«Стереометриядағы жаңа оқыту технологиялары»



бет1/10
Дата15.09.2017
өлшемі1.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

семей ҚАЛАСЫНЫҢ шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-37.1.301 /03-2014



«Стереометриядағы жаңа оқыту технологиялары» пәнінің

оқу-әдістемелік материалы



02.09.2014 ж.

№1 басылым



5B010900 «Математика» мамандығына арналған



«Стереометриядағы жаңа оқыту технологиялары»

пәнінің оқу-әдістемелік материалы

Семей


2015ж.
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттік өздік жұмысы

1 дәріс

Білім беру технологиялары, олардың қазіргі заманда білім берудегі орны
Жоспар:


  1. Білім технологиялары және замануи білім берудегі оның рөлі

  2. Білім технологиялары және классификациясы

  3. Ақпараттық технология

  4. Қашықтықтан оқыту технологиясы

  5. Дамыта оқыту технологиясы

  6. Модульдік оқыту технологиясы

  7. Ойын технологиясы

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісікөлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.

“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді.

-         оқытудың мақсаты;

-         білім берудің мазмұны;

-         педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;

-         оқушы, оқытушы;

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).

         Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді .

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған .

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

-             ойын арқылы оқыту технологиясы;

-             проблемалық оқыту технологиясы;

-             тірек сигналдары арқылы оқыту;

-             деңгейлік саралап оқыту;

-             міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;

-             бағдарламалап оқыту технологиясы;

-             оқытудың компьютерлік технологиясы;

-             дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;

-             дамыта оқыту технологиясы;

-             модульдік оқыту.

Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.

Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) мынаны көздейді:

- білім, білік, дағдыны қалыптасыру;

- барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);

- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).

Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілік, өз еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С. Н. Лысенкова). Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скинер, Н. Краудер, В. Л. Беспалько). Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.

Модульдік оқыту технологиясы (В. М. Монахов). Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.



Қайталау сұрақтары:

  1. Білім технологиялары және замануи білім берудегі оның рөлі?

  2. Білім технологиялары және классификациясы.

  3. Ақпараттық технология дегеніміз не?

  4. Қашықтықтан оқыту технологиясына анықтама бер.

  5. Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз не?

  6. Модульдік оқыту технологиясының ережесін айтыңыз.

  7. Ойын технологиясы туралы не білесің?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Шыныбеков Ә. Н. Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған оқулық, Алматы: Атамұра, 2013ж-20б.

  2. Погорелов А. В. Геометрия: 7-9 орта мектептің сыныптарына арналған оқулық , Алматы: 1997ж.

  3. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.

  4. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.

  5. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.

  6. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12.


Дәріс №2

Есеп, математикаға оқытудың құралы ретінде. Стереометрияны оқытудағы есептердің алатын орны


Дәріс №3

Геометриялық есептерді шешу әдістері


Дәріс №4

Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы, қасиеттері



Түзу мен жазықтықтың кеңістікте өзара орналасуы және олардың қасиеттері
I. Түзу мен жазықтықтың параллельдігі.

Кеңістіктегі қиылыспайтын түзу мен жазықтықты өзара параллель деп атайды. Егер aтүзуі жазықтығына параллель болса, онда оны былай жазады:a||.



Теорема 1. Егер берілген жазықтықта жатпайтын түзу осы жазықтықтағы түзуге параллель болса, онда бұл түзу берілген жазықтыққа параллель болады (1-сурет).

1- сурет
Теорема 2. Айқас түзулердің біреуі арқылы екіншісіне параллель жалғыз жазықтық өтеді (2-сурет).


2-сурет 3-сурет


Сонымен кеңістікте түзу мен жазықтық екі түрлі жағдайда орналасады:

1) Түзу жазықтықты қиып өтеді (3-сурет, a=A);

2) Түзу жазықтыққа параллель болады (1-суретa||).
II. Түзу мен жазықтықтыңперпендикулярлығы.

Егер aтүзуі жазықтығындағы кез келген түзуге перпендикуляр болса, ондаa түзуін жазықтығына перпендикуляр деп атайды. Оныaдеп белгілейді. Жазықтыққа перпендикуляр кесінді мен сәуле де осылай анықталады. Яғни, егер кесінді (сәуле) жазықтыққа перпендикуляр түзу бойында жатса, онда кесінді (сәуле) осы жазықтыққа перпендикуляр деп аталады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет