
Мойным болған ырғайдай
Битім болған торғайдай, 
Кемпір жетті жақындап, 
Көрем бе, – деп жылайды, – Жоямерген жалғызды-ай».
Сөзіме менің құлақ салғын, балам,
Әкеңе осы кезде барғын, балам.
Берейін жөнін айтып, Жоямерген,
Әкеңнің сен жүзігін алғын, балам.
Барасың жүзік алып, Орал тауға,
Көрінер әкең қашқан қарсы алдыңда. 
Жүзікті қарсы алдына тастай берсең, 
Әкең де қайраттанар біліп сонда.

Елін қиындықтан құтқару барысында Жоямергеннің әкесі келеңсіз жайттарға тап болып басқа еллдің тұтқынына түсіп қалады. Бұл келтірілген үзіндіден біз түс көру,жору мотивін байқаймыз. Яғни анасы түс көру арқылы ол түсін Мергенге айтып әкесін іздеп табуы керек екенін айтады.


Қайратын өзім көрем, батыр болса,


Берем деп Күнсұлуды, уағда қылған.
Күнсұлу – Жыланбектің жалғыз қызы,
Көрсеңіз, хор қызындай нұрлы жүзі.
Көп адам жұмысына жарамаған,
Өлтірді әр батырды оның өзі.
Сөз тыңда құлақ салып, балам, маған,
Астында дарияның алтын қазан.
Әкелсең сол қазанды ерлік қылып,
Беремін Күнсұлуды қосып саған».
Патшаға Жоямерген жауап берді: «Қазанды әкелем, – деп сөз сөйледі. – Дариясын сол қазанның маған көрсет, Барамын сол қазанға», – деп сөйледі.
Падиша ол қазанды алып көрді,
«Батырым, бәрекелді, алып келді!» Күнсұлу – жалғыз қызын енді патша Той қылып, қырық күнде қосып берді.
«Құламерген, Жоямерген» жырындағы жер асты патшасы Жыланбектің қызы Күнсұлуды әйелдікке алуының өзі тотемдік белгінің көрінісі. Әкесін құтқаруға барғанЖоямерген жер асты елінде Жыланбек деген патшаға кез болады, Олар Жоямергенге қастандық жасамайды, керісінше, Жыланбек Жоямергеннің қайратына тәнті боп, басқа батырлар орындай алмаған тапсырманы, яғни алтын қазанды алып келу тапрсымасын орындайтынына сенім білдіреді және алтын қазанды әкелсе – жалғыз қызы Күнсұлуды беретінін айтады. Жырд біз сонымен қатар мифтік белгіні де кездестіре аламыз олай дейтін себеміз Жоямергеннің Ділдәш атты басқа да батырларда кездесетін секілді ерекше жылқысы болады және сол жылқының арқасында батыр алтын қазанға қол жеткізіп, тапсырманы орындайды. Жыланбек сөзінде тұрып қызын береді.
Ұлы Еділдің басында
Біздің тұрмыс жер, – деді,
Уəли ханның жалғызы
Құбығұл деген мен, – деді.
Ұйықтап кетсем түсімде,
Ақбілек тыным бермеді,
«Хан баласы сен» деді,
«Ханның қызы мен» деді.
«Ғашық болдым түсімде,
Алыстан іздеп кел» деді.
Үстінде төсек қисайсам,
Осы қыз тыным бермеді.
Астыма мінген Құлаша
Ақбілек үшін мінгенмін,
Шығыршықты сауытты
Ақбілек үшін кигенмін.
Балдағы алтын ақ алмас
Ақбілек үшін ілгенмін,
Түсімде көріп Білекті,
Отына ғашық күйгенмін.
Ал, «Құбығұл» жырында түс көру мотивін кездестіре аламыз. Түсінде ханның қызы Ақбілекті көріп ғашық болып, қздың өзіне шақыруы жігітті одан сайын жетелеп, жырдағы оқиға барысы осы арқылы дами түседі. Берліген үзіндіде Жігіттің Ақбілекке қалай ғашық болып қалып оны іздеп келгені байқалды. Жырда негізі қаһарман басынан өтетін оқиғаларды күні бұрын түс арқылы белгілі болып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет