Клиникалық станция: «Жүрек окпелік реанимация»



Дата02.02.2022
өлшемі22,17 Kb.
#130542
Байланысты:
Жүрек окпелік реанимация
7 лекция общ, мыт (1)

Медициналық колледж бітіруші түлектеріне арналған алгоритм

Клиникалық станция: «Жүрек - окпелік реанимация».

Іс-әрекет алгоритмі.



Қадамдар

Іс әрекет алгоритмы

1

Науқас жағдайын бағалау.

Айқайлау, иығынан қағу.

2

Ұйқы артериясында пульсті анықтау.

Ұйқы артериясын сипап сезу, пульсті анықтау. Ұйқы артериясы Төс емізікше бұлшық етінің артқы жағына 4 саусақты қою арқылы анықталады.

3

Тыныс алуды анықтау.

Тынысты алудытексеру «көремін, естимін, сеземін» әдісімен анықталады. Науқастын кеудесіне бетімізді жақындатып тыныс алуын сеземіз, естиміз. Өкпе экскурсиясының бар жоқтығын кореміз.


4

Көмекке шақыру.

Жедел жәрдемді шақыру немесе үшінші адам арқылы шақырттыру.

Жүрек – өкпелік реанимацияны жасау.

5

Науқасты дайындау

Науқасты тегіс, қатты беткейге жатқызу. Кеуде торын қысып тұрған киімнен босату.

6

Қолды дұрыс қою.

Қолдар кеуденің төменгі 1/3 бөлігіне, семсер тәрізді өсіндіден екі саусақ жоғары орналастырылады.

Бір қол кеудеге негізгі алақан болып орналасып, екі қолды құлып қылып орналастырамыз.

Кеуде және иық буындарының арасындағы бұрыш 90 С құрайды.

Компрессия үшін қол күштері емес, арқа және дене массасының күші қолданылады.



7

Кеуде қуысының кмпрессиясын жасау.

1.Кеуде торына алғашқы басу, оның эластикалығын анықтау мақсатында әлсіз жүргізіледі.

2.Иілу тереңдігі 4-5см, бір компрессияның ұзақтығы 0,5секунд, жиілігі минутына 80-100.

3.Әр компрессиядан кейін кеуде торы толық қалпына келуі керек, ол үшін қолды алу қажет, бірақ қолды науқас кеудесінен ажыратпау қажет.

4.ӨЖЖ және жүректің тікелей емес массажын бір уақытты жүргізгенде олардың қатынасы 2:30 бір реаниматор, екі реаниматорға да дәл солай.

5.Екі үрлеу және 30 компрессия жасаған реаниматор Жүрек-өкпелік реанимацияның 1 циклын жасайды. Әрбір 5 циклын жасай отырып реаниматор науқастың жағдайын бағалайды.


9

Ауыз қуысын қарау

Ауыз қуысын қарап, тазалау. Науқастың басын өзімізге қаратып, дакеге оранған саусақпен ауыз қуысына санация жасау.

Сафардың үштік әдісін жүргізу.

10

Басын артқа шалқайту.

науқастың бас жағынан тұрып, басын мойын бөлігінде шалкайту – бір қол науқастың мойны астында, екіншісі маңдайында.


11

Төменгі жақ сүйегін алға жылжыту.

Төменгі жақты алдыға жоғары жаққа жылжыту, қолды бас бүгілмес үшін алмастан шынашақты төменгі жақтың бұрыштарына қою










12

Науқастың аузын ашу.

екі қолдың үлкен саусақтарымен науқастың аузын ашу.

Өкпені жасанды желдетуді жүргізу.

14

ЖӨМР ауыздан ауызға немес ауыздан мұрынға әдісімен жүргізу.

Бір қолды бастан алмастан екінші қолмен ауызына дәкені қойып,артынша науқастың мұрынын жабу,дем беруді кеуде торы көтерілуі үшін лезде жіберу керек,екінші демді кеуде экскурсиясы көтерілгеннен кейін жіберу керек.

Әр тыныс беру алдында сафар үштігін қайталап отыру қажет.



15

Компрессия мен тыныс жіберу ара қатынасы 30:2 болуы керек.

Компрессия мен тыныс жіберу ара қатынасы 30:2.


16

Реанимациялық шаралардың нәтижесі.

Реанимация шараларын ұйқы артериясында пульс және кеуде қуысында экскурсия пайда болғанша немесе тыныс және жүрек әрекеті тоқтағаннан кейін 30минут аралығында жасалынады.

2. Жасалған реанимациялық іс-шаралардың нәтижесі туралы қорытынды жасаймыз.



Ескерту:

*егер мойын бөлігіндегі омыртқалар зақымына күмән болса, санация кезінде басты бұруға болмайды.

**егер мойын бөлігіндегі омыртқалар зақымына күмән болса, Сафар үштігін жасау барысында басты шалқайтуға болмайды.



*** Егер вентиляцияны ассистен жасап жатса онда екі қолмен жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет