Сабақтың №11-12 сабақ Сабақтың тақырыбы: Міндетті және ерікті сертификаттаудың айырмашылығы



Дата07.02.2022
өлшемі16,99 Kb.
#91833
түріСабақ
Байланысты:
108c96ce-0dd3-418a-b1d1-5fae71c65464
108c96ce-0dd3-418a-b1d1-5fae71c65464, 108c96ce-0dd3-418a-b1d1-5fae71c65464, 108c96ce-0dd3-418a-b1d1-5fae71c65464, 108c96ce-0dd3-418a-b1d1-5fae71c65464, Мемлекеттік бағдарламалар презентация., Мемлекеттік бағдарламалар презентация.

Өтілетін күн: 06.11.2020 жыл
Өтілетін топ: Ас -18
Пәні : Стандарттау,сертификаттау және метрология негіздері
Сабақтың № 11-12 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Міндетті және ерікті сертификаттаудың айырмашылығы.
Өнімді (үрдісті, қызметті, жұмысты) сертификаттаудың Қазақстан аумағында екі түрі белгіленген: міндетті және ерікті.
Ерікті сертификаттау - өндірушінің өз еркі бойынша, өтініш беру негізінде жүргізіледі. Мұнда өнімді, үрдісті, жұмысты, қызметті стандарт талаптарына сәйкестігін білу мақсатында немесе өндіруші өзін құжаттармен сақтандыру үшін сертификат сәйкестігін алуы мүмкін. Бірақ, сертификаттаудың бір түрі екіншісінің (ерікті - міндетті) орнына ауысып жүре алмайды.
Міндетті сертификаттау – техникалық, ережелер, стандарт пен нормативті құжаттардың талаптары бойынша, қоршаған орта мен адам өмірінің қауіпсіздігін ескере отырып, кейбір өнімдердің (үрдіс, жұмыс, қызмет) түрлерін арнайы бекітілген тізім бойынша міндетті түрде сәйкестікке сертификаттау.
Сәйкестік белгісі. а) Қазақстанның міндетті сертификаттау, ә) Қазақстанның ерікті сертификаттау, б) Ресейдің міндетті сертификаттау, в) Өзбекстанның міндетті сертификаттау белгілері.
Мемлекеттік басқару мекемелерінің ұсынысы бойынша міндетті сертификаттлатын өнімдердің (қызмет) тізімі СМС комитетінде (МЕМСТ) дайындалып қажетті министрліктердің бекітуіне ұсынылады. Қазіргі кезде мұндай тізімге 1000 астам өнім түрлері мен 6 қызмет көрсету аясы еніп отыр.
Қазақстанда сертификаттау түрлерінің ішінде міндеттісінің саны басымырақ болып отыр, ал шет елдерде болса, керісінше – еріктілері кең етек жаюда. Мәселен, Францияда өнімнің сертификат сәйкестігі елдің «NҒ» стандарт талаптары бойынша жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша өнім танбалануы да тиіс екен. Алайда белгі соғып таңбаланбаған өнім ел ішінде сұранысқа да ие болмайтын көрінеді. Сондықтан Француз фирмаларының 75% өнімдері ерікті түрде сертификатталады екен. Соңғы жылдары ТМД мемлекеттерінің ішінде ерікті сертификаттауды өткізуге тек Қазақстандық экспортерлер ғана қызығушылық танытуда. Себебі өнімді ерікті сертификаттау, қазіргі нарықтық экономикасы дамыған шетел сауда бәсекелестігіне төтеп беретін бірден – бір тиімді шара болып отыр.
Міндетті және ерікті сертификаттау
Міндетті сертификация өнім сәйкестіктерінің міндетті талаптарын заң шығару органымен расталған құжат. Келесі талаптар қойылады: қауіпсіздік талабы, үнемділік, сенімділікті, қор жинақтаушылар, технологиялы және эргономикалық. Міндетті сертификация өнім қауіпсіздік түрімен сипатталады.
Сәйкестікті растау міндетті және ерікті түрлерде жүргізілуі мүмкін. Бұл тарауда сәйкестікті растаудың міндетті түрі - міндетті сертификаттау және сәйкестікті растаудың ерікті түрі — ерікті сертификаттау қарастырылады. Сәйкестікті декларациялау түріндегі міндетті растау кейінгі тарауларда қарастырылады.
Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде тексеру болып табылады. Міндетті сертификаттауда тек қана заңнамаларда көрсетілген міндетті талаптар расталады. Міндетті сертификаттаудан өткені туралы сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады.
Ерікті сертификаттау өтінуші мен сертификаттау органының арасындағы келісімге байланысты жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамасы 3.1-кестеде келтірілген. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттау, ал шетелдерде - ерікті сертификаттау басым.
Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып келеді, өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ерікті сертификаттау Францияда осы елдің «NF» стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім NF белгісіне ие болады. Мындай белгісі жоқ өнімдерге дұрыс сұраныс жоқ. Сол себепті француз фирмаларының 75 % өнімі ерікті сертификаттаудан өтеді.
Міндетті ерікті сертификаттаудың ерекшеліктері

Сертификаттаудың түрлері

Негізгі жүргізу
мақсаттары

Жүргізу негізі

Объектілер

Сәйкестікті
бағалаудың мәні

Нормативтік негіз

Міндетті

Тауардың (жұмыстың,
қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан
Республикасының заңды
актілері

Қазақстан
Республикасы
Үкіметі бекіткен міндетті
сертификаттауға жататын
тауарлар тізбесі

Міндетті сертификаттауды енгізген заңдарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау

Тауар сапасына
міндетті талаптар
белгілейтін стандарттар,
санитарлық нормалар,
ережелер және басқа құжаттар

Ерікті

Кәсіпорын өнімінің (қызметінің) бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету. Тек қана қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сонымен қатар
өндірілетін өнімнің
(қызметтің) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес өнімдерді жарнамалау

Заңды және жеке тұлғалар
бастамасы
негізінде
өтініш
берушімен
сертификаттау органы
арасындағы шарт

Кез келген
объектілер

Өтініш берушінің әр түрлі талаптарына сәйкестігін сертификаттау органымен
келісе отырып
бағалау

Ерікті сертификаттау жүйесінің әр санаттағы
Стандарттары (ұлттық, ұйымның),
келісімшарттары



Пән оқытушысы: Мамыкова А.О

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет