Тақырыбы: Стандарттау функциялары Пәні: Стандарттау және сертификаттау



Дата01.04.2022
өлшемі1,95 Mb.
#137530
Байланысты:
Даутова Ажар ССжМ 20-12 (3)
03.02.21 макроэкономика, 03.02.21 макроэкономика, 03.02.21 макроэкономика, Обобщ лекция патфиз Microsoft Office Word

Тақырыбы: Стандарттау функциялары

Пәні: Стандарттау және сертификаттау

Орындаған: Даутова Ажар Рустамқызы

Тобы: ССиМ 20.12

2020-2021 оқу жылы

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Стандарттау функциялары

2.2. Стандарттау нысандары

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Стандарттау мақсаты-жоспарланатын немесе туындаған тапсырмаларды шешуге арналған нормаларды, талаптарды, орнатылған жағдайларды кеңінен және қайтара қолдану арқылы қандай да бір салада реттілікті жүргізудің оптималды дәрежесіне қол жеткізу.

Стандарттаудың мақсаты өнімге

қойылатын талаптарды, әдістерді

белгілі бір салада әрдайым кеңінен

қолдану арқылы туындаған немесе

туындауы мүмкін мәселелерді

шешіп сол саланы оптималды

дәрежеде ретке келтіру. 


Стандарттауды жүргізудің негізгі қағидалары
Еріктілік
Ыңғайлылық
Экономикалық тиімділік
Келісімдік

Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады:

  • Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
  • Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
  • Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
  • Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
  • Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;
  • Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.
  • Стандарттаудың негізгі мақсаты-техникалық прогресті жеделдету, өндіріс пен еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, оның ішінде инженерлік басқару, өнім сапасын жақсарту және оның оптималды деңгейіне жетуін қамтамасыз ету жатады. 

ІІ. Негізгі бөлім

2.2. Стандарттау нысандары

Стандарттау нысандары өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет - осыларға арнап талаптар, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітіледі.

Стандартау аумағы - өзара байланысты стандарттау нысандарының жиынтығы.

Стандарттау түрлі денгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлтық және административті территориялық.

Қолданыстағы стандарттау жүйесі бірінші орынға стандарттау нысанының сапасын бағалауды және бағалау әдістерін қояды.

ІІІ. Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе стандарттау функциялары:

• бір тәртіпке келтіру функциясы-объектілердің ойсыз көпшілігін болдырмау; • қорғау функциясы-өнімді тұтынушылардың, өндірушілердің және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • ресурстарды үнемдеу функциясы-материалдық, энергетикалық еңбек және табиғат ресурстарының шектелуімен шартталған нормативті құжаттарды бекітуде жатыр; • цивилизациялық функциясы өмір сапасының өмір сапасының құраушысы ретінде өнім және қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Мысалға тамақ өміріндегі зиянды заттардың болуына қатаң талаптар қою. • коммуникативті функциясы адамдар сырласуымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл функция саудадағы кедергілерді болдырмау үшін, ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасына әсер етуге бағытталған; • ақпараттық функциясы-әртүрлі іс-әрекеттерді техникалық және басқару ақпараттары бар нормативті құжаттармен, каталогтармен қамтамасыз етуде жатыр; • құқықтық қолдану функциясы стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды заңдастыру арқылы және бұл құжатқа заңдық күшіне енгізу нәтижесінде жалпылама қолданылуын қамтамасыз ету. 

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Стандарттау, метрология және сертификаттау». Оқулық/ Т.М.Мендебаев, Е.С.Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж. Жаханова-Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-368б 2. «Стандарттау» .Оқулық.-Алматы:ЖШС «Нур-Принт», 2005-288б 3. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу, сапа. Сапа менеджменті» М.Самсаев, И.Самсаев, Б.Жүнісбаев-Алматы: «Бастау» баспасы, 2008-262б 4. Махамбетова Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері : Оқу құралы / Ж. Ж. Махамбетова. - Алматы : Экономика, 2008. - 144 б.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет