«Стереометриядағы жаңа оқыту технологиялары»


Анықтама. Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида



бет6/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,71 Mb.
#33237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Анықтама. Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.

Анықтама. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.

Пирамиданың беті оның табаны мен бүйір жақтарынан тұрады. Әр бүйір қыры үшбұрыш болып келеді.

Призма.

Табандары параллель жазықтықтарда жататын тең көпбұрыштардан тұратын,бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын кеңістіктік денелерді призмалар деп аталады. Призманың анықтамасы:

А1А2…АnВ1В2Вn– призма. Көпбұрыштар А1А2…Аn и В1В2…Вn – призманың табаңдары. Параллелограммдары А1А2В2В1, А1А2В2В1,… АnА1В1Вn – бүйір жақтары. А1В1, А2В2…АnBn – призманың бүйір қабырғалары.

Призмалардың түрлері: алтыбұрышты, үшбұрышты, төртбұрышты.Призманың толық бетінің ауданы: .

Параллелепипед.

Анықтама. Табаны пареллелограмм болатын призманы параллелепипед деп атайды. Параллелепипедтің ортақ нүктелері жоқ жақтары қарама-қарсы жақтары, ал бір жағында жатпайтын қарама-қарсы жақтарының қырлары қарама-қарсы қырлары деп аталады. АВСDA1B1C1D1параллелепипеді бейнеленген АВСD және A1B1C1Dоның қарама-қарсы жақтары ААжәне СС1 қарама-қарсы қырлары.

Теорема. Параллелепипедтің барлық диоганальдары бір нүктеде қиылысады және осы нүктеде қақ бөлінеді.

Егер параллелепипедтің бүйір қырлары табан қырларына перпендикуляр болса, онда ол тік параллелепипед деп аталады.Параллелепипедтің қасиеттері:



- Параллелепипедтің қарама- қарсы жатқан жақтары параллель және тең болады

-Параллелепипедтің диогональдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Параллелепипедтің түрлері:

  1. Тік бұрышты параллелепипед- табаны тік төртбұрыш болатын тік параллелепипед.

  2. Куб – барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед.

Табандары тіктөртбұрыш болатын тік параллелепипедті тікбұрышты параллелепипед деп атайды.Тікбұрышты параллелепипедтің барлық жақтары тіктөртбұрыштар. Бір төбесінен шығатын үш қырының ұзындығын тіктөртбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп атайды. Үш өлшемі бірдей тікбұрышты параллелепипед куб деп аталады. Куб жақтарының бәрі квадраттар.

Анықтама. Әрбір жағы параллелограмм болып келетін көп-жақты параллелепипед деп атайды.Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістік денені тікбұрышты параллелепипед деп атайды. Кеңістік денені шектейтін тіктөртбұрыштарды оның жақтары, тіктөртбұрыштардың  қабырғалар қырлары деп, ал олардың төбелерін тікбұрышты параллелепипедтің төбелері деп атайды.Тікбұрышты параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Бір төбеден шығатын қырлары тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін V=abc формуласымен табамыз. Мұңдағы  a,b,c – оның өлшемдері. S=2(ab+bc+ac).

Қайталау сұрақтары:

  1. Дөңес және дөңес емес көпжақтарға мысал келтіріңдер.

  2. Пирамиданың қандай анықтамасын білесіңдер?

  3. Пирамиданың қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Пирамиданың қандай қасиеттерін білесіңдер?

  5. Пирамидан қиық пирамиданы қалай алуға болады?

  6. Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасы тең болуы мүмкінбе?

  7. Пирамиданың бүйір бетінің ауданың қандай формуламен есептейді?

  8. Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді ?

  9. Дұрыс призманың тік призмадан айырмашылығы неде?

  10. Параллелепипедтің барлық диоганальдары бір нүктеде қиылысады ма?

  11. Тікбұрышты параллелепипедтің жағы, қыры, төбесі нешеу?

  12. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласын айт.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Шыныбеков Ә. Н. Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған оқулық, Алматы: Атамұра, 2013ж-20б.

  2. Погорелов А. В. Геометрия: 7-9 орта мектептің сыныптарына арналған оқулық , Алматы: 1997ж.

Дәріс №13

Айналу денелері, олардың беттері, көлемдері.

Жоспар:


  1. Цилиндр: биіктігі, түрлері, ауданы

  2. Конус : биіктігі, түрлері, ауданы

  3. Шар: биіктігі, түрлері, ауданы

Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын денені атайды. Цилиндрдің элементтері :

Дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады. Дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды. Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды. Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды.



Цилиндрдің түрлері

Егер жасаушылары цилиндрдің табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік цилиндр деп аталады. Егер цилиндрдің жасаушылары табанына қандай да бір a бұрышын жасап көлбеген болса, онда ол цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет