ббк 63 Д87 редакциялық алқА



Дата26.06.2018
өлшемі1,12 Mb.
#44785
УДК 93/94(063)

ББК 63

Д87


РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Абдибеков У.С. – А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, профессор; М.Куталмыш – І-вице-президент, доктор, профессор; Ахметов Б.Б. – Оқу-әдістемелік істер жөніндегі вице-президент, доцент; Раимбердиев Т.П. – Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор; Балтабаева А.Ю. – Ғылым және инновация департаментінің директоры филос.ғ.к., профессор; Төлегенов Е.Е. – Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы; Базарбаев Қ.К. - Тарих кафедрасының меңгерушісі, доцент; Зұлпыхарова Э.Ө. - Тарих кафедрасының доценті; Динашева Л.С. - Тарих кафедрасының доценті; Тастанбеков М.М: - Тарих кафедрасының доценті; Әбсеметова М. – Кітапхана директоры.




Д87

«Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 1-ТОМ, 2017, 309 бет.



ISBN 978 601-243-581-8

Бұл ғылыми жинақта 2017 жылдың 31 наурыз күні Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары ұсынылады.


© А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2017



МӘҢГІЛІК ЕЛЕЛБАСЫНЫҢ САЯСАТЫ

ЕРКИБАЕВА Г.Г. п.ғ.д., професссор

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«, - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны деуге болады. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы — қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының ішінде біздің баяндама тақырыбы мына шеңбер аясында қарастырылады: Қазақстан-2050 стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты, соның ішінде Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.

Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.

Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті.

Оның себебі, жігіт пен қыз балаға дұрыс тәрбие бермеу. Статистикаға сүйенсек, Қазақстан ажырасудан әлемде 4 орнында тұрады екен. 2014 жылғы 160 000 некенің 30 пайызы бұзылды. Ажырасқан жастар арада қалған балаларды ойлады ма? Неге балаларымыз қатігез, мейрімсіз болып жатыр? Оның себебі – ажырасуда. Осы жайтті тоқтатуымыз керек. Ол үлкендердің қолында, әсіресе, ұстаздардың.Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек.

Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.


Қорытынды

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

МӘҢГІЛІК ЕЛҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

ЖОЛСЕЙТОВА МАҒРИПА АЖМАХАНҚЫЗЫ

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Тарих» кафедрасының профессор м.а.


Астанадағы асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасы әр адамды түпкі тарихын білуге жетелеп, өз Отанына деген махаббат сезімімен рухтандырады. Бұның себебі

де бар. «Мәңгілік Ел» атауы қасиетті мағынаға ие, өйткені ол біздің тарихымызды толық қамтып мөлдір бұлақ сияқты алғашқы түптамыры сонау өткен уақытқа кетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17.01.2014 ж.) Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы ретінде көне түркілерден бастау алатын «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. «Мәңгілік Ел» идеясын бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық тәрбиенің өзегіне айналдыруды, ынтымақтастықты нығайтудың түп-қазығы болып табылатын жалпытүркілік идеяның мән-маңызын жан-жақты түсіндіруді талап етеді.

«Мәңгілік Ел» идеясы бұл – ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ, сонымен қатар патриоттық терең сезімді, тәуелсіз біздің Отанымыз Қазақстанның гүлденуі мен нығаюын көрсетеді. «Мәңгілік Ел» - бұл қазақ және Қазақстан халқының, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өткен тарихы, тәжірибе жолы.

Тарих ғылымының негізгі ұстанымы – ол бүгінгі уақытты түсініп және болашақты болжау үшін, өткенді білу қажет. Егер адам алдыңғы ұрпақтардан жинақталған әлеуметтік - мәдени тәжірибенің мәнін терең түсінетін болса, оның өмірлік және азаматтық принциптері айқын анықталар еді. Тарихи ғылым адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етіп, және ондағы гуманитарлық мұраттарды тәрбиелеуге әсер етеді.

Тарих өткен шақпен, адамның жадымен, әлеуметтік санамен байланысты болғандықтан, тарихи сананы төл тарихты оқып, зерттеу арқылы жандандыруға болады.

Ұлт көшбасшысы «Қазақстан-2050» жолдауындағы «Мәңгілік ел» ұғымының философиялық-саяси негізі өзінің бастауын сақтар, ғұндар, көне түркілер, Шыңғыс хан империясының, Алтын Орда мемлекетінің уақытынан басталады, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанға ата – бабадан мұраға қалған деп атап көрсетеді. Осы идеяға қызмет ету барлық уақыттарда біздің жерімізді басқыншылардан сақтап қалуға көмектесті және бұл байланыс уақыт пен тарихта үзілмеуі тиіс. Өйткені, Президент Жолдауында аталғандай, «біз тек қана бүгінгі табыстармен болашақ ұрпақтың жарқын келешегімен батыр бабаларымыздың әрекеттері арасындағы сабақтастықты сақтай отырып қана, біз «Мәңгілік ел» бола аламыз».

Мәңгілік ел дегеніміз – елдің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп бере отырып, өзіндік мықты саясатын ұстану деп түсінуге болады. «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...». Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды.

Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол

замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М.Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйінін аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.

Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнту - әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.

XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.

550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі дамыған Қазақстан. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiліктi нығайту, этникалық аумақты қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату, бәсекеге төтеп беруді құрады. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси және аумақтық тұтастығынан айырылды. Төл мемлекеттiң болмауымен қоса бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң жоқтығы да жалпыұлттық идеяның өрiсiн тарылтты, жолын кестi.

Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен

қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны, ол – өз елiндегi, өз жерiндегi біраз қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. ХІХ ғасырда Махамбет пен Баймағамбет сұлтанның, Кенесары мен Қоңырқұлжаның, ХХ ғасыр басында Сәкен мен Мағжанның, Әлiби мен Әлиханның ұстанған ұлттық мұраты барша қазаққа ортақ едi. Иә, бұлар әрiсi – туған халқына, берiсi – соңынан ерген пікірлес қауымға қызмет еткiсi келдi. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен тапса, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Мiржақыптар Алаш автономиясынан, Шоқай тұтас Түркiстанды құрудан, Әлiби, Сәкендер таптық күрес ілімін олжалады.

Ұлттық идея мәні М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Ұлы даланы қозғалысқа әкелген «Оян, қазақ!» идеясы мақсат-мұратына жетіп, 1917 жылдың жазынан орнын «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясы басты. Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейханов, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бірігуге, мақсатты әрекетке, бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарих ғылымының ең басты ұстанымы – бүгінгі күнді түсіну мен болашақты болжау үшін тарихты білген жөн. Егер адамдар ата-бабамыздың жинаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің мәнін терең түсінетін болса, оның өмірлік және азаматтық қағидасы айқын анықталады. Тарих ғылымы адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкiндiк туғызады және гуманитарлық идеалдарды жетілдіруге әсер етедi. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның тарихы мен болашағын мақтан тұтуға, патриотизм сезімін тудыра отырып, қалыптастырады. Өз жолында кездескенді жалмаған және иесіздендірген бүгінгі жаһандану заманында «Мәңгілік ел» идеясы біздің ежелгі түркі дүниетанымыздың – тұрмысымыздың, көшпелі өркениет негіздерінің жаңаруының, алдыңғы қатарлы, қуатты мемлекеттің өркендеуінің кепілі.

Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ. Бұл бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасына айналуы тиіс.

Мәңгілік Елдің өміршеңдігі осы ұстанымдар арқылы қалыптасатын мінез-құлықты болашақты құрушы ұрпақтың бойына сіңдіре алумен тығыз байланысты. Біртұтас ел болу мұраты жолында ой толғап, артына аталы сөз қалдырған мұраларды жүйелі түрде сатылы әрі сабақтастықта оқыту.

Тоныкөк абыздың «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» болу деген ұлағатты сөзі бар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осынау бір аумалы-төкпелі заманда далиған Еуразия кеңістігіндегі геосаяси текетірестер арасынан тәуелсіздікті баянды етудің сан түрлі амалдарын жасап, соның бір бағыты ретінде ақырындап «Түрік бірлігі» идеясын көтерді. Оны нақты тарихи

қадамдар арқылы нығайтуда. Ол қадамдардың бірі - біздің университетіміздің, Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметін атап өтуге болады.

ХХІ ғасырда түркі елдерінің ынтымақтастығы мен рухани-мәдени ықпалдастығын тереңдету түркі халықтарының ұлттық идеясын нығайту мәселесімен ұштасатын жалпытүркілік проблемалар қатарынан орын алады.

Қазақстан Республикасының ұлттық мұраты «Мәңгілік Ел» идеясының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған іс-шараларды кеңінен жүргізу қолға алынуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 5-саммитінде: «Түркі әлемінің білім кеңістігін қалыптастыру ісін жеделдету мақсатында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін түркі дүниесінің ортақ оқу орнына айналдыру қажеттігін» атап өткен еді. Сонымен қатар үстіміздегі жылы ежелгі Түркістан қаласына - түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі берілуі еліміз үшін, біз үшін зор мақтаныш.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Жалпы адамзат өркениетіндегі “түркі феноменінің” тұғырын бекітуге, тарихи тамыры бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастығы мен ықпалдастығын арттырудың тілдік негіздерін ұрпақ санасына сіңіруге, ҚР ұлттық мұраты ұлттық мұраты – «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттауға бағыттап қызмет жасау – басты міндетіміз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Астана, 17 қаңтар 2014.

2. «Mangi el». Халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журнал, -Алматы, «Pride Print», баспасы, 2013. -108 бет.

3. Сүлейменова М.Ж. «Мәңгілік ел» ұғымының тарихи аспектілері. Қарағанды, 2015.

4. Жолсейтова М.А.Мәңгілік ел – болашақтың бағдары. //«Өзбекәлі Жәнібеков оқулары 2014» атты Ү республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Түркістан, 5 наурыз, 2014, 123-124 бб.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

СЫЗДЫҚОВА Г.М. - ф.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси - экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан



МАЗМҰНЫ:
ЕРКИБАЕВА Г.Г.

Мәңгілік ел – елбасының саясаты .........................................................................2



ЖОЛСЕЙТОВА МАҒРИПА АЖМАХАНҚЫЗЫ

Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы ...........................................................6



СЫЗДЫҚОВА Г.М.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы діни ұйымдардың даму тенденциялары ......................................................................................................10



РЫСБАЕВА С. Ж., НҰРПЕЙІСОВА Д.С.

Қазақстандық патриотизм және Мәңгілік ел идеясы ........................................16



РЫСБАЕВА С. Ж., АШИРОВА Ж.У.

Мәңгілік ел идеясы – ұлттық бірлік пен тұрақтылық кепілі ............................21



БООБЕК УУЛУ БОЛОТ

Кыргыздардагы жылкы жана жылкычылыкка байланыштуу каада-салттар..25



ОМИРЗАКОВА ДИНАРА ДУЙСЕНБЕКОВНА

Мәңгілік ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.....................................................................................................................30



ТУЛЕНОВА ГУЛЬНАР ДАУЛЕНОВНА

Ежелгі түркі дүниетануы және «Мәнгілік ел» идеясы .....................................33



БАЯРИСОВ РЕЖЕП УРАЗБАЕВИЧ

«Мәңгілік ел» идеясы және қазақстанның болашағы .......................................37



ОМИРЗАКОВА ДИНАРА ДУЙСЕНБЕКОВНА

Мәңгілік ел – біздің біріктіруші күшіміз ...........................................................43



ЕМЕНОВА Г.Б.

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуындағы Е.Бекмаханов еңбектерінің ролі ..........................................................................45



ЕМЕНОВА Г.Б.

Уақыт өлшемдері арқылы тарихи жыл санауды түсіндірудің әдістемесі .......51



АУСАГАТОВА ГАЛИЯ ҚАБЫЛБЕКОВНА

«Мәңгілік елдің» басты кепілі де, тәуелсіздіктің тұғыры ................................54



МЫРЗАБЕКОВ ЖАМБЫЛ, АЙМАМБЕТОВА ШОЛПАН

«Мәңгілік ел» – ұлт мұраты .................................................................................58



М.М.ТАСТАНБЕКОВ, Л.С.ДИНАШЕВА

Нәзір Төреқұловтың латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы ұстанымдары...62



Қ.Қ.БАЗАРБАЕВ, Г.ОСПАНОВА

Отарлық билікке қарсы ұлт-азаттық күрес тарихындағы ұлттық саяси ұйымдар .................................................................................................................67



Л.С.ДИНАШЕВА, М.М.ТАСТАНБЕКОВ

1985-1991 жылдардағы Түркістан қаласы инфрақұрылымының дамуы.........74



РУСТАМБЕКОВА МУХАББАТ ЕРУБАЙҚЫЗЫ

Сәкен Сейфуллин шығармашылығындағы түрікшілдік мұраттар ..................77



РАШИД ИБРАГИМҰЛЫ ТӘЖІБАЕВ

Ресейге қарсы жүйелі шабуылдың саяси астары................................................81









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет