«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар»



Дата22.05.2022
өлшемі16,84 Kb.
#144577
Байланысты:
11 әдеб ббж
ТИТУЛКА (1), Лионгард сауалнама 5-11кл

«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
Оқу мақсаты 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1- тапсырма «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы Мэлс Әлібаевичтың сипаты қандай?
А) Елінің қамын жеген абзал азамат
В) Алыстағы баласына асығып келе жатқан ғалым
С) Қызметінің арқасында айтқаны айтқан, дегені деген
D) Жылпостығының арқасында "еті тірі жігіт" атанған
[1]
Ақсақал мен саудагер әйелге ара түскен қай кейіпкер?
А) жолсерік
В) жолаушы
С) Қошқарбай
D) аға лейтенант[1]
«Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасының кейіпкерін анықта.
А) Аяған
В) Абай
С) Қошқарбай
D) Ербол [1]

2- тапсырма «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы көтерілген мәселені идеялық жағынан мазмұндас шығармалармен салыстырыңыз. 3 балл
3- тапсырма Төмендегі пікірді негізге ала отырып, кестедегі ақпараттармен байланыстырып, шығармада көтерілген мәселе мен идеяға қатысты әдеби сын жазыңыз. 6 балл
Екі бөлімді, тоғыз көріністі «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясы – заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесаның арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. Бұл туынды жұртты еріксіз саналы ойға жетелейді. Спектакль өмірдің өзінен ойып ала салғандай баршамызға етене таныс оқиға өзегіне құрылған. Тойдан қайтқан масаң адамдар шайқалақтап, даурығысып, бірін-бірі жөнжосықсыз асыра марапаттап келеді. Сол сәтте олардан асар шешен де, дана да, батыр да жоқ. Жел сөзге марқайып, талтаңдап, жер баса алмай келе жатқан Мэлс Әлібаевич сияқты азаматтар да бізге таңсық емес, күнде көріп жүрміз. Мұның бәрі қоғам кемшілігі... Елді ілгері бастырмай келе жатқан осындай адамдар екенін шығарма желісі алдыңа жайып салады. Ішкенге мәз, жегенге тоқ осындай адамдардың іс-әрекеттеріне қынжыласың. Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/27666

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет