М Мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы
үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту
Міндеттері:
-
оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
-
жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
-
мейірімділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (материалдар, дерексөздер, әдістемелік құрал)
|
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi. (Сабақтағы жағымды күйге келу)
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
|
Ескертулер
үнтаспа
|
-
Үй тапсырмасын тексеру
Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт мәтіні бойынша сұрақтар.
-
Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдірді?
-
Жарқанаттың кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде?
-
Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етті?
-
Кең дүние өзіңді қандай сезімге бөлейді?
Дәптермен жұмыс 3-тапсырма
|
оқулық, оқушы дәптері
|
-
Дәйексөз: (Жағымды ой- пікір)
Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат! Ф.Оңғарсынова
|
нақыл сөз
|
-
Оқиға айту (әңгiмелеу)
-
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?
-
Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?
|
«Табиғат үн қата алса» видео, Самопазнания kz. журналы
|
-
Мәтінмен жұмыс «Бетпақдала»
-
Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
-
Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?
|
табиғатты қорғау видеосы
|
-
Шығармашылық жұмыс /топтық жұмыс.
1 топқа: «Мейірімділік» атты кестесін толтырады.
1-бағанға –мейірімді істерді
2-бағанға–мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесі
2 топқа: «Табиғатты аялайық!» атты шағын әңгіме құрастырып жазу.
|
стикер, маркер
|
-
Топпен ән айту «Аралдан ұшқан аққулар»
|
интернет желісі
|
-
Үй тапсырмасы: «Жасыл-достарға» арнап достық тілек жазу.
|
оқушы дәптері
|
-
Соңғы тыныштық сәтi. Сабақтың қорытынды сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
Бүгінгі сабақтан алған әдемі әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.
|
|