Жалпы мәліметтер Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері



бет1/5
Дата05.11.2023
өлшемі39,08 Kb.
#189838
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-78421
Индира Өзекті мәселелер, sor.-aza-debiet-2-synyp., Жеткіншек жас психологиясы, 10SYNYPBJB A 1170 YLShYN ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB, Ëåêöèÿ 2-3 Îðòà ìåêòåïòå ìåõàíèêàíû î ûòó ä³ñòåìåñ³. Ìåõàíèêàíû, winter-esl-answers, stud.kz-78421

Жоспары:
1 Жалпы мәліметтер
2 Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
3 Басқа ғылымдармен байланысы
4 Салалары
5 Химияның тарихы
6 Химияның маңызы
7 Химияның міндеті
8 Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандық ғалымдар
9 Ұқсас мақалалар
10 Пайдаланылған әдебиеттер


Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Жалпы мәліметтер
Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.
Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі.Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдар, молекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядроөзгеріссіз қалады.
Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:
органикалық химия;
бейорганикалық химия.
Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқа зерттейді.
Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет