Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйренуге жəне дағдыларды
қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар.
1. Əр түрлі жылдамдықпен 30-60 м. жүгіру. Жүгіру кезінде табанды
түзу сызыққа қою керек (алдын-ала сызып) немесе қосарланған сызыққа (параллель) қою қажет.
2. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Бастапқы кезде бір орында тұрып
жасау, содан кейін сəл ғана алға жылжу арқылы орындау.
3. Спорттық құрал-жабдықтар арқылы жүгіру (доп, гимнастикалық
орындық). Құралжабдықтардың арақашықтығын, биіктігін өзгерте отырып, тізе биіктігін жəне
адым ұзындығын, жылдамдықты өзгертуге болады.
4. Екі аяқпен алма-кезек секіру. Жерден итерілген аяқтың буыны
түзетіліп, ал сермейтін аяқ буыннан бүгіліп, күшпен алға жіберіледі, дене алға еңкейтіліп, бугілген кол алма-кезек алға, артқа шығып отырады.
5. Бір аяқпен көп қайтара секіріп, итеретін аяқты тарта отырып алға
жоғары сілтеп, осы аяқтың табанына түсу, 3-5 реттен 20-30 метрде орындау.
6. «Адымдап» секіру. Бұл жаттығу бір немесе екі адымдап жүгіру
тəсілімен орындалады.Жерден итерілген аяқтың фазасы толық аяқталуына көңіл бөлу қажет, сермейтін аяқ жерге баппен түсу керек.(14-сурет).
7. Аяқты жиі алып жүгіру, бірте-бірте жай жүгіру.Алға шыққан аяқ
алмакезек табан басына тіреліп, өкше сəл ғана жерге тиеді.Жерге тиілген аяқ толық түзіледі, денемен бір түзу сызық бойына орналасады. Иықты бос ұстау қажет. Қол төмен түсіріледі.
8. Аяқты жиі-жиі алып жүгіру, бірте-бірте жай жүгіріске көшу;
9. 50-60 м. жерді жартылай күш жұмсаған жылдамдықпен жүгіріп өту;
10. 50-60 м жерді шамалы күш жұмсап қана жүгіріп өту;
11. 50-60 м жерді толық жылдамдықпен жүгіріп өту.
Жүгіру жаттығуларын денені қатайтпай, бос ұстап орындау керек. Жаттығуларды орындау
кезінде орындау ережелерін есте ұстау керек. Үнемді қозғалыс техникасын дұрыс үйренгеннен
кейін сабақта (жаттығуда) екіден немесе үштен, т.с.с. жүгірген дұрыс.Егер топпен жаттыққан
кезде, техника жақсармаса, онда жеке жаттыққан дұрыс.
12.Сөреден шығуды үйрену;
а) «Сөреге» пəрменін орындау;
ə) «Дайын бол» пəрменін орындау;
б) Өз бетімен, дыбыссыз(пəрмен бермей-ақ) жүгіру
в) Пəрмен бойынша жүгіру
Егерде сөрелік қозғалыстан денені ерте көтеретін болсандар, мынадай
жаттығуларды орындандар. Бір бала жүгірушінің арт жағынан тұрып, ұзын таяқша немесе
кергіні еңкейтіп ұстап тұруы керек. Бұл таяқшаларды жоғары ұстау қажет. Себебі жүгіруші басын ұрып алуы мүмкін немесе таяқша төбемде тұр деген ой оны еңкейтіп жүгіруге мəжбүр етеді.
Сұрақтар:
Қысқа қашықтыққа жүгіру қандай аралықта жүгіреді
Қысқа қашықтыққа жүгіруді қандай кезеңдерін білесіз
Қазақстанда қысқа қашықтықта жүгіретін спортсмендерді ата
Достарыңызбен бөлісу: |