әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Аударма теориясы және әдіснамасы
«6М020700»- Аударма ісі»
мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2012
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Аударма теориясы» пәні
-
Аударма теориясына кіріспе. Аударма трансформациялары, аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәйкестігін пайымдап, барлап – байқаудан туған қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорыту.
-
Әдеби аударматану. Мәтіндерді талдаудың әдеби стилитикалық әдіс-амалдары, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын айқындау, сәйкестік мәселелерін саралайды.
-
Лингвистикалық аударматану. Тіл біліміндегі лексикология, лексикография, семасиология салалары арқылы мәтін талдау, мәтіннің грамматикалық-синтаксистік құрылымын анықтау, сөз біріктіру амалдары, қосымшалардың қызметі, көркем мәтін авторының, аудармашының сөз қолданасын т.б., айқындауды басты нысанаға алады.
-
Аудармадағы эквиваленттілік түсінігі. Аударманың коммуникативтік схемасын, эквиваленттіліктің бес типімен таныстыру, олардың көркем прозаны тәржімалаудағы қызметін айқындау.
-
Аударма трансформациясы. Аударма үдерісін оқытуда аударманың теориялық модельдері мен әр түрлі типтерінің өзгеріске ұшырауы (трансформация) ерекше қарастырылады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |