Тақырыптың өзектілігі



Дата21.02.2020
өлшемі19,12 Kb.
#58536
Байланысты:
Дипломка норм

ҚАРАТАУ КӨКБАСЫ (ERYNGIUM KARATAVICUM ILJIN) ЭКСТРАКТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі уақытта ҚР-ның фармацевтикалық өндірісінің негізгі перспективасы өсімдік шикізатынан тұратын субстанциялық дәрілік фитопрепараттарды қолданылуы. Бірнеше жылдық медициналық тәжірибе дәлелдегендей,бірнеше реттік ауруларда синтетикалық аналогтарға қарағанда фитопрепараттардың артықшылығы көбірек болып тұр. Маңызды артықшылықтары: жанама әсерлердің аз болуы, азтоксикалылығы, қолданылуы және әсер ету жеңілділігі. **1**

Егер Қазақстан Республикасын қарастырғанда фармацевтикалық өндіріс өте аз дамыған және барлық халықтың тек 4-8% ғана қанағаттандыра алады. Дәрілік препарттардың көпшілігі бізге шетелден жеткізіледі. Сондықтан қазір де өзіміздің фармацевтикалық нарықты толық циклді қамтамасыз ете алатындай дамытуымыз қажет. (Адекенов, 2009). **1** Осындай бірқатар себептерге байланысты, өсімдік өндірісін және фармацевтикалық нарықты дамыту үшін ғылыми әзірлемелер қажеттілігі жоғары өте өзекті мәселе болып тұр.

Жабайы өсімдіктер 650-ге жуық дәрілік заттардың негізгі көзі болып, барлық химико-фармацевтикалық өндірістегі дәрілік өсімдік шикізат жеткізілуінің 55 % көлемін алады. (Блинова, 1990) **1**.

Қазақстан Республикасының халқын өз дәрілік препараттарымен қамтамасыз ету қажеттілігі "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын"іске асыру шеңберінде негізделген. Осыған байланысты фармацевтикалық өндірістің қазіргі заманғы технологиясының өзекті міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының шикізат ресурстары негізінде, оның ішінде өсімдік тектес жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу болып табылады.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, менің жұмысымның өзектілігі шығады. Яғни, өсімдік тектес шикізат ресурсынан тазартылған, аз токсикалық, биологиялық белсенді заттың кеңінен әсер ете алатын, биожеткілігі жоғары экстракт алу.

Елімізде өсімдік тектес шикізат ресурстары өте аз зерттелгеніне қарамастан, халықаралық медицинада кеңінен қолданылады. Ол ДӨШ фармацевтикалық тәжірибеге енгізу үшін заманауи қондырғыларды қолданып, тереңінен зерттеуді талап етеді.

Тақырыптың мақсаты: Қаратау көкбасы (Eryngium Karatavicum Iljin) экстрактысын толығырақ зерттеп, экстракт алу.

Зерттеу мәселелері:


  1. Қаратау көкбасы (Eryngium Karatavicum Iljin) ДӨШ-ның Қазақстан Республикасындағы кездесетін қоры мен орнын анықтау

  2. Қаратау көкбасы (Eryngium Karatavicum Iljin) ДӨШ-ның дайындау технологиясын әзірлеу (жинау,кептіру,ұсақтау, т.б.)

  3. Бірнеше экстагенттерді пайдалана отырып, ішінен тиімдісін таңдап,алу параметрлеріне зерттеу жүргізу.

  4. Экстракция алу технологиясын сызбасын құрастыру және қолданылатын қондырғылардың аппаратуралық сызбасын сызу

  5. Қаратау көкбасы (Eryngium Karatavicum Iljin) сығындысын зерттеу; компоненттік құрам-бөлігін анықтау; ауыр металдарды анықтау.

Зерттеу объектілері:

Қаратаулық көкбас дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сығынды.

**1** https://www.dissercat.com/content/biologicheskie-osobennosti-ajania-fruticulosa-ledeb-poljak-i-ee-introduktsiya-v-usloviyakh-t



Актуальность темы

173

Синеголовник каратауский

Eryngium karatavicum

қаратау кґкбасы

http://ru.encyclopedia.kz/index.php/%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%BE%D0%BA_%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B9,_%D0%B7%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%91%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85_%D0%B2_%D0%9A%D1%80%D0%B0%D1%81%D0%BD%D1%83%D1%8E_%D0%BA%D0%BD%D0%B8%D0%B3%D1%83_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет