Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.
Мақсаттары: 1. Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу, оның жазылу емлесін меңгерту.
2. Шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, сауатты, көркем жазуға үйрету.
Көрнекілік: Оқулық, суреттер, слайды.
Әдісі: сұрақ-жауап талдау, көрнекілік арқылы түсіндіру.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Арнау сөзді оқып сабақты бастау.
«Мұралардың ең қыбаты сөз. Өмірде асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.» Асыл сөзге бай қазақ тілі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 28 жаттығу. Өткенді пысықтау.
Тақтада сандар сиқырлы сандар солардың сиқырын ашайық.
(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – цифрлардың артындағы сұрақтарға жауап беру)
1) Сөз туралы не білесіңдер? (сөз дыбыстан құралады, бір-бірімізбен сөйлесіп түсінісеміз, ойымызды жеткіземіз)
2) Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді (үшке)
3) Алыс-жақын, ащы-тұщы, сараң-жомарт қандай сөздер (қарсы мәндес-антоним)
4) Мәндес сөздерге мысал келтір. Олар қалай аталады? (синоним)
5) Байлық – нан, сөзіме – нан. Нан сөзінің мағыналарын түсіндір. Қандай сөздер? (аноним)
6) Күрделі сөз деген не?
7) Күрделі сөз мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді? (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, сөз тіркесі)
Жаңа сабақ. Ертегі «Айна мен Гүл»
Ертеде Айна өмір сүріпті, бірақ оның өмірі көңілсіз, әрі жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатса, оның алдынан жайқалған гүл шығады.
- Айна, Айна сен неге сонша көңілсізсің?
- Жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайық дос іздеп келемін.
- Мені елдің бәрі көркем әдемі дейді. Бірақ өзімнің әдемшілігімді ешқашан көрген емеспін, көргім келеді.
Менімен дос болшы?
- Алақай, алақай, мен өзіме лайық дос таптым.
Содан бері Айна мен Гүл дос болыпты. Қазақтар Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты. Айна+гүл екі түбір сөзді біріктіріп бір сөз жасауға болады.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біріккен сөз»
Түбір сөз Біріккен сөз
Түйе қазан Түйеқұс
Ақ бұға Ақсүйек
Ас сүйек Асқазан
Ала құс Алабұға
Оқулықпен жұмыс.
32-жаттығу (ауызша) Берілген сөздерді оқы әр сөз неше түбірден құрылған сөз құрамына талдау. Қандай сөздер? Қалай жазылған?
аққу
ақбөкен
шаңсорғыш қосаяқ
балмұздақ тасбақа
Дәптермен жұмыс (күн ретін жазады)
Көркем жазу минуты
33-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп, жаз. Әр сөз неше түбірден құрылған?
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұрық, жетіқарашы, шекара.
Бұл сөздердің жасалуына қараңдаршы қалай жасалып тұр? Осыған байланысты қандай ереже шығаруға болады?
Талдау: Біріккен сөз.
1. Екі түбірден жасалады.
2. Бірігіп жасылады, бір жаңа сөз шығады. (ережені оқу)
34-жаттығу. Өлеңді оқып жатқа жаз. Өлеңде кездескен біріккен сөздерді ата.
Кемпірқосақ.
Күн күркіреп себелеп,
Жаңбыр жауып, басылды
Көкжиекке керемет
Кемірқосақ асылды.
Сергіту сәті.
35-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Аққұтан, шекара, көкжиек
Қамыс арасына аққұтан ұя салыпты. Шекарашылар шекараны қырағы күзетеді. Күн көкжиектен көтеріліп келеді.
Бұл сөздерді біріккен сөз екенін кестені пайдаланып дәлелдеу.
екі түбірден құрылғанмен бір ғана мағынаны
Бұл – біріккен білдіреді
сөз өйткені
бір ғана сұраққа жауап береді
26-жаттығу «Кім тапқыр» ойыны. (3 топқа бөлу. Әр топ көп нүктенің орнына біріккен сөздерді тауып жазады)
1 топ: Өсімдік аттары (итмұрын, шайқурай, таңқурай, жолжелкен, асқабақ, аскөк, түймедақ, алтынтамыр, алабота)
2 топ: Аңдар: (ақбөкен, тауешкі, жолбарыс, қарақұйрық, қарсақ, қасқыр)
3 топ: Құстар: (аққу, көкқұтан, жарқанат, қараторғай, күркетауық, бірқазан, түйеқұс, жорғаторғай)
«Туған өлкеге саяхат ойыны»
Жер-су аттарын (ауызша айту)
Бесқарағай, Біржан, Қарабұлақ, Суықбұлақ, Өлеңсай, Жарбұлақ.
Шығармашылық тапсырма.
Біріккен сөздерді қатыстырып «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына эссе құрау.
Оқыту, біріккен сөздерді табу, айту.
Бекіту. Қорытындылау.
- не оқып үйрендік?
- Қандай сөздермен таныстық?
- Біріккен сөздер дегеніміз не?
- Біріккен сөздер қалай жазылады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 37-жаттығу.
Хайуанаттар бағына саяхат тақырыбына әңгіме құрау. (Біріккен сөз боп келетін аң құстарды жазу).
Достарыңызбен бөлісу: |