Жүргізуші: Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар Келген мына мерекеге қараңдар Шашу шашып ақ жаулықты әжелер Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар. Ән 5 «В» сынып «Наурыз»



бет1/4
Дата28.05.2020
өлшемі44,09 Kb.
#71422
  1   2   3   4
Байланысты:
Армысың, әз Наурыз! атты тәрбие сағаты


1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті көрермен қауым ! Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Сөз кезегін ұстазымыз Куанышбаева С.Қ берейік:

Мұғалім:


Құрметті ата-аналар мен оқушылар баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын! Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. «Армысың әз Наурыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймын.Ақ мол болсын,әр үйде шаттық пен қуаныш мол болсын!
2 - жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

 Ән 5 «В» сынып «Наурыз »



  1. жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп Қыдыр атамыз келіп қалыпты.Қыдыр ата

армысыңдар халайық! Ал балалар қолдарыңды жайыңдар ақсақал батасын берсін

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,


Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!


деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.

  1. жүргізуші:

Қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы  болып төрге жайғасыңыз.

 Биылғы  2019 жыл ерекше жыл.  Биылғы Наурыз тойымыздың өзі ерекше сән салтанатпен, ерекше құрметпен өтіп жатыр.

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық



  1. Жүргізуші:

Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи мектеп өмірімен тығыз байланыста жүретін, мектепішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де мектеп ұжымын қолдап, ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсетіп отыратын  ата аналарымыз білдірсін.

Шашу шаылады.

 


1-Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.


Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

5 в сынып оқушысы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет