Ұлытау облысының білім басқармасының «Жезқазған қаласы білім бөлімінің №1 ЖББМ» КММ Бағыты : «Жасынан оқу оқып , өнер қуған...» Тақырыбы : «Мағжан шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі» Авторы : Ғылыми жетекшісі : Жанулова Гульнар Жуманазаровна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: Мағжан жырға қосып , суреттеген батырлар бейнесін, Қазақстан тарихы деректерімен салыстыра отырып талдау . МІНДЕТТЕРІ : — Мағжанның өмірі мен шығармашылығына шолу( қосымша әдебиеттер мен деректерді саралау) —«Батыр Баян» поэмасына арқау болған тарихи тұлғаны тарихи тұрғыдан алу; —Ақын суреттеген батырлардың тарихтағы тұлғамен салыстырып, өмірімен байланыстыру; —-Мағжан жырлары арқылы отаншыл, ұлтжанды болу, елімнің тарихи тұлғалары мақтан ету; тарихтағы бағасын бағалау; Тақырыптың өзектілігі : - Тақырыптың өзектілігі :
Мағжан шығармашылығын жаңа қырынан таныту,аша түсу , жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы тапсырмас құрал болып табылатындығын көрсету; - Зерттеу әдістері : оқу, салыстыру, талдау, жинақтау, зерделеу
- Жаңашылдығы : Мағжан шығармаларындағы көркемдік құндылық пен тарихты жырлау шеберлігіне бүгінгі күнмен баға беру ,
- Жұмыстың құрылымы : кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
Мағжан өз поэмалары арқылы эпикалық жанрдағы ой-толғамды, саяси-əлеуметтік мəні зор мəселелерді алға тартқан сыр толғауға айландырып, тарихи деректі ақындық қиял арқылы дамытып, тарихи шындықты көркемдік шешім арқылы көркемдік шындыққа айландырды. Оның «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», тағы басқа поэмалары — қаһарман тағдырын ел тағдырымен астастырған, ел тағдырын ер тағдырымен ұштастырған, екі тағдыр шешімін көркемдік шындықтың желісімен жымдастырған егіз шындықтың еншісін бөлген туындылар - Мағжан өз поэмалары арқылы эпикалық жанрдағы ой-толғамды, саяси-əлеуметтік мəні зор мəселелерді алға тартқан сыр толғауға айландырып, тарихи деректі ақындық қиял арқылы дамытып, тарихи шындықты көркемдік шешім арқылы көркемдік шындыққа айландырды. Оның «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Тоқсанның тобы», тағы басқа поэмалары — қаһарман тағдырын ел тағдырымен астастырған, ел тағдырын ер тағдырымен ұштастырған, екі тағдыр шешімін көркемдік шындықтың желісімен жымдастырған егіз шындықтың еншісін бөлген туындылар
Достарыңызбен бөлісу: |