Жүргізуші: Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар Келген мына мерекеге қараңдар Шашу шашып ақ жаулықты әжелер Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар. Ән 5 «В» сынып «Наурыз»


Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі



бет4/4
Дата28.05.2020
өлшемі44,09 Kb.
#71422
1   2   3   4
Байланысты:
Армысың, әз Наурыз! атты тәрбие сағаты

Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың 



Әумин

 

1-Жүргізуші:



Батаңыз қабыл болсын.

 

Ән 

 

2-Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір алла иіп тұрсын

 

1-Жүргізуші:



осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!

Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамын.



2-Ойындар

Қол күрес: 5 в сыныптардың ұлдары

 

Көтермек: 3,4,5 сынып ұлдары Ортаға екі бала шығып, бір- бірлерін арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізуші белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншісін көтеріп аласыңдар,  ұтқан болып есептесесіңдер. Жеңіске жеткенше ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

 

Оқтау  тартыс: 5 в сынып ұлдары

 

Атбақыл: ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақаны иіріп, екіншісің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақа жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып екеуің алға қарай жылжи бересіңдер. 



 Назарларыңызға рахмет!

Мақтау қағаздарымен марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет