7 модуль аясындағы ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
(әдістемелік құрал)
ПІКІР
Қазіргі таңда жаңа бағыт, жаңа бағдар берер Кембридж бағдарламасы аясында білім алған ұстаздар әдіс тәсілдермен ,түрлі стратегиялармен қаруланған, үздік сабақтар беру тәжірибелерін сан қырынан көрсетіп келеді. Нәтиже де , көрсеткіш те бар.Шығарып отырған ұстаздың бұл жұмысын өткізген іс-тәжірибесі барысындағы жемісін жас мамандарға әдістемелік көмек мақсатында ұсынып отырмыз.
Әдістемелік кеңесте қаралып, бекітілді
10.06.2016ж
7 модуль аясындағы ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмешіт ауылының №15 орта мектебінің
химия - биология пән мұғалімі Тулеулина Гульжан Икласовнаның
7модуль аясындағы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері жайлы
Қазір әлем жылдам өзгеруде. Атап айтсақ, жаһандану, демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік, орнықты даму және технологиялар. Сол себептен де білім беру жүйесін қайта қарастырып, саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» деп және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деп үлкен екі мәселе қойған.Яғни, жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – құптарлық нәрсе. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеуі басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында деп әрқашанда айтамыз.
Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзіне құлақ түрсек «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады ». Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуына, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақ елінің ғылымы мен білімінің стратегиясы білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне замануи үдеріске кірігуімен анықталады. Еліміздің әрбір облыс орталықтарында Ұлыбританиядағы Кембридж университеті ұстаздарының оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену үшін арнайы курстар жүргізілуде. Арнайы бағдарлама бойынша теориялық және практика жүзінде мұғалімдер өз біліктіліктерін арттыруда. Бұл курс барысында оқыту меноқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ пен тәрбие процесінде қалай тиімді пайдалануға болатындығы жайлы тренингтер мен лекциялар және іс-тәжірибе арқылы білім жинақтадым.
Осыған орай педагогтердің біліктілігін арттыру курсының екінші (негізгі) деңгейлі бағдарламасы негізіне сүйене отырып, өз тәжірибемде жеті модульді сабақтар топтамамда қамтыдым.
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуде Кембридждік оқыту тәсілі өзара байланысты жеті модуль шеңберінде жинақталған:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге жәнеоларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
Бұл модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады.Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасынабалаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
7 модуль, оларды оқыту мен оқу барысында қалай пайдалану керектігін, бір-бірімен қалай байланыстырып сабақ өтуге болатындығын біздер топтық жұмыстар барысында өзіміз жұмыс істей отырып үйрендік. Бұл бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан-дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша,оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульманның «үш көмекші» деп атаған қасиеттері керек, ол
1.Бас-кәсіби түсінік
2.Қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары
3.Жүрек-кәсіби-адамгершілік тұтас болғанда оқыту мен оқу сапалы болады.
Бұл теорияда оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.Оқыту мен оқуда жетістікке жету жолында бұл Бағдарлама оқыту мен зерттеуге ынта–жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып,ықпал ететін және бағдар беретін, әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар, оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз? Қандай іс-әрекет жасау керек? Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігін білетін, бастапқы идеяданбастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып,жандандыратындай етіп жинақтап,толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерді даярлауды мақсат етеді. Бағдарлама екі бағытта әзірленген:біріншісі-мұғалімдердің оқыту мен оқуда табысқа жету жолдары туралы бай білімді игеруі,ал екіншісі-өзара байланысты мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестеріне олардың кәсіби дамуы үшін ықпал ету мақсатында коучинг пен тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыруы.
Кембридждік оқыту тәсілдері ынтымақтастықта жұмыс істеуге негізделген. Ынтымақтастықта-оқыту мен оқу тәсілі, ол проблемеларды шешу,тапсырмаларды орындау үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бұл тәсіл оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «сын тұрғысынан ойлау» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы тәсілдер оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланысты одан әрі жақсартады, әрі жақындастырады. Осы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.
Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.
Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты болады.
Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті.Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.
Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар.Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.
Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз қажет. Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы «мен білемінге» салынып тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды, мәселелерді шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым.Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою кезінде сыныптастарының айтқандары елеулі орын алады деп білемін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.
Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі, тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі.
Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Өзімнің биология , химия пәндерімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттадым.
Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардың сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етіп, дамыттым.
Ал дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтініне көзім жетті. Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім. Сондықтан оқушының айтылған жауаптарынан кейін «неге?» сұрағын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап, тез шешім қабылдап сұраққа жауап айта алды.
Выготскийдің оқыту модулі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болу мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, «жақын арадағы даму аймағы» аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.
Жоғарыда айтылған зерттеушілердің сөзіне толықтай қосыламын. Қай оқуды алсам да әңгімелесу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әңгімелесу оқушының өзін-өзі реттеуге, білімін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек. Оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай тәсілдерінмен жүзеге асады: оқушылардың іс- әрекетін арттыру үшін мүмкіндік тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік, дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады.Себебі мен сабақтарымды ойлау жолдары арқылы жүргіздім. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көрсеңіз болады «Сіз нені үйрендіңіз, сіз бұны қалай білдіңіз, сіз не істедіңіз немесе қандай жағдай орын алды, бұған кімдер және қалай үлес қосты, оқу нәтижесінде қандай өзгерістер болды, сіз үшін оның мәні бар ма?» деген мәселелер. Бұл мәселелерді оқушы алдына да тастаңыз. Сонда оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алады. Өз ойын, пікірін айтып атсалысады. Оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсілдің бірі осы. Ал кей сабақтарым диалог түрінде өтеді. Ол мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұрақ-жауап ретінде жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына, алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар: Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжар оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, басқа қырынан көрінді.
Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта сын тұрғысынан ойлаудың орны бөлек. Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды. Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де сын тұрғысынан ойлауға көбірек тапсырмаларды қамтуға тырыстым. Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалы, 6 - сыныптағы «Жануарлардың мінез-құлығы» атты тақырыбы бойынша сабағымда ДЖИКСО әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді. Мәтінді түсіну барысында сыни тұрғыда ойлаудың ДЖИКСО әдісін қолдана отырып жүргіздім. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. ДЖИКСО әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып түсінгендерін білмей де қалды. Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты. А. есімді бала топтық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай отырғанының салдарынан түсінбегенін байқатты. Бірақ соңғы бақылаушының айтқандарынан ұққанын айтып қуанып жатты. 8- сыныпта биология пәнінен «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбын өткенде сын тұрғысынан ойлау жүйесіне жүгініп «Ой қозғауда» оқушыны өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойылды, оны өздері шеше білді. Блум таксаномиясы бойынша сабақ өз деңгейінде өтті.
Биология пәні – оқушылардың қызығып, сүйсініп оқитын пәндерінің бірі екенін ескеріп, көбінде сабағым қызықты, әрі тартымды өту үшін зертханалық, практикалық және шығармашылық жұмыстар жасауға аса мән беремін. Қазіргі талап бойынша дүнтетанымы жоғары, дарынды, ізденімпаз, өз алдына мақсат қоя білетін және оған жете алатын тұлға қалыптастыру менің міндетім деп санаймын.
Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.
Осындай оқытудың тиімді жақтары мынада болғанын байқадым:
– Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Ал диалогтік әңгіме құру уақыт үнемдеуге тиімді болды.
– Оқушылар бір- бірін тыңдай білуге үйренді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды.
– Оқушылар сыни ойлауға көмектеседі, пікір алмасады.
– Оқушы бір- бірін оқытады.
Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:
– Сөздік қоры аз болғандығы;
– Сұрақтарды бір тақырып төңірегінде ғана қоя алды;
– Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығында;
Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады. Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.
Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибеммен байланыстыра отырып, мүмкіндіктерді ашу деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . Екінші (негізгі) деңгей
«Мұғалім және қоғам» республикалық педагогикалық- әдістемелік журнал 2014 ж.қыркүйек- желтоқсан.
«Биология және салауаттылық негізі» ғылыми- педагогикалық журнал 2011 ж. наурыз
С.Мерсейітова «Сыни тұрғыдан ойлау»
А.Жанпейісова «Модульдік технология»
Өз тәжірибеммен бөлістім.
Достарыңызбен бөлісу: |