Сабақтың тақырыбы: «Параллелепипед. Призма. Пирамида.»



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі300,88 Kb.
#27242
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: «Параллелепипед. Призма. Пирамида.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тік бұрышты параллелепипед,призма,, пирамида ұғымдарымен және олармен байланысты биіктік,жағы, төбесі, табаны ұғымдарымен таныстыру;

Кеңістіктік денелерді бейнелеп уйрену;



Дамытушылығы: Оқушылардың конструктивті ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Ізденімпаздыққа , ұқыптылыққа, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

көрнекі құралдар: интерактивті тақта,слайдтар,макеттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Қайталау сұрақтары:

  1. Көпбұрыш дегеніміз не?

  2. Көпбұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

  4. Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз?

ІІI. Жаңа сабақ түсіндіру.

1.Параллелепипед.

Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістіктік денені тікбұрышты параллелепипед деп атаймыз.

Тіктөртбұрыштар – жақтары, тіктөртбұрыштардың қабырғалары – қырлары, тіктөртбұрыштардың

төбелері – параллелепипедтің төбелері деп аталады.

Параллелепипедтің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі болады.

Бір төбеден шығатын қырлары тік параллелепипедтің өлшемдері деп аталады.

V=а∙в∙с а,в, с – өлшемдері

АВСД мен А₁В₁С₁Д₁ жақтары тікбұрышты параллелепипедтің табандары деп, ал қалған жақтары бүйір жақтары деп аталады.

Параллелепипедтің табандары параллель жазықтықтарда жатады, ал бүйір қырлары табандарына перпендикуляр.



2.Призма.



Табандары параллель жазықтықтарда жататын тең көпбұрыштардан тұратын, бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын кеңістіктік денелер тік призмалар деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет