Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қыста құстарға қамқор боламыз
Мақсаты:қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру. Жұмбақ шешу қабілеттерін дамыту. Балаларды «біздің кішкентай достарымыз» құстарға жанашырлық танытуға баулу.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:қыстап қалатын құстар жайлы əңгімелесу, табиғатты бақылау, жұмбақтар шешу, иллюстрациялармен танысу, сызба бойынша сипаттамалық əңгімелер құрастыру.
Құралдар мен материалдар:қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер, «Құстардың дене құрылысы» сызба-карточкасы, «Суретті құрастыр» ойынына арналған қиылған суреттер, «Төртіншісі артық» ойынына арналған суреттер, «Орманның шуылы – құстардың дауысы», «Табиғат дыбыстары. Қыс» үнтаспалары. Құстарды тамақтандыратын тұқымдар, күнбағыс дəндері, жидектер салынған қорап. Жемсауыт. Доп. Қар түйіршіктері.
Сөздік жұмыс:жем, жемсауыт, салқын, қарны аш, шоқып жейді, шырылдайды, ысқырады, шүйіркелеседі, секіреді жəне т.б.
Билингвалды компонент: құс – птица
ҰОҚ кезеңдері
Педагогтің басқарушылық қызметі (əдіс, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыруқызығушылықтарын ояту
Шаттық шеңбері
Балалардың білімін нығайту Қыс түсті. Күн суытты. Айналаны түгел қар басып, өзендер мен көлдерді қатырып тастады. Құстардың өмірінде ең қиын кезеңдер туды.
Балалар, қыста біз даладан барлық құстарды кездестіре аламыз ба? Жоқ. Себебі қыстан қорықпайтын, қыстап қалатын құстар ғана қалды. Қалғаны жылы жақтарға ұшып кетті.
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Қысқа тəн белгілерді атап өтеді.
Ізденістік ұйымдастырушылық
Балаларды қандай құстардың өлкемізде қыстап қалғанын анықтауға шақыру.
Жұмбақ шешу
Құстың сыртқы келбетіне тəн ерекшеліктеріне тоқталады. Фотосуреттер, суреттер мен көрсету
Құстардың дене мүшелерінің атауларын (басы, денесі, құйрығы, қанаттары...) пысықтайды.
Кептерді көгершін (кептер) деп те атауға болатынын түсіндіреді.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Кептер – қанатының қауырсыны түрлі-түрлі құс, көгершін.
Өзекті мəселе: Бұл құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? неліктен?
Сергіту сəті «Жылынайық».
Жылынайық: шап-шап – шапалақ. (Қол шапалақтайды).
Аяғыңды топылдат: Топ-топ-топ.
Бетіңді қолыңмен ысқыла. (мойнымызды тамақтың тұсынан, жоғарыдан төмен қарай алақандарымызбен сипаймыз; бетімізді ысқылаймыз; саусақтарымыздың ұшымен тоқылдатамыз).
Құстар тұмсығымен не істейді? – Шоқиды.
Қанаттарымен не істейді? – Қағады, ұшады.
Құстың аяқтары не үшін қажет? – Жүреді, секіреді, бұтада тұруға көмектеседі, жүзеді.
Құстар нені жақсы көреді?