Сабақтың көрнекілігі: ертегілер елінен келген ата, сиқырлы кілем, суреттер, слайд, «алма жинау» ойынына керекті суреттер



Дата20.06.2018
өлшемі17,6 Kb.
#43375
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Жаттығуларды орындай отырып сөз таптары, етістік туралы балаларға түсінік беру. Басқа сөз таптарынан ажыратып, таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Тілін, сөздік қорын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыпты, таза, көркем, әдемі жаза білуге баулу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік

Сабақтың көрнекілігі: ертегілер елінен келген ата, сиқырлы кілем, суреттер, слайд, «алма жинау» ойынына керекті суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірліктерін тексеру, оқу құрал-жабдықтарын алғызу, зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Зат есімге жазып келген мысалдарын тексеру, оқыту, талдату

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру



  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға сонау ертегілер елінен сендердің білімдеріңді бағалап, сабаққа қалай қатысатындарыңды бақылау үшін бір ата келіпті. Ол қазақша түсінгенімен сөйлей алмайды екен. Ол сендерге тапсырмалар дайындап келіпті, сендер сол тапсырмаларды орындап көріңдер. Егер сендер дұрыс жауап берсеңдер ол қолын шапалақтап қуанады. Ал егер дұрыс жауап бермесеңдер басын шайқайды. Кәне, балалар атамыздың тапсырмасын орындап көрейік

  1. Зат есім деген не?

  2. Қандай сөз таптарын білесің?

  3. Жалқы есім деген не? Жалқы есімдерге мысал келтір.

  4. Жалпы есімдерге мысал келтір

  5. Зат есімнің көпше түріне қандай сұрақтар қойылады?

  6. Зат есімнің жекеше түріне қандай сұрақтар қойылады? Мысал келтір

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

  • Жарайсыңдар, балалар! Сендер атаның барлық тапсырмасын орындадыңдар. Енді бүгінгі сабағымызда сөз таптарының бірі –етістікпен танысамыз.

Ү. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

а\ сурет бойынша жұмыс жүргізу

412-жаттығу суреттегі балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айтқызу. Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап беретініне тоқталу

ә\ жұмбақтарды шешкізу

413-жаттығу

Жұмбақтарды оқыту, шешкізу

Жазда қыдырады, қыста тынығады \аю\

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады \күн\

\етістіктерді тапқызу, сұрақтар қойғызу\

б\ ережелерді оқыту,хормен оқыту ережені жаттату

Заттардың қимылын іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады

ҮІ. Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру


  • Балалар, айлакер түлкі ата бізге келе жатқанда оның сиқырлы ұшатын кілемшесін ұрлап оны бөліктерге бөліп тастапты. Ата ертегілер еліне қайту үшін оның сиқырлы кілемшесі керек. Оны құрау үшін тапсырмаларды орындайық

1-тапсырма 414-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазғызу

Тоғайда түрлі аңдар жүреді. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда болады. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.\тақтамен жұмыс жүргізу\

Сергіту жаттығуы:

Балалар мен күн боламын, ал сендер ағашсыңдар. Күннің бетін бұлт жапты, біртіндеп баяу жел соға бастады. Жел қатты соқты. Жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр қатты жауды. Жаңбыр басылып, күннің көзі ашылды. Ал біз орнымызға отырып ұйықтаймыз.

2-тапсырма 415-жаттығу берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрайық: қонды, жауды, тасыды, жүзді.

3-тапсырма 416-жаттығу «Алма жинау » ойынын ойнайық. Бұл ойынның шарты: табақшалардағы алмаларды жеке-жеке алып, осы сөздерге сұрақтар қойып, етістікті тауып анықтауы керек: көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.

ҮІІ. Бекіту кезеңі


  • Жарайсыңдар, балалар сендер алаяқ түлкінің бөліктерге бөлген кілемшесін қайта құрап көмектестіңдер. Сендерге ата көп-көп рахмет айтып жатыр. Балалар біреудің затына рұқсатсыз тиіспеу керектігін естен шығармаңдар. Біз бүгінгі сабағымызда сөз таптарының бірі етістікпен таныстық. Сонымен етістік деген не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

417-жаттығу «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау.



Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет