Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан». Білім сабағының уақыты: 2015 жылғы 1 қыркүйек. Білім сабағының мақсаты: «100 нақты қадам»



Дата11.01.2017
өлшемі80,36 Kb.
Білім сабағының тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан».

Білім сабағының уақыты: 2015 жылғы 1 қыркүйек.

Білім сабағының мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу.

Білім сабағының идеологиялық және тәрбиелік мақсаты: қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.

Білім сабағының оқытушылық және дамытушылық мақсаты: балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.

2015 жылы әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы дайындалды.

Кітап – білім беру саласындағы бес институтционалды реформаны жүзеге асырудың алғашқы жобасы, Қазақстан халқының тұтастығын жете түсінуге көмектеседі, азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

Сабақтың тақырыбы дәстүрлі түрде Еліміздің идеологиясымен байланысты. Өміріндегі алғашқы сабағында Президент атынан сыйлық алған баланың еліне деген мақтаныш сезімі мен ризашылығы оянады.

Сабақтың өткізілетін кезеңдері (тақырыптық бөлімдері) Кітаптың 12 бөлімімен сәйкес келуі тиіс:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғы сөзі.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары.

  3. Еңбексүйгіштік, адалдық пен білімділік – «Мәңгілік ел» ұлттық иеясының құндылықтары.

  4. Қазақстан Республикасы картасындағы менің туған жерім.

  5. Елімнің астанасы – Астана.

  6. Туған жерімнің табиғаты.

  7. Қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті.

  8. Ғарышты игеру.

  9. Салт – дәстүрлер.

  10. Қазақ хандығына – 550 жыл.

  11. Қазақ халқының ағартушылары.

  12. Қазақстан Республикасының мейрамдары.

Сабақтың көрнекілігі:

Мультимедияда дайындалған слайдтар: қазақ елінің рәміздері, Қазақстан картасы, түсінік ағашы, мақал-мәтелдер, сұрақтар.

Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана

адамдардың сөздері жазылған плакаттар.



Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан».

Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді.

Мұғалім «Отан деген не?» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.



Мұғалім: Біздің туған жеріміз қай жер? Осы туған еліміз, жеріміз туралы, Отан туралы жыр шумақтарға кезек берейік.

Оқушы:

Әйнегі-күн, шатыры аспан,

Кең дала...Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан Республикам менің!

Оқушы:

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін.

Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан,

Қазақстан Республикам менің!

Оқушы:

Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы Қазақстанда туғаным!

О, туған жер!Тамашасың, көркемсің!

Оқушы:

Біздің Отан кең байтақ,

Көп ұлттың мекені,

Біз құшақты кең жайсақ,

Әлем сыйып кетеді.

Тату елміз табысқан,

Қазақстан бақстан.

Мұғалім: Еліміз өзінің несімен айбатты, айбырлы?

Оқушылар Қазақстан өзінің рәміздерімен айбатты екенін айтады.



Мұғалім: Қазақстан Республикасының туы туралы кім әңгімелеп береді?

Бір-екі оқушының әңгімесі тыңдалды.



Мұғалім: Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы кім әңгімелеп береді?

Бір-екі оқушының әңгімесі тыңдалды.



Мұғалім: Елтаңба, Ту туралы қандай жыр шумақтарын төгер едіңдіер?

Оқушы:

Қазақстан туы

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,-

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті-алтын күн,

Асқақ арман-қыраны,

Жалауы бұл –халқымның

Мәртебесі туы ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым.



Оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт,әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған...

Билігім - өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам.



Мұғалім: Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас,- деп біз бәріміз Отанымызды мақтан етеміз. Ендеше туған жеріміз, еліміз туралы жыр шумақтарына тағы бір кезек берейік.



Оқушы:

Сенің суың ішкенім,

Сенің ауаң жұтқаным.

Сенің мақсат тұтқаным,-

Менің мақсат тұтқаным.

Оқушы:

Сенің жауың –маған жау,

Сенің досың-маған дос.

Сені ойламай,япыр-ау

Өткен күннің бәрі бос».

Алтын Отан алқызыл

Саған келсін құт келсе!»

Оқушы:

Жүрегім!-деп білемін Отанымды

Отанымды, көк жайлау отарымды.

Мақтан етем халқымның құдіретін,

Ардақ еткен кең жауырын, жоталы ұлды.

Оқушы:

Отан-өмір!

Өмірім-менің сенсің!

Тіршілікте осы ғой бар білерім.

Отанымның ауасы тазалығын,

Оң көзімнің нұрлымен тең көремін.



Мұғалім:

Мақал-мәтел: «Өзін-өзі білген ер бақытты,

Өзін-өзі билеген ел бақытты». Осы мақалдың мағынасын кім ашып береді?

Бір-екі оқушы мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін айтып, тәуелсіз ел бақытты болатынын айтып береді.



Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.

  • еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?

  • еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?

  • қашан Қ.Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ.Р.заңына қол қойылды?

  • Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?

  • Қазақстан теңгесі дүниеге қашан келді? Оқушылар әр сұраққа жауап беріп отырады.

Мақал-мәтел: « Ел үмітін ер ақтар

Ер атағын ел сақтар». Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар Қазақстанның атын шығарып, қазақ елін шет елдерге таныстырып, білдіріп жүрген президентіміз Н.Назарбаев туралы және көптеген ақын-жазушыларымыз, ғалым, ғарышкер ағаларымыз туралы айтып береді.



Мұғалім: Ал қазір Отан туралы тағы қандай мақал-мәтелдер және дана адамдардың сөздерін білесіңдер? Соны айтып берсеңдер.

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ



Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.
Каталог: uploads -> doc -> 03d8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03d8 -> География пәні тест жұмысы
03d8 -> Сайыстың кезеңдері
03d8 -> Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -тәуелсіздік» Мақсаты
03d8 -> Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы.Қосымша мүмкіндіктері. Бағдарламалық оетс, Windows ож


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу