Сабақтың мақсаты:Ұлы ақын А. Құнанбаев туралы мағлұматтар алу, өлеңнің негізгі идеясын түсіну.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.
Сын тұрғысынан оқу мен жазуды қалыптастыру.
Көрнекі, техникалық құралдар: белсенді тақта,үлестірмелі материалдар,суреттер
«Арналы бұлақ – асыл сөз» бөлімін «үзінді» ойыны арқылы тиянақтау.
1. Сары бидің Сырым шешенге айтқан 6 өсиеті қандай?
2. Бала бидің сұрағына Сырымның берген жауабы қандай?
Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не?
3. Екі елдің басшылары шабындыққа таласады, сондағы Күдерінің айтқан төрелігі қандай?
4. Жеті байлық дегеніміз не?
5. Атымтайдың кейінгі ұрпаққа айтқан 4 ақылы қандай?
6. Сөз мәйегі не?Неліктен олай дейміз?
7. Қожанасыр қандай адам?
8. Алдар Көсе кім?
9.Өтірік өлеңдерді халық не үшін шығарған деп ойлайсың?
(Тақтада сабақтың тақырыбы шығады)
-Балалар, бүгінгі сабақтан нені үйренеміз деп ойлайсыңдар?
Топтастыру. - Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, кім қандай ойда отыр?Қанекей терезеге қарап көрейікші,енді осы күзгі табигат қандай болатынын топтастыру арқылы жазайық.
Күз ↓
сары жапырақ
астық
тұман
молшылық
құстар қайтады
сабақ басталды
жемістер піседі
күн суытады
V. Ой қозғау А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? ↓
Аудармашы, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, дана
Слайд көрсету - Ал енді балалар А. Құнанбаевтың « Күз» өлеңін іштей оқып,түсініксіз сөздерді қарындашпен түртіп қояйық.
Сөздік жұмыс. Ыс – түтіннің күйесі.
Құрысын заңы - әдеті құрысын.
Күзеу – күзгі жайылым.
Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.
Жайлау – малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу – көктемде көшіп шығатын аймақ.
Өлеңді бірге сыбырлап,естілетін дауыспен оқыту, Сұрақтар.
1. Күз өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
2. Қураған ағашты неге теңеген?Неліктен?
3. Күзеу туралы не айтылған?
4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз не?
Мұғалім өлеңді оқиды
түсініксіз сөздерді түсіндіреді
Ауызша талдау
Түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.
8 мин
VI.Ой толғау 1 – топ. Өлең жазу.
2 – топ. Эссе жазу.
3 – топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру.)
Мұғалім бағыт-бағдар береді, түсіндіреді
Тапсырмаларды орындайды.
Бір-бірін бағалайды.
1мин
Сергіту сәті «Жел соқты».
8 мин
Өлеңді іштей оқып, сұрақ бойынша тауып оқу.
1. Күз өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
2. Қураған ағашты неге теңеген?
3. Күзеу туралы не айтылған?
4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз не?
- Күз жыл мезгілінің сүреңсіз суық мезгілі болса да, байлық, молшылық мезгілі. Күздің бізге берері мол. Сондықтан Абай атамыздан басқа да
С. Торайғыров, М. Әлімбаев, Т. Жароков т. б ақындарымыз к үз мезгілі туралы өлеңдер жазған.
Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушылардың жұмыс нәтижесіне қарай бағалайық.
Бағалау.
Өлеңді іштей оқып, сұрақ бойынша
тауып оқу
Бір-бірін бағалайды.
3 мин.
VII. Үй тапсырмасыӨлеңді оқып, жаттау. Жыл мезгілдері туралы мақал – мәтелдер жинақтау.
- Ағашымыз өлеңдегі шал - кемпірдей түсі кетіп тұр. Сондықтан, тілегімізді жазып, жайнатып жіберейік.