Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
5Т Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық - ережесін сақтау
2.Тыныштық сәтi.
«Күннің нұры» (5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма : 21-сабақ. 84-85-беттегі Б.Әділовтің «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» мысал әңгімесін оқу.Ө.Тұрымжановтың «.Қайдан келдің, бауырсақ ?» өлеңін жаттау.
Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Еңбек адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?
|