Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі1,28 Mb.
#15948
түріСабақ
  1   2   3

Қазақ әдебиеті

Күні 23- қаңтар, 2014жыл

5 «ә»-сынып

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаев «Сағындым»  өлеңі

Жалпы мақсаты:

Ақынның өмір жолы мен шығармаларын таныстыра отырып, “Сағындым” өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

А. - Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталып, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашады.

В.-Өлеңді шығармашылық тұрғыдан талдауға машықтанады

С.- Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға , үйренеді, тыңдауға үйренеді.


Сабақ түрі:

жаңа сабақ

Сабақтың формасы:

Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық.

Керекті жабдықтар

Бейнепроектр, плакаттар, маркер, суреттер, жұмыс дәптері , мағжан портреті, оқулық, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі

2. Оқушыларды топқа бөлу: (1 мин)

3.Топқа бөліну.(жыл мезгіліне байланысты)



Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе

І. Үй тапсырмасын пысықтау. 5мин

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?



-Үйге М.Жұмабаевтың « «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын қарасөз түрінде айту , қыстың суретін салып келу

1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2. «Қысқы жолда» өлеңі не туралы айтылған ?

Топ басшылары бағалау парағымен бағалайды ; Бағалау парағы

1.Үй тапсырмасына дайындығы

2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы

3.Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы

4.Пікір айту дағдысы

5.Топта өз идеясын қосуы


Зейін қою жауапкершілікті сезінуі
Жеке жұмыс


Тұсаукесер

ІІ. Қызығушылығын ояту Ой қозғау 5мин

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін



Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.



2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. .

Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»   (М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

     (Ғ.Ибрагимов)



Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.

Мадақтаулар: өте жақсы, жарайсыздар



Негізгі бөлім

Мәтінмен жұмыс /МИҒА ШАБУЫЛ/

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» тереңірек тоқталғанбыз, ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры , адамгершілік, шынайы махаббат т.б.  Бүгінгі жаңа сабағымыз туған жер, атамекен тақырыбына байланысты М.Жұмабаевтың «Сағындым»  өлеңімен танысамыз.

Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Электронды оқулық 3мин

ІІІ. «Кітап – досың, ақылшың»5мин (Оқулықпен жұмыс)

1.Ақынның идеясы, өлеңдегі көзқарасы?

2.Ақын кімдерді , нелерді сағынды?

3.Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?

4.Ақынның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан тануға болады ?

ІV. Зерттеу (постер арқылы қорғау) Екі жұлдыз, бір ұсыныс. 7мин

«Сағындым» өлеңін талдап, өз ойларын постерге жазып қорғайды. Төрт топқа әртүрлі тақырыптар беріледі.

І топ Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана

ІІ топ Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін



ІІІ топ Досы жақсының -өзі жақсы

ІV топ Бостандық- тәуелсіздік нышаны.

VӨлеңнің бір шумағына талдау жаса .3мин

Абақтыда// айдан, күннен //жаңылдым, -а

Сарғайдым ғой,// сар даламды// сағындым. -а

“Қарашығым,// құлыным!” деп //зарлаған -б

Алыстағы// сорлы анамды// сағындым -а

Өлең жолдарында қандай сөз көп қайталанды? Өлең жолдарынан синоним сөздерін тауып жазыңыздар.

1шумақ ,4тармақ 11 буын, 2 бунақ, қара өлең ұйқас

Сергіту сәті. 1мин


Дәптерлерін ашып, күннің жадынын,

тақырыбын жазады.



Екі жұлдыз, бір ұсыныс. оқушылар ресурстағы мәтінді талдау жасайды,

Қол шапалақтау.

(3 рет қол соғу).




Қорытынды

VІ Шығармашылық жұмыс. 10мин

«Мағжан -елін сүйген патриот ақын» (шағын шығарма)



«Екі бетті күнделік» стратегиясы бойынша кесте толтыру.5мин

Өлеңнен алған әсерім Пікірім
Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында. Ендеше Роза Алқожаның «Атамекен» мына өлең арқылы ойымызды түйіндейміз.

Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.


Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.

Смайликтермен немесе фишкалармен бағалау

Тақырыпты ашуы, Өзектілігі


Бағалау

Топ басшылары бағалау парағымен бағалайды ;

Бағалау парағы.3мин

1.Үй тапсырмасына дайындығы

2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы

3.Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы

4.Пікір айту дағдысы

5.Топта өз идеясын қосуы



Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.Кері байланыс.

Рефлексия

Үй тапсырмасы



Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 2мин

Қандай әсер алдыңдар.



1.М.Жұмабаевтың“Сағындым” өлеңіндегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.

2.Сағындым» өлеңін басшылыққа ала отырып, өзіңнің анаңа деген сағынышыңды әңгімелеп жазыңыз.



Қысқаша сипаттама жазады.


Батыс Қазақстан , Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп- гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі : Уразова А.Қ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет