Ән ?
2 жүргізуші:,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Көрініс: Күн мен түн ( Аибике мен Фатима
күн:
сәулесі мол күнмін
Түн:
Жұлдызы көп түнмін
Екеуі:
Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Түн:
Ал ертең күн ұзақ
Күн:
Түн қысқарар бірақ
Екеуі:
Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап
1-жүргізуші:
Ал балалар, біз сендердің жыл басы туралы қаншалықты білімдерің бар екенін көрейік.
1.Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)
2.Жыл басының алғашқы төлі(дүбір аяқ)
алғашқы сүті(уыз)
алғашқы гүлі(бәйшешек)
алғашқы асы(наурыз көже)
6.Сый тамағы(ұйқы ашар)
жігіттердің қыздарға беретін сыйы (селт еткізер)
ұшып келетін құс (наурызек)
Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.
(Түн алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.)
Күн:Түн, сен не қарап тұрсың? Көңілің басқа жақта тұр ғой.
Түн: тоқта Күн мен бір жұлдызшыны көріп тұрмын, бізге қарай жақындап келе жатқан сияқты.
Күн: иә, иә солай екен ғой
Күн: жүр қарсы алайық жұлдызшыны
2-жүргізуші:
Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
Достарыңызбен бөлісу: |