Ресми ісқағаздарды сауатты жүргізу
Мемлекеттік қызметшілерге әдістемелік көмек
МАЗМҰНЫ
Ресми ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің заңнамалық негіздері.................................................
Ресми ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің бағдарламалық негізгі ..............................................
Ресми ісқағаздарды сауатты жазудың лингвистикалық негіздері…………………………..
Мекемелерде (ұйымдарда, кәсіпорындарда) құжаттардың талаптарға сәйкес толтырылуы бойынша нұсқаулық...................................................................
Атаулардың, кейбір сөздердің, даталардың, т.б. жазылу ерекшеліктері.........................................................................................
|
|
Тасымалдарды, дефистерді, сан есімдерді, физикалық шамаларды, белгілерді, қысқарған сөздерді, т.б. қолдану ерекшеліктері..........................................................................................
|
|
Құжаттарда жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері..............
|
Сұрақ: Мемлкеттік қызметшінің ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуіне заңнамалық негіз болатын қандай құжаттар бар?
Жауап: Олар ҚР Конституциясы, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңы, Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының заңы және басқа да нормативтік құқықтық құжаттар.
Ресми ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің заңнамалық негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
8-бап. Тiлдердiң қолданылуы
Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Құқықтық актілер туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ.
23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы
1. Құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлiк, тармақша, тармақ және бап нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементтері болып табылады.
Нормативтiк құқықтық акт бабының, тармағы мен тармақшасының iшiнде бөлiк – қисынды аяқталған, абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлген, бас әрiптен басталатын құқықтың жеке нормасы болуы мүмкiн. Егер тармақшада бірнеше бөлік болса, тармақшаның бірінші бөлігі кіші әріптен басталады.
Бөлiктiң бас әрiппен басталатын бiрiншi абзацын қоспағанда, мәтiннiң кiшi әрiптен басталатын, бiрiншi жолда абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлетiн және мағыналық біртұтастықты білдіретін бөлiгi абзац деп есептеледі. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелi үтiрмен аяқталады.
Заңнамалық актiлер, әдетте, "бап" деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлiктi, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкiн.
Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауында "тармақ" деген сөз жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөлiктердi, абзацтарды қамтуы мүмкiн.
2. Көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін.
Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше "тарау", "параграф", "бөлім", "кiшi бөлiм" деген сөздермен белгiленедi.
3. Кодекс, әдетте, атауында "бөлiк" деген сөз жазылмайтын бөлiктерге бөлiнетiн баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмiрленедi.
4. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кiшi бөлiмi және бөлiмi араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық акт баптарының, тарауларының, бөлiмдерiнің және бөлiктерiнің нөмiрленуі тұтас болып табылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмірленуі және әрбiр бөлiміндегi кiшi бөлiмдердің нөмірленуі дербес болып табылады.
5. Нормативтік құқықтық актілердің тармақтарындағы (баптарындағы) тармақшаларының, баптарындағы тармақтардың, сондай-ақ жекелеген кодекстер баптарындағы бөліктердің нөмірленуі әрбір бап үшін дербес болады. Тармақтардағы тармақшалардың нөмiрленуi араб цифрларымен жақша арқылы мынадай түрде белгiленедi: 1), 2), 3) және одан әрi қарай.
6. Заңды қабылдау мақсаттарына және оның алдында тұрған негiзгi мiндеттерге түсiндiрме беру қажет болған жағдайларда, құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiк (кiрiспе) беріледі.
Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заң жобаларында жазылмайды.
7. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болғанда, онда олардың мәніне түсiндiрме беретiн бап (тармақ) болады. Қазақ тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады. Орыс тiлiндегi нормативтiк құқықтық актiдегi терминдер мен анықтамалар қазақ тiлiнде жазылған ретке сәйкес болуға тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
8. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементі тиiстi нұсқауларды нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде құқық нормасының мәніне нұқсан келтiрмей жазу мүмкiн болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкiн.
9. Пайдалануға ыңғайлы болу үшiн нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабының, тарауының, бөлiмiнің, бөлiгiнің, сондай-ақ тарауының параграфы мен бөлiмінiң кiшi бөлiмiнiң тақырыптары болуға тиiс.
Бұл талап республикалық бюджет туралы заңға және заңнамалық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңнамалық актiлердiң баптарына қолданылмайды.
Нормативтiк құқықтық акт бөлiктерiнiң, бөлiмдерiнiң, кiшi бөлiмдерiнiң, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтiннен – екi, ал келесi мәтiннен бiр жоларалық интервалмен бөлiнедi.
Нормативтік құқықтық актінің, оның бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының тақырыбы нормативтік құқықтық актінің өзінің, сондай-ақ тиісті бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының реттеу нысанасын көрсетуге тиіс.
10. Кодекстiң құрылымына мазмұн кiредi. Баптың тақырыбына өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізген кезде, сондай-ақ кодексті баптармен толықтырған немесе кодекстен баптарды алып тастаған кезде мазмұнға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет.
11. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.
24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi, функциялары мен мiндеттерi нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк рәсiмдер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк басқару деңгейi бойынша аражiгi нақты ажыратылып белгiленуге тиiс.
Мемлекеттiк органдардың типтiк функцияларын айқындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi бiрыңғай қарiппен басылуға тиiс.
3. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылады, оның ережелерi барынша қысқа болуға, нақты мағынаны және әртүрлi түсiндiруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиiс. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде мағыналық және құқықтық жүктемесi жоқ декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға тиiс.
Ескірген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементінде жазылған құқық нормасы нақ осы актiнiң басқа құрылымдық элементтерiнде қайталап жазылмайды.
Қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс.
4. Заңнамалық актіде құқықтық реттеудің негізгі қағидаттары, оның мәтінінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар, заңнамалық акт күшіне енгеннен кейін өзге нормативтік құқықтық актілердің қолданылу тәртібі мен шарттары белгіленуі мүмкін.
Заңнамалық актінің өтпелі ережелерінде ол қолданысқа енгізілгенге дейін қатынастарды реттеу тәртібі көрсетіледі, жаңа құқық нормаларына ауысу мерзімдері мен тәсілдері белгіленеді.
Заңнамалық актінің қорытынды ережелерінде осы актіні қолданысқа енгізу туралы, бұрын шығарылған актінің күші жойылды деп тану туралы, оның күшін жою туралы нормалар бекітіледі. Осы актіні орындау және дамыту мақсатында қажет болғанда басқа да мемлекеттік органдардың актілерді шығаруы туралы талаптар белгіленеді.
Осы тармақта белгіленген талаптар Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулыларына қолданылмайды.
5. Нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар мемлекеттік органдарға не қажет болғанда олардың басшыларына жолдануға тиіс.
Тапсырма беруші тұлғаға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты, нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Соңғы жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін "(келісім бойынша)" деген белгі көрсетіледі.
6. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атаулары ресми атауына сәйкес толық және бүкіл мәтін бойынша бірізді жазылады.
Нормативтік құқықтық акт мәтінінің қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық акт мәтінінің өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі.
7. Нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде абзацтарды сызықшалармен немесе өзге де белгілермен белгілеуге, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бөліп көрсетуге және астын сызуға жол берілмейді.
Бұлармен бірге мына нормативтік құқықытық құжаттарды да білген жөн:
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9268 тіркел
Ресми ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізудің бағдарламалық негізгі
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
Үшінші бағыт
Қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің деңгейін арттыру
Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті»
Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
Аталған бағытты іске асыру, ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз етуді көздейді.
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізуді, қоғамдық пікірді есепке алуды, шешімдерді қабылдау үдерісіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тартуды болжамдайды.
Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны пысықтау, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу қажет.
Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.
Терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндеттер айрықша өзекті мәселе болып саналады.
Қажетті шаралар қатарына қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жатады.
Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, халықаралық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жүргізу жағдайында жүруге тиіс.
Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Сонымен қатар, салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құру мен қазақ терминологиясының жалпы қорын жасау және веб-сайттар мен порталдарға орналастыру қажет.
Үздіксіз тілдік өзгерістер үдерісін тіркеп отыратын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттілігі де өзекті мәселе болып табылады.
Ұсынылып отырған жүйенің шешуші құрамдас бөліктерінің бірі тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту болуы тиіс.
Осы жұмыс шеңберінде құқықтық олқылықтарды жою және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.
Қажетті шаралар қатарына көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі әдеби қазақ тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту жатады.
2. Тіл мәдениетін жетілдіру
Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі тіл мәдениетін дамыту болуы тиіс.
Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.
Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты көтеруге конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру мен өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.
Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электронды тілдік қызметті одан әрі дамыту және элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларына оқыту жүйесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі - тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің сөзсіз өзегі. Қажетті шаралар қатарына - жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып, мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жатады.
Ресми ісқағаздарды сауатты жазудың лингвистикалық негіздері
Қазақ әдеби тілі көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ресми-іскери стиль, ауызекі сөйлеу стилі сияқты 5 стильдік тармақтан тұрады. Осы стильдерідің барлығында да жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылғанмен, әр стильдің өзіне тән ерекшеліктері бар. Стиль деген қалыптасқан тілдік құралдар жүйесі болғандықтан, сол жүйені жақсы біліп, тілдік құралдарды дұрыс пайдалана алған адам сауатты жазу деңгейіне жетеді. Сондықтан мемлкеттік қызметі ең алдымен, ресми-іскери стильдің жалпы сипатын, негізгі ерекшеліктерін, осы функционалдық стиль шеңберінде жиі қолданылатын терминдерді, сөздерді, сөз тіркестері мен сөз оралымдарын жақсы білуге тиіс. Ісқағаздардың барлық түрлеріне қойылатын негізгі талаптар осы стильдің ерекшелігіне байланысты туындайды.
Сұрақ: Ресми стильдің негізгі ерекшелігі, басты белгілері қандай?
Жауап:
Ісқағаздардың барлық түрлеріне тән ресми-іскери стильдің жалпы, ортақ сипаты мыналар:
1. Әр ісқағазының қалыптасқан үлгісі қатаң сақталып, баяндау арқылы жазылады. Сондай-ақ дайын шаблон түріндегі құжат үлгілері пайдаланылады.
2. Іқағаз мәтінінің өзіне тән лексикасы, терминдер жүйесі, тұрақты түрде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, дайын оралымдары болады. Әсіресе, қоғамдық-cаяси лексика, әкімшілік-басқару жүйесіне тән терминдер мен қысқарған атаулар жиі қолданылады.
3. Құқықтық норма мен ойдың логикалық жүйелілігін сақтауға баса аназар аударылады. Сол себепті сөйлемдер қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасалған күрделі құрылымды сөйлемдер жиі пайдаланылады.
4. Ісқағаздарының басым көпшілігінде [құттықтау, мараптаттаулардан өзге] экспрессивтік, эмоционалды бояуы бар мақал-мәтелдер, теңеулер мен метофоралар, нақыл сөздер мен астарлы сөздер сияқты тілдік бірліктер қолданылмайды.
Сұрақ: Ресми ісқағазадардың қандай негізгі түрлері бар?
Жауап: Ресми ісқағазадардың түрлері өте көп. Олардың негізгілері мыналар: анықтама, арыз, бұйрық, еңбек келісімі, еңбек шарты, жеделхат, жеке іс парағы, келісімшарт, кепілхат, қолдаухат, қолхат, қызметтік хат, мінездеме, нұсқаулық, өмірбаян, өтінім, өтініш, сенімхат, тапсырысхат, телефонхат, түйіндеме, хаттама, шарт және т.б.
Сұрақ: Ресми ісқағаздар түрлері іштей жіктеле ме?
Жауап: Иә, ісқағаздарын жазылу мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, дайындалу кезеңі мен сатысына, атқаратын қызметі мен формасына қарай топтастырылады.
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар іштей ұйымдық, өкілеттік және анықтама-ақпараттық болып үшке бөлінеді.
Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар, басқарау аппартық құрылымы, құрамы, мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, штат кестесі, ішкі жүйе тәртібі құрылымдық бөлімшелер жағдайы, міндеттер, ереже, нұсқаулық т.б. құжаттар жатады.
Өкілеттік құжаттарға бұйрықтар мен нұсқаулар жата. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлетік жетекшісі қол қояды.
Анықтама-ақпараттық құжаттарға хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама және т.б. қызметтік хаттар жатады.
Ісқағазадары формасына қарай типтік, трафареттік және еркін мәтінді болып бөлінеді. Типтік ісқағаздар деп қалыптасқан үлгі-мәтін бойынша жазылатын арыз, өтініш т.б. айтамыз. Трафареттік ісқағазадар деген мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын-ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттар.
Еркін мәтінді ісқағазадарына қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады.
Сондай-ақ ісқағаздар жасалу деңгейіне қарай түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Ке келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы [оригинал] жатады.
Қазіргі ісқағаздардың көпшілігі орысша дайындалып, содан кейін қазақшаға аударылатындықтан және теңтүпнұсқалылықты сақтау басты талап болып саналатындықтан орыс тілінің сөйлем үлгісімен құрылған сөйлемдер жиі ұшырасады.
Более того – бұдан бөлек
Вместе с тем – 1. оған қоса ; 2. сонымен қоса
В свою очередь – Өз кезегінде
В связи с изложенным – баяндалғандарға байланысты
В то же время – Сонымен бірге
В частности – Атап айтқанда
В целом – 1. Жалпы алғанда; 2. Тұтастай алғанда.
В этой связи – 1. Осыған байланысты; 2. Осыға орай
Как он отмечает– Оның атап өтуінше
Как отмечает – атап өтуінше
Корме того – 1.Оған қоса; 2. Оның үстіне; 3. Сонымен бірге.
Кроме этого – бұдан басқа
Между тем – Сонымен қатар
Наряду с этим – Сонымен қатар
При этом – Бұл ретте
Соответственно – тиісінше
Таким образом – Осылайша
Учитывая изложенное – Баяндалғанды ескере отырып
Мысалдар:
Вместе с тем, как показывает опыт других стран, столкнувшихся с кризисом потребительского кредитования, основной зоной повышенного риска является значительный уровень и низкое качество необеспеченных (беззалоговых) потребительских кредитов.
Оған қоса, тұтынушылық кредиттеу дағдарысына ұшыраған басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қамтамасыз етілмеген (кепілсіз) тұтынушылық кредиттердің елеулі деңгейі және төмен сапасы жоғары тәуекелдің негізіг аймағы болып табылады.
В свою очередь, в структуре портфеля розничных займов, выданных отечественными банками, значительную долю (68%) занимают необеспеченные кредиты.
Өз кезегінде, отандық банктер берген бөлшек қарыздар портфелінің құрылымында айтарлықтай үлесті қамтамасыз етілмеген кредиттер (68%) алады.
Таким образом, анализ ситуации в сегменте потребительского кредитования показывает, что риски, связанные с данным направлением банковского бизнеса, на текущем этапе остаются умеренными.
Осылайша, тұтынушылық кредиттеу сегментіндегі ахуалға жасалған талдау банктік бизнестің осы бағытпен байланысты тәуекелдері ағымдағы кезеңде қалыпты болып отырғанын көрсетеді.
Наряду с этим, ведется работа по разработке проекта нормативного правового акта Республики Казахстан, которым будут введены требования по заполнению и подписанию заемщиком – физическим лицом анкеты для оценки его платежеспособности, по обязательной выдаче вместе с подписанным сторонами договором банковского займа памятки, содержащей сумму выданного займа, размеры ставки вознаграждения, годовой эффективной ставки вознаграждения, штрафных санкций за несвоевременное исполнение обязательств, даты и суммы погашения займа, а также разрабатывается проект типового договора банковского займа.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, онда жеке тұлға-қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау үшін сауалнаманы толтыру және оған қол қою бойынша, берілген қарыздың сомасы, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі, міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін айыппұл санкциялары, қарызды өтеу күні мен сомасы көрсетілген жадынаманы міндетті түрде тараптар қол қойған банктік қарыз шартына қоса беру бойынша талаптар енгізіледі, сондай-ақ банктік қарыз үлгі шартының жобасы әзірленуде.
Достарыңызбен бөлісу: |