Тапсырма №1 Белгіленген тақырыптарға сәйкес қашықтан оқыту барысында өзіңіздің табысты оқуыңызға ықпал ететін оқу материалын таңдаңыз.
Қашықтан білім беру технологиялары – негізінен білім алушылар мен педагог қызметкерлердің жанама (қашықтықта) өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді қолдана отырып, іске асырылатын білім беру жүйесі. Қашықтан оқытудың басты ерекшелігі интербелсенді оқыту бағдарламаларын пайдалану және оқушылар мен оқытушылар арасында жедел кері байланыстың болуы.
Қашықтан оқытудың келесі ерекшелігі – тұлғаға бағдарланған, конструктивистік, құзыреттілік-белсенділік, іздену сияқты заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыру мүмкіндігі.
Мен өзімнің қашықтан оқыту барысында табысты оқуға үлкен ықпал ететін оқу материялы ретінде «OnlineMektep және Google Clasroom платформаларын таңдар едім. Бұл жерде мұғалім үшін қажетті интерактивті құралдардың бәрі жабдықталған деп айтуға болады.
Тапсырма №2 Осы пәнді оқыту үшін қандай АКТ құралдары мен сервистерін қолдану керектігін айқындаңыз.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл – ойындамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекеткет әрбиелейді;
Тілбайлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады.үшін қажет.