1. жалпы мәліметтер



бет1/9
Дата09.09.2024
өлшемі0,56 Mb.
#203980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары



1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Есназарова Ғалия Лайыққызы, химия ғылымдарының кандидаты, химия және химиялық технология кафедрасының доценті, galiya_laiyk@mail.ru, ID номері 4965840314


Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары пәнінде химияның теориялық негіздерін қамтитын тараулар: химиялық реакция жүру заңдылықтары, термохимия, химиялық байланыс, химиялық реакция жылдамдығы, химиялық кинетика, ерітінділер, электролит ерітінділері қарастырылады.
Оқыту мақсаты: Химияның негізгі тарауларындағы теориялық сұрақтарды химияның қазіргі даму деңгейіндегі мәселелермен ұштастыра отырып, ғылыми-педагогикалық тәжірибесі қалыптасқан білікті маман дайындау.
Пәнді оқыту нәтижелері
1. Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары курсын оқу барысында магистранттар бакалавриат деңгейінде қалыптасқан түсініктер мен ұғымдарды негізге алады.
2. Жоспарланған курста қамтылған сұрақтарды оқу барысында магистранттар реакциялардың энергетикалық сипаттамалары, жүйеде орнайтын химиялық тепе-теңдік, дисперстік жүйелер қасиеттері, электролиттер қасиеттері жөнідегі білімдерін қолданады.
3. Химиялық процестердің өз еркімен жүру шарттарын, химиялық реакциялардың қайтымды, қайтымсыз болу шарттарын және тепе-теңдік күйге әсер ететін факторларға байланысты реакция бағытының өзгеру жағдайларын жіктей алады
4. Магистранттардың өзіндік жұмысына берілген тақырыптар бойынша, әдістемелік нұсқаулар көмегімен тақырыптың мазмұнын ашып, баяндай алады.
5. Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары курсы бойынша алған білімдерін химиялық реакциялар жүру жағдайлары, зат қасиеттері жөнінде нақты тұжырымдар жасап, қорытындылау кезінде қолдана алады.


Прекреквизиттер: бакалавриат пәндері
Постреквизиттер: химияны оқытудың қазіргі технологиясы, мектепте химиядан инклюзивті білім беру, химия-экологиялық зерттеулердің эксперименттік әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет