Орындаған: мп-21 Талапқали Т. А. 1 апта моөЖ мазмұны



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97184
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта МОӨЖ тапсырмалары
5-daris, 1. Ознакомьтесь с проектом, Документ Microsoft Word (3)

Орындаған: МП-21 Талапқали Т.А.
1 апта


МОӨЖ мазмұны:
Тұлғаның құндылықты-нормативті жүйесі (құндылықтар, қалыптар, дәстүрлер, дәстүр, салттар).


Жоспары:

1. Педагогтар ұжымындағы құндылықтар жүйесі


2. Тұлғаның құндылық бағдарына нарықтық жағдайдың əсері


Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.
Құндылық мəселесінің əртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін, И.Д. Багаева, З.И. Васильева, Д.Ə. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын əлеуметтік тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, мінез принциптері.
Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.
Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері.
Өткізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың құндылық иерархиясын анықтауға мүмкіндік берді.
Құндылық маңыздылығы оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына байланысты. Терминалды құндылықтар қатарында респонденттер: жанұя, адамға жақсылық жасау, денсаулық құндылықтары, алдынғы орындарға қойды. Респонденттің 48,9% өмірдегі ең негізгі құндылық жанұя дейді. Жанұя институты өсіп келе жатқан ұрпақтың нормативті-құндылықтық әлеуметтік мәдени үлгілерді өңдейді. Егер бұл фактіні психологиялық аспектіде қарастырсақ жанұя ошағы адамға қорғаныс, комфорт сезімін әкеледі. әлеуметтік аймақтағы өзгерістермен бірге жүретін экономикалық реформа жағдайында некелік қатынастың маңызы өте зор.
Қазақстандықтардың құндылықтар жүйесінде ерекше орынды мінездің моральдік этикалық эталоны алады. Қазақстан Республикасы-полиэтникалық мемлекет және оның аумағында өмір сүретін халықтарға бір-бірінің мәдениетіне, дәстүріне, салтына деген толерантты қатынас тән. Сондықтан терминалды құндылықтар қатарында 42,2%-ды адамға жақсылық жасау құндылықтарды алғаны заңды.
Респоденттердің 39,5% тұлғалық маңызды құндылық ретіде денсаулықты атады. Денсаулық құндылықғының төменгі коэффициентін полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпзіздік органдарының қызметкерлері көрсеткен [5].
Жұмыс адам өміріндегі құндылық арасында алғашқы орынға шығарды. Жұмыс істеу және әлеуметтік статус адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.


Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады [1].
Л.И. Иванько: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормалар мен құндылықтар арасындағы айырмашылықтарды былайша ажыратуға болады. Құндылықтар көбінесе, адамның іс-əректінің бағыттылық жақтарына сəйкес келеді, ол нормалар сол іс-əректтердің жүзеге асуының амал-жолдарына байланыты. Нормативті жүйе құндылық жүйеге қарағанда адамның іс-əрекетін ерекше айқындайды, өйткені біріншіден, ол нормаларды ұстанды, екіншіден, нормалардың нақты бір жүйесі ішкі тұтастылыққа негізделеді: адам іс-əрекетінде оны толық жəне тұтастай бір мезгілде ұстанды»-дейді [2].
Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі əлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық мінез-құлық, өмірдің жəне мəдениеттің құндылықтарын ұғынуға жəне жаңғыртуға бағытталған. Психолог ғалымдар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, И.С. Конның пікірінше құндылық бағдарлардың дамуы сатыларын жалпы индивидуалды дамуды жас кезеңдерімен байланыстырады. Сонымен қатар құндылық бағдардың даму сатылары қатаң түрде белгілі бір жасқа байланысты емес, яғни олар өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырады. Алайда əр саты соңғы жəне жетістікке жеткен болуы мүмкін, сондықтан даму деңгейі индивидуалды типте болады. Ж. Пиаже құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы адамгершіліктік даму да прогрессивті, кезеңдік сипаттамаға ие. Ж. Пиаже басқа авторлар секілді моральдық даму сатыларының жүйесі жалпы когнитивті жасерекшеліктік өзгерістерге байланысты болады [3].
Осылай, нарықтық жағдайлар тұлғаның қалыптасуына, оның қажеттіліктері мен құндылықтарына тікелей əсер етеді. Тұлғаның құндылықтары оның əлеуметтік ортасымен тығыз байланысты. Құндылық түсінігі адамның қатынасы əлемге сипатталғанда қолданылады. Құндылық адам жəне оны қоршаған əлем арасында бөлінген, ол тек олардың қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, адамның санасымен өзара əрекетке тиісті.
Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы мінез-құлқымен жиі қарастырылады. Сонымен, оның келесідей басты сəттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, екіншіден, ол оның əлеуметтік мінез-құлқының реттеушісі ретінде қарастырылады». Қоғам тұлғаға əсер етеді, ал тұлға қоғамға нақты əлеуметтік топ арқылы ықпалын білдіреді. Қоғамдағы өзгерістерді жақтаушылар дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ экономика мен қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігін сезінген, өз сенімдеріне күш салатындықтан қарсы алған адамдар. Ал, нарықтық қоғам ең алдымен биліктің мемлекеттік органдардың қолынан жеке өндірістік иелерінің қолына өтумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада еңбек жəне тауар құны сатушымен сатып алушының өзара келісімімен анықталады.
Отандық психологияда «құндылық бағдарлар» түсінігі əр түрлі қарастырылады, бірақ та, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Н. Узнадзелердің жəне басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылған, оның психологиялық тұтастылығын айқындайтын əлеуметтену мен жеке дербестік процесінде қалыптасатын тұлғаның қасиеттік жүйелік қалыптастырушы ретінде қарастырылады.
Отандық психологияда, Б.Ф. Ломов «тұлға» түсінігі мағынасының əртүрлілігіне қарамастан, оның негізгі қасиетін бағыттылық деп келтіреді[4]. С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, Д.Н. Узнадзе жəне тағы басқалардың еңбектерінде бағыттылық тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастырылады жəне оның барлық психологиялық қалыптасуын анықтайды. Б.Ф. Ломов бағыттылықты тұлғаның қоғамға беретіні жəне алатыны, оның дамуына қосатын үлесі ретінде қарастырады. В.П. Тугаринов «құндылықты бағыт» түсінігін кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған болатын. В.Н. Мясищев тұлғалық мəнін заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп анықтайды, «Билеуші қатынас» тұлғаның бағыттылығына сəйкес жəне жеке өмірінің мəні туралы сұрақпен тікелей байланысты. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар - ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне тағы басқалар өз еңбектерінде айтып өткен.
Тұлғаның құндылықтарын жəне құндылық бағдарларын зерттеуге арналған ықпалдардың негізгі ғылыми-теориялық талдауы бізге оларды əртүрлі бағыт бойынша орналастыруға шартты түрде мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларға тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның бүкіл өмірін анықтайтын тұрақты бағыттар қалыптасқан.
Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар – ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне т.б. өз еңбектерінде айтып өткен. Публицистикалық жəне көркем əдебиет бейнелері əлеуметтік зерттеулерде ең маңызды құндылықтардың тасушысы ретінде қолданылады. Дəл осылар мінез-құлықтың идеалды əдісінің, өмір сүрудің идеалды стилінің моделін ұғыну үшін үлгіні елестету құралы болып табылады. Бұл өте терең В.Е. Семенов жүргізген жəне соның қол астында жүргізілген эмпирикалық, əлеуметтік-психологиялық зерттеулерінде қарастырылған. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын өз уақытында В. Шубкин де айтып өткен: «Адам іс-əрекетіне зейін қойып қараған адам, оның идеалды түрдегі тырысу, қалау жəне тағы сол сияқты болып көрінетінін байқамауы мүмкін емес. Осыған орай, адам іс- əрекетінде ең жақын делдалсыз себеп ретінде материалды факторларды орталайтын идеалды факторлар болып табылады. Бұл идеалды əлемді, идеалды факторларды ғылым жəне өнермен талдау – адам мінез-құлығының заңдылықтарын түсіну үшін қажетті сілтеме болып табылады. Əлеуметтік психология өздеріне назарды аудартпауға болмас еді, себебі олар алғашында осындай бір идеалды факторлардың – тырысулар, қалаулар, қызығушылықтар, қажеттіліктер - ішінде ең болмаса біреуін сипаттауға батыл қадам қойған» [5].
Көп жағдайда құндылық бағыттарын «қажеттілік» жəне «мотив» деген ұғымдармен анықтайды. Е.И. Головахтың айтуынша, «қажеттіліктегі заттарды адам санасынан өткізе отырып, оның өмірлік құндылықтарының алғашқыларының бірі бола алады». Алайда, Д.А. Леонтьев қарама-қарсы көзқарасын ұсынды, ол «құндылықтар өзімшіл болмайды» деді. Оның айтуынша, қажеттілікке қарағанда, құндылықтар дəл сол мезетте шектеулі болмайды жəне іштей ештеңеге апармайды, тек сырттай тартады деген [6]. Яғни, орнату мен тұлғалық құндылық бағыттарын адамның кез келген əлеуметтік жағдайында қажеттіліктерін реттеп отырады.
Нарықтық-экономика психологиясының негізі – осы заман талабына сай экономикалық санының қалыптасуына байланысты. Бұл дегеніміз – адамның экономикалық шартты түрдегі іс-əрекеттері. Нарық экономикасы психолгогиясының көрінуі адам іс-əрекетінен білінеді. Мұның астарында экономикалық қарым-қатынастағы экономикалық санамен анықталатын жүріс-тұрыс жатыр, нақтырақ айтқанда нарық экономикасының белгісі болып табылатын, ақша-тауар-ақша негізінде қалыптасатын адам эмоциясы, іс-əрекеті болып табылады. Бұл нарықтық-экономика аясында адам қажеттіліктерімен, оның құндылықтарымен, яғни мұнда нарықтық пайда көзделгендіктен, қажеттіліктер де шартты болып келеді, ұсыныс сұранысқа байланысты туындайды. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктері экономикалық ойлауымен ұштастырылады.
Бүгінгі таңда нарықтық-экономикалық жүйелер өзара əрекетті. Сондықтан да қазіргі нарықтық-экономикалық жағдайда тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы ерекшеліктері жан-жақты талданып өз дəрежесінде жүзеге асуы мен қоғамдық салада зерттеу аса маңызды мəселе болып табылады. Тұлғаның құндылығы – индивидтің санасындағы қоғамдағы материалды жəне рухани құндылықтардың таңдаулы бейнесі ғана емес. Адамның киімі, оның заттары, үйі, оның отбасы, балалары, жалпы, У. Джеймс «материалды Мен» сферасына қосқанның барлығы, тұлғаның құндылықтары болуы мүмкін. Тұлғаның құндылығы сондай- ақ топтың құндылығы сияқты қоғам құндылықтарының нақтысы болып табылады, бұл нақтылық тұлғаның əлеуметтік жүйедегі позициясынан жəне оның даму деңгейіне тəуелді болып келеді.
Жеке адамдық қызығулар мен құндылықтық бағдарлаудың қальптасуы көптеген факторлардың əсері арқылы болады: қоғам, мектеп, отбасы, микроортаның жақын айналасы тағы басқалар. Тұлғаның белсенділігі тек қана танымдық, еңбек, қарым-қатынас процестерінде, əрекеттің қоғамдық саяси аясында ғана емес, сонымен бірге өзінің өнегелі мəнділіктерін өзгерту процесінде қалыптасады. Өзіне қатысты ұстаным жеке адамдардың моральдық дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Осы деңгейлерді қарастырғанда адам үшін маңызды болатын құндылықтарын, олардың шығармашылық дайындығын осы құндылықтарды алмастыру арқылы өзгертуге болады. Тек өзіңе ғана емес басқалар үшін де жауапкершілікте болу жəне осы жауапкершіліктерді алып жүре білу деңгейі, жеке адамның индивидуалды əлеуметтік дамуын бейнелейтін əлеуметтік өзін-өзі бағалау жəне əлеуметтік өзіндік сана деңгейі, өзінің қылықтарының жəне басқа адамдардың қылықтарының бағалауы арқылы берілген өнегелі мотивация деңгейі, мінез-құлык тəсілдері, жеке адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы əлеуметтік қажеттіліктеріне жəне қабілеттеріне бағыттылық деңгейі болып табылады.
Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес; индивид, тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады.
Дəл осы кезде, екінші жағынан, құндылықтар іс-əрекет пен мінез-құлықтың мотиві секілді жаңа түрде шығуы, яғни адамның əлемдегі бағдары жəне нақты бір мақсаттарға жету үшін тырысуы қатал түрде тұлғалық құрылымға кіріп кеткен құндылықтармен өзара қатынастырылады. Сондықтан, құндылықтар адам мінез-құлығы мен іс-əрекеттің мақсатымен анықталатын жағдайды көрсетеді, тырысулар объектісін «құнды» секілді қарастырады. Олар шынайы өмірде ұнамды жəне ұнамсыз жақтарын табуға жəне өзінің мақсатқа бағытталған іс-əрекетін танылған жəне күтілетін жəйттер есебінен құруға көмектеседі.
Қоғамның экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени сфераларына əсер ететін қоғамдағы кез-келген терең өзгерістер, осы өзгермелі жағдайлардың орын алуы мен ондағы адамның орны, осыған сəйкес объективті қысым тудырады жəне осы жаңа жағдайларға адамның жеке құндылықтарының өзгеруіне алып келеді. Мұндай ситуация қазіргі таңдағы өркениетті нарықты қатынастардың пайда болуымен күрделене түсті. Бұл жағдай қоғамның жəне адамның мұндай қатынастарды бағалауымен, түсінуімен байланысты болады.
Қорыта келе, құндылықтық бағдарлар қоғам өзгерістерімен шарттас болғандықтан қоғамдық жүйенің өзгеруі əлеуметтік саладағы өзгерістер жұртшылықтың санасында құндылықтық бағдарлардың жаңа жүйедегі орнығуына айтарлықтай ықпал етуде. Қазіргі таңдағы тұлғаның қалыптасуындағы, əсіресе жаңа буын қалыптасуындағы құндылықтық бағдарлар өрісінің бейтарап тұрғандығын көрсетсек болады. Бұрынғы құндылықтардан кол үзген, ал жаңа қүндылықтарды əлі де қабылдай қоймаған біздегі қазіргі буын шын мəніндегі бейтарап өрісте тұр. Сондықтан да, біздер тұлғаның бойында құндылықтық бағдарлар дамуына, қалыптасуына үлкен əсер етіп, мəн беруіміз қажет.
Сонымен, нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы өмір барысында өзгеріп, толықтырылып, жаңа түрге еніп отырады. Ол тұлғаның құндылықтық бағдарлардың əр түрлері əр жасқа байланысты сол жас ерекшелігіне сай бірінші орынға шығып отырады. Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылықтарға бағдарлануының дамуы əр түрлі, бірақ өзара байланысты процестермен катар дамып отырады. Жалпы нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылықтарға бағдарлануының қалыптасып, дамуы оның жалпы болмысының, ерік сапаларының да дамуын білдіреді.


Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың бастауында қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі халқымыздың руханилық дәстүрлерін кеңінен дамытып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда. Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа айта білген елміз [1]. Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. Жеке адам болу дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати [2]. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі — балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру» [3]. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық қызмет — әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден тұрады. Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты ерекшеліктер болып табылады. Адам дүниедегі ең басты құндылық. Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның адамгершіліктік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрып, нормалар мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттермен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кең мағынасында алсақ, құндылықтар әлемі- мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-келген құбылысқа немесе обьектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек сананың негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық санадан ерекшелігі, ол зат немесе құбылыс не болып табылады деген сұраққа жауап іздейді. Сондықтан құндылықтар адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, тұлғалық қалыптасу-деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі-де мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады. Бұл ұстанымда тұлғалық құндылықтар мен қасиеттерге қарағанда функционалдық тиімділік, пайдалылық алдыңғы қатарға шығады. Сондықтан шынайы құндылықтар мен жалған құндылықтардың аражігін аша білу, тани білу маңызды болып табылады. Шынай құндылықтар деп — адамға игілік әкелетін, оның бойында адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, бақытқа бастайтын, қоғам мен жеке адамның ілгерлей дамуына ықпал ететін құндылықтарды айтамыз. Алдамшы жалған құдылықтар, уақытша жылтырап көрінгенімен, қоғам мен жеке индивидтің дамуына пайдасын тигізбейді. Шынай құндылықтар уақыт өткен сайын жарқырай береді, сан ғасырлар өтседе өзінің мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Шынай құндылықтар өмір мектебінің дәрістері тәрізді, онда бізге дейінгі адамзаттың маңдай алды өкілдерінің рухани ізденістері, ой-толғамдары, аңсаған армандары мен күңіренген күрсіністері көрініс табады. Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді. Қазақ қоғамының өмір сүру салтында құндылықтарды жоғары бағалау, жас ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Тұлғаның рухани өлшемі адамгершілік қасиеттері мен анықталады және ол адам тұлғасының даму-деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі-де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастарға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді. Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының мәдениеті тарихында орасан үлкен орын алдған ұлы, ақын ойшыл Абай Құнанбаев. Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелдер жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның шығармаларындағы басты тақырыптарының бірі моральдық мәселелер болып табылады. Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейрімділік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, әділдік, еңбек сүйгіштік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Абай шығармашылығының негізгі өзегі — адамның адамгершілік, ар-ұяты, ақылдығы болып келеді. Жеке тұлғалардың қалыптасуында моральдық ілімдерін, олардың теориялық дейгейін айтап қана қоймай, іс жүзінде ұстанатын парыз, әділеттік, мейрімділік, адамдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және басқа моральдық принциптерді танып — білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну-индивидтенбірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті принциптердің бірі. Еркіндік адамның немесе жеке ұлттың халықтың өз мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыру. Адамның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Адамдардың дүниедегі обьективті жағдайда таңдау еркіндігі болғанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктер қатарын неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. К.Маркс «Еркіндік қажеттілігін және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланыстырады», Ф.Энгельс «Еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше ол адамның жаратысының күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі», Б.Спиноза «Ең бастысы — адамның еркіндігі оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді» деген пікірді айтады [4]. Адам рухы әрқашан өзінің себебін біліп, жоғарыға көтеріп, адамнан жоғары не бар деген сауалға тоқталуы тиіс. Сонда ғана өзін-өзі жетілдіреді. Адам жападан-жалғыз болмайды, адам қоғамда ғана толық қалыптасады және оның да өзіндік ішкі дауысы бар. Рух материалдық әлемге сәйкес келмейтін өзінше ерекшелігі бар әлем болып табылады. Ғаламда рухтың екі түрлі көрінісі болады, біріншісі барлық материалдық нысандардың, құбылыстардың (органикалық, немесе органикалық емес дене болса да) өзіндік табиғи рухы болады, яғни кез-келген материалдық денеден, оның ішінде, тіптен, табиғаттың бір бөлігі ретінде көрініс беретін адам, ағзасынан да белгілі бір табиғи қуаттың күштің әлемге тарап отыратыны белгілі. Руханилық — ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім, жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша «адамгершілік — махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі», яғни рухани тәрбие — адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі. Халықтың рухының асқақатауын, кемелдене бастағандығын оның барынша қоғамдағы рухани құндылықтарға мән беріп, маңыз беріп соларды жетілдірі, өркендету жолына түскенінен және адамаралық қатынастағы терең адамгершілік принциптерді көкке көтере бастағанын, аңғаруға болады. Нағыз қазақи рухтың сипатын рухани жетілуімізден, адамгершілік принциптерін сонау балабақшадан бастап халқымыздың діліне енгізе берудің тәсілдерін, іздеуіміз керек. Адам үшін жаудың үлкені оның өзінің бойындағы нәпсілік басылымдықтары болып табылады. Егер адам өзінің нәпсісін игеріп, оны руханилығымен көмкеріп отырса, онда оның рухы тазарады, халықтың ішкі бірлігі нығайып, адамға бауырмал бола түседі [5]. Сонымен қатар келер ұрпақтың болашағы үшін толыққанды жетілген тұлға болып қалыптасуының маңызы өте зор. Жастардың бойында ең маңызды деген моральдық нормалар, әдет-ғұрып, адамгершілік, ар-ождан, адамға ізгілік әкелетін рухани құндылықтар және адами қасиеттерге тәрбиелеу алдыңғы қатар ұрпақтың елшісінде деген ойға жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Билер сөзі. — Алматы: Қазақстан, 1996. — 237 б.
2. Дулати М. Х. Тарих-и-Рашиди. Алматы.1999.
3. С Ш Әбенбаева, А.М Құдиярова Ж.Ә . Әбиев педагогика 2003 ж.
4. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Алматы. 2001. 3 том. 398 б.
5. Нұрмұратов С.Е., Сағиқызы А. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық конференция материалдары. Алматы 2006. 176 б.
Әдебиеттер

  1. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М.: Просвещение, 1979. – 176 с.

  2. Нестеров В.Т., Иванько Л.И. Личностный потенциал работника: проблема формирования и развития. – М.: Наука, 1987. – 227 с.

  3. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. - М.,1994. – 680 с.

  4. Ломов Б.Ф. Личность как продукт и субъект общественных отношений-М.: Наука,– 603 с.

  1. Милославова И.А. Понятие и структура социальной адаптации. – Л.: Наука, 1974.- 641 с.

  2. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы, эмоции.– М.: Изд-во МГУ, 1971. – 147 с.

  3. https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/30215/

  4. https://articlekz.com/kk/article/17570





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет