Балмұздақ өндірісінің технологиялық желісіндегі фризерін қарастырып жобалау
Матбаев Рамазан
ТМО 19-13
Кіріспе
Балмұздақ бiздiң елде ең қалаулы және тұрғындардың арасында әйгiлi өнiмдерiнiң бiрi болып табылады. Бұл оның жағымды дәмдi қасиеттерiмен ғана емес, сонымен бiрге оның жоғары азық-түлiк және биологиялық құндылықтарымен бағаланады. Балмұздақтың негiзiн салушылар деп, Қытайда осыдан 3000 жыл бұрын қолданылған табиғи мұз немесе тәттi қосылған жемiс шырындарын есептеуге болады. Дәл осы қытайлықтардан жеміс шырынының мұзы түріндегі балмұздақтың «құпиясы» еуропалықтарға белгілі болды. Венециялық саяхатшы Марко Поло оның рецептурасын Орта ғасырлардың аяғында Қытайға саяхаты барысында алып келді. Кейіннен, селитрамен мұз қоспасының суыту қабілетін ашқан соң, жеміс шырындарын мұздату мүмкіндігі пайда болды. 1660 жылы италияндық Франческо Прокопио Парижде балмұздақ сататын дүкенін ашты. 16 жылна соң Парижде 250 ге жуық кондитерлер – балмұздақ дайындауыштар есептелді.
ХVIII ғасырдың ортасына дейін балмұздақ тек жаз мезгілінде сатылған, ал 1750 Прокопионың мирасқоры – де Бюисонн және өзге балмұздақшылар бұл өнімді бүкіл жыд мезгіл бойында өндіріп сата бастады. Франциямен қатар балмұздақты Италияда, Австрияда және АҚШ-та өндіре басстады, бірақ та балмұздақтың сол кездегі кең таралуы мүмкін болмады, себебі бұл тәулік бойы өндірушілерді мұздату мен суыту құралдарымен қамтамасыз ету қиын болды. ХІХғ. соңында мұздату машиналарының пайда болуынан соң жағдай маңызды өзгерді. Ресейде балмұздақтың барлық түрін қарапайым халық арасында жақсы көрді, ал Еуропалық рецепт бойынша тек патша алаңы мен бай тұлғалар үшін дайындалды.
1991 жылы Мәскеуде шығарылған «Жаңа және толық аса дайындау» кітабында балмұздақты қаймақтан, шоколадтан, жұмыстқа ақуызынан, таңқұрайдан, мүк жидегінен, қарақаттан, шиеден, лимоннан және апельсиннен қалай жасау керектігі туралы мәлімет жазылды.
1784ж Санк-Петербургте шыққан « Көне орыс үй шаруасындағы әйел» атты кітабында әртүрлі балмұздақтардың рецептерімен танысуға болады. 1845ж орыс көпесі Иван Излерге «балмұздақты дайындау үшін машинаға» патент берді, бірақ ол ұзақ мерзім бойы берекесіз жағдайда және аз көлемде өндірді.
Ресейдегі балмұздақты өндірудің өнеркәсіптік бастамасына 1932ж деп есептіледі, онда Мәскеуде сүт комбинаты және тоңазытқыш 2№ бұл өнімді өндіру бойынша алғашқы цезтар құрылды. 1945ж Бүкілодақты ғылыми- зерттеу институтының мұздату өндірісімен (БҒИМӨ) мамандандырылған зертхана ұйымдастырылды, ол балмұздақ өндірудің технологиясын өңдейтін басты сала болды. Осылайша 1950жылы балмұздақ өндіру 99,1мың тоннаға, 1960жылы-189,50мың тонна, 1970-376,5 мың тонна, 1980 -502,7мың тонна және 1990 -798,0 тонна құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |