Орта арнайы оқу орындарындағы білімгерді заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындаудың ҚҰрылымдық-мазмұндық моделі р. Т. Нарықбай- магистр-оқытушы, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, «Дене тәрбиесі»



Дата04.08.2017
өлшемі79,68 Kb.
#22543
ӘӨЖ: 373.23
ОРТА АРНАЙЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ БІЛІМГЕРДІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
Р.Т.Нарықбай- магистр-оқытушы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Дене тәрбиесі» кафедрасы
Бұл мақалада модель, моделдеу ұғымдарына кеңінен теориялық сипаттама беріліп, оны іске асырудың негізгі жолдары көрсетілген. Сонымен бірге орта арнаулы оқу орындарында заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі үлгі ретінде жасалынған.

Кілтті сөздер: студенттер, орта арнаулы, технология, заманауи технологиялар, модель.
Орта арнаулы оқу орындарында білімгерлерді дайындау үдерісінде заманауи технологияларды қолдану арқылы модельдеу, ойша эксперимент жасау әдісін қолдануды қажет етеді. Модельді құрастыру – демек арнайы аналогтарды жасау жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы жүйенің ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптері көшіріледі (Б.С.Гершунский, В.А.Штофф және т.б. [1, 2]).

«Модель» ұғымын сипаттауда М.К.Мамардашвили модельде «эмпирикалы түрде байқалатын шындықтың барлық толып жатқан қасиеттері мен байланыстары тізілетін сияқты, олар бұл жағдайда тек ғылыми жолымен алынады; адам оларға қатысты зерттеуші болады» деп атап көрсетеді [3].

Біз зерттеу жұмысымызда модельдеу әдісін білімгерлердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастыру моделін жасауда пайдаланамыз. Сонымен біз, қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін кәсіби маман дайындау үдерісінде пайдалану маңызды екендігін, ал бірақ сол негізде білімгерлерге білім беру әлі де жеткіліксіз екендігін айқындадық. Бұл бағытта ұсынылған арнайы тұжырымдама негізінде, арнайы модельді ұсыну қажеттігі туады. Білімгерлерді заманауи технологиялар негізінде кәсіби дайындау моделі – Орта арнаулы оқу орындарында білімгерлерді дайындауға әлеуметтік тапсырысын, маманның кәсіби біліктілігі деңгейіне қоғамның талабын, білімгердің бәсекеге қабілетті білім алуға талабын, білімгерге заманауи технологиялар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және заманауи технологиялар бойынша іскерлігін қалыптастыру технологиясын қамтиды.

Білімгердің заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастыруда біз модель мыналарды бейнелейді деген тұжырымдарға сүйенеміз.

-талаптарды, олар қоғам тарапынан болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың сапасына қойылады;

-зерттеулердің негізгі идеяларын, олар болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктерін, заманауи технологиялар бойынша іскерліктерін қалыптастыруды оңтайландыру проблемасы бойынша ұсынылады;

-білімгерге заманауи технологиялар бойынша іскерлігін қалыптастыру арнайы орта оқу орындарында оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыруда;

-оқыту мазмұнын, ғылыми, жалпы кәсіби және арнайын кәсіби сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдылар түрінде алынуда;

-негізгі өлшемдерді және деңгейлер көрсеткіштерін, маманды даярлаудың сапасын анықтауда.

Модель білімгерлердің сапасына қойылып, зерттеу идеясын маманды дайындауды оңтайландыру мәселесі бойынша, осы қарастырылып жатқан проблеманы білімгерлерге оқытудың тұтас бір кәсіби дайындау жүйесін құруда негізгі рөл атқарады.



Заманауи технологияларды пайдалану арқылы білімгерлерді кәсіби дайындау моделінің теориялық негізін оқыту үдерісінің маңыздылығын түсіндіретін мақсаттар, мазмұны, формалары, әдістері, оқыту орталары сияқты дәстүрлі категориялар құрайды. Келтірілген критерийлерді кешенді түрде қолдануда болашақ Денешынықтыру және спорт саласы білімгерлеріне заманауи технологияларды қолдану арқылы кәсіби дайындаудың мақсаттық, мазмұндық, процессуальдық және бақылау диагностикалық компоненттерімен анықталатын моделінің маңызын анықтайды.

Білімгерлерді заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындау моделінің мақсаттық компоненті аталған дайындық деңгейін бақылау-диагностикалық критерийіне сәйкес жоғарылатуға бағдарланған мақсаттарды біріктіреді.

Модельдің мазмұндық компоненті оқытуда қолданылатын әдістемелер, ұстанымдар мен тәсілдер туралы білімдерге құрылған оқу пәндерінің бағдарламаларымен бейнеленген, мазмұнды айқындайды.

Бағдарлама мазмұнын құрудың негізгі идеясы білімгерлердің заманауи технологияларды пайдалану арқылы кәсіби дайындау нәтижесінде олардың кең көлемдегі білім, білік дағдыларды ғана меңгермей өзін таңдаған мамандығы саласында кәсіби іс-әрекеттерде тұлға, құзырлы маман ретінде танытуына бағытталған дифференциациялық тәсілді бейнелейді.

Әдебиеттерді талдау көрсеткендей педагогикадағы дифференциациялық тәсіл білімгерлердің қабілеттері, жеке қызығушылықтары, жеткен жетістіктеріне, интеллектуалдық деңгейлері (интеллектуалдық тестер негізінде), гендерлік тәсіл негізінде, денсаулығына орай іске асады.

Білімгерлерді заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындау модельінің процессуальдық компоненті аталған дайындық деңгейінің жоғарылауына ықпал ететін оқыту формаларын, әдістерін және педагогикалық шарттарды бейнелейді.

Оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи технологиялар арқылы білімгерлердің кәсіби дайындығын арттыруда оқытудың лекция, семинарлар, баяндамалар, теориялық талдау және жалпылау әдістері, жобалар, «Power Point», «Publisher» бағдарламаларындағы презентациялар және т.б. қолданылады. Білімгерлер лекция материалдарын талдайды, негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланып толықтырады, заманауи технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын қарастырып, талқылайды, мәселелерді шешудің тәсілдерін ұсынады, оқытушының ұсынысы және өз таңдауы бойынша түрлі технологияларды қолданады. Оқытудың белсенді түрі ретінде білімгерлердің компьютерлерде білімгерден шығармашылық тәсілдер мен Интернет желісінде ізденістерді талап ететін практикалық жұмыстарды орындауы болып табылады.

Білімгерлерді заманауи технологиялар арқылы кәсіби дайындау моделінің бақылау-диагностикалық компоненті ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру ықпалдылығының бағасын қарастырады.

Зерттеу барысында педагогикалық шарттардың үш түрі айқындалды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және психологиялық.

Ұйымдастырушылық шарт: компьютер сыныптарында отырғызу; білімгерлерді кәсіби бағыттылық ұстанымы бойынша кәсіби дайындау үдерісін құру; кәсіби дайындау үдерісінде білімгерлердің жеке қабілеттерін ескеру.

Әдістемелік шарт: білімгерлерді заманауи технологияларды қолдану арқылы кәсіби дайындау бағдарламасын жасау; мамандану бойынша дифференциациялық тәсіл; заманауи технологияларды таңдау; қажетті ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, өз бетінше білім жинау; сабақ өткізу үшін жеткілікті жабдықталған материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік қордың болуы.



Психологиялық шарт: білімгерлерді кәсіби дамуы мақсатына сай қолайлы психологиялық жағдай туғызу; білімгерлерге кәсіби қызметі үшін заманауи технологиялар бойынша білім алуға тұрақты қызығушылық дамыту; білімгерлерді және жеке график бойынша білім алатындарды педагогикалық қолдау, іскерлік қатынас ұстанымы.

Модельдің әдістемелік қамсыздануы: топ білімгерлерінің диагностикасы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының «Компьютерлік технологиялар» пәнінің бағдарламаларын жасау, мамандануды ескеру «Дене шынықтыру және спорт саласындағы қазіргі инновациялық технологиялар» арқылы дифференциациялық тәсіл негізінде әр тақырып бойынша әдістемелік тапсырмалар жасау болып табылады.

Сонымен қатар, заманауи технологияларды пайдалануға негізделген пәндер бойынша оқыту мақсатына, мазмұнына, уақытқа, заманауи технологияларды қолдану әдістері мен орталарына байланысты тапсырмалардың бірін-бірі қайталамауы ескерілді. Сауалнамалар жасалып, тестілік тапсырмалары жасалды.

Модельдің негізінде біз әртүрлі көрсеткіштерді сипаттайтын деңгейлерді (төмен, орташа, жеткілікті, жоғары) анықтадық.



Төмен деңгей: кәсіби шеберлігінде заманауи технологияларды қолдануға талпынысы жеткіліксіз, инновациялық іс-әрекетке құлқы жоқ, заманауи технологияларды пайдалану іс-әрекеті төмен, мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін біле бермейді.

Орта деңгей: кәсіби шеберлігінде заманауи технологияларды қолдануға талпынуы тұрақты емес, инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігіне мән бере бермейді, заманауи технологияларды қолдану тәсілдері туралы түсінігі бар, бірақ меңгеруі орташа. Заманауи технологияларды қолдану туралы қабілеті бар, бірақ ішінара қолданады. Мультимедиялық технологияларды қолдану туралы талпынысы бар.

Жеткілікті деңгей: Өзінің кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны барынша қолдануға талпынуы тұрақты, инновациялық іс-әрекетке ұмтылысы ұдайы еркін көрінеді, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеуді, мультимедиялы технологияларды қолдана алады.

Бұл деңгейдегі білімгерлер – қалыптастырылған жекелеген, кейде, тіпті, заманауи технологияларды қолдану іскерлігінің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына (модельдеу әдісіне, тақырыпқа, ақпараттық мәселелердің типтеріне, т.б.) көшіре алады. Мұндай көшіру, көбінесе, жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады.

Жоғары деңгей: кәсіби іс-әрекетінде, инновациялық іс-әрекетінде заманауи технологияны еркін қолдана алады, мультимедиялы технологияларды қолданып, бағдарламалық құралдарды жасай алады.

Жоғары деңгей – жоғары дамыған заманауи технологияларды қолдану іскерлігі, ол білімгерлердің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейге нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі оқу-әдістемелік құралдар мен заманауи технологияларды пайдалана білу іскерлігі тән болады.

Осы келтірілген деңгейлерді қалыптастыру үшін заманауи технологияларды қолдану негізінде теориялық және практикалық даярлық жүйесі қажет. Ол заманауи технологияларды пайдалануға негізделген пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіліп, аталған бағытта кәсіби дайындау әдістемесі арқылы жүзеге асырылады.

1. Гершунский Б.Г. Педагогические аспекты непрерывного образования // Вестник высшей школы. – 1987. №6. С.-22-29

2. Штофф В.А. Моделирование и философия.-М.: Наука, 1996.-91-96 с.

3. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию; [Сборник] /Составитель и ответственный редактор Ю.П.Сенокосова. – М.: Прогресс. Культура, 1992, - 414 с.

Резюме

В этой статье рассматривается основные пути реализации и теоретические понятия о модели, моделировании. Также разработано в качестве примера моделирование структурно-содержательной профессиональной подготовки в среднем специальном учебном заведении студентов с помощью инновационных технологий.



Ключевые слова: студентов, профессионально, технологии, современные технологии, модель.
Summary

This article deals with the model and modeling concepts,its theoretical description and the main methods of materializing them. Also,structucal and contextual model of professional training of students through modern technology in general secondary institutions is done as a sample.



Key words:students,secondary,technology,modern technology,model.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет