Сабақтың тақырыбы: Сағындым Алматымды Музыка тыңдау – «Сағындым Алматымды»



Дата26.08.2017
өлшемі58,61 Kb.
#28244
Сабақтың тақырыбы: Сағындым Алматымды

Музыка тыңдау – «Сағындым Алматымды» А.Қоразбаев

Үйретілетін ән – «Сағындым Алматымды»

Өлеңін жазған С.Оспанов

Әнін жазған А.Қоразбаев

Музыка сауаты - А.Қоразбаев шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев шығармашылығымен таныстыру. Композитор А.Қоразбаевтың ақын С.Оспановтың сөзіне жазылған «Сағындым Алматымды» әнінің шығуы тарихымен таныстыру және әнді үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сонымен қатар олардың туған жерге,туған өлкесіне деген махаббатын ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ән айту,музыка тыңдау дағдысын қалыптастыру,дамыту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, «Елес жетелеу» әдісі.

«Өз бетінше оқып түсіну»,ассосация әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Композитор А.Қоразбаев,Н.Тілендиев портреті.

«Сағындым Алматымды», «Ауылым-алтын бесігім»

«Музарт» тобының суреті, плакат, стиккер

Сабақтың техникалық құрал –жабдығы: интерактив тақта,баян аспабы

Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану, ана тілі,бейнелеу пәні
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушы: «Саламатсыз ба, ұстаз-апайым,

Өнер-білімге құштармыз біз»


Мұғалім: «Саламатсыздар ма, балалар,

Ұстаз еңбегін бағалар»



Дауыс қалыптастыру жаттығуын орындау:

Ля;А;О;И;У;М;-дыбыстарына жаттығу жасау.


2.Үй тапсырмасын сұрау: «Жұппен талдау» Слайд

Өткен сабақта не үйрендік, не білдік?


Нұрғиса Тілендиев


3.Өткен сабақты пысықтау. Ой қозғау Слайд

1. «Жер жаннаты Жетісу деп неге айтқан?

2. «Алатауға саяхат» Оқушылар салған сурет галереясымен таныстыру.

3. Н.Тілендиев «Алатау» әнінен үзінді орындау. (хормен)



Музыка тыңдау: Ой қозғау.Ән не жайында айтылған? Слайд

« Байқоңыр-туған жер»

Өлеңін жазған М.Үйреков Әнін жазған С.Шағатаев

Бұл ән жерлес ақын М.Үйрековтың,жерлес сазгеріміз С.Шағатаевтың әніне жазылған туған жерді мақтан еткен «Байқоңыр-туған жер» әні.

-Енді балалар келесі әнді тыңдап көріңіздер!

«Елес жетелеу» әдісімен жұмыс. Ол үшін көзімізді жұмып,бізден алыс қалаға саяхатқа шығамыз. Сол саяхатта біздің көз алдымызға не елестеді? Бұл қала бізге таныспа?

Слайд


Музыка тыңдау: «МузАрт» тобының орындауында Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды».

Бұл ән «МузАрт» тобының орындауында жаңаша жаңғырылып орындалды. Үш дауыста орындалады. Әнде домбыра аспабын пайдалануы әнге ұлттық бояу беріп тұр.


«Сағындым Алматымды» -саяхат Слайд

-Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімі айтқандай:Алматы қаласының өркендеуіне 36 миллиард ақша бөлініп отыр.

-Олай болса,біздің «МузАрт» тобының Алматы қаласына арнап орындаған әні неге «Сағындым Алматымды» атанғанын біз оқулығымыздан оқып таныс боламыз.
4. Жаңа сабақ Сағындым Алматымды Слайд

«Өз бетінше оқып түсіну» әдісімен жұмыс.(тақырыпты оқулықтан оқу)

  • Әңгімеден не түсіндік?

  • Кімнің шығармашылығы жөнінде айтылыпты?

  • Не себепті ол туған жерін сағынды?

  • Туған жеріне қандай ән арнады?

Орындау (үзінді) -Жұпар иісің аңқыған

Туған жерді сағындым.

Ән мен жыры шалқыған

Думанды елді сағындым,-
Музыка сауаты: Біліп ал! Слайд

Алтынбек Қоразбаев

(1948)


Атағы: ҚР.Мем.сыйлықтың иегері,Қазақстан Халық әртісі.

Туған жері: Жамбыл облысы,Мерке ауданы




Әнші-композитор

Әндерін домбыра аспабында, «Әлқисса» фольклорлы-этно-графиялық ансамблі сүйемел-дейді.

мелдейді


Шәкірттері: М.Бесбаев

Т.Серіков






Әндері: «Үш қоңыр», «Шашбау-

лым»,Бозторғай», «Сағындым Кенен атамды», «Ақ моншақты аруым», «Әгугәй, домбыра» т.б. 80-ге жуық әндері бар.


Үйретілетін ән Сағындым Алматымды Слайд

Әнін жазған А.Қоразбаев

Сөзін жазған С.Оспанов

  1. Қосамын әнге атыңды,

Тосамын әр хатыңды.

Сағындым алма бағын,

Арайлы Алматымды.


  1. Сағындым аққу үнді,

Сағындым ақ гүлімді.

Алматым сыйладың сен,

Шабытты шаттығымды.


  1. Қалайды жаным жырды,

Болмайды әнім нұрлы.

Пәк көңіл, ақ жүректі

Достарым сағындырды.
Әнмен жұмыс:


  1. Әнді фразаға бөліп үйрету.

  2. Әннің дикциясымен жұмыс.




  1. Жаңа сабақты бекіту: Шығармашылық жұмыс. Слайд


«Ауылым –алтын бесігім» «Елес жетелеу» әдісімен ойша

«Қармақшы ауылына саяхат» жасау.


Ой қозғау. Саяхаттан алған әсерімізбен ауылымызды композитор А.Қоразбаев, Алматы қаласын сағынғандай біз, ауылымыз Қармақшыны қалай сағына аламыз?
Ауылымыз туралы сурет салу, өлең оқу, әңгіме жазу,ән айту,мақал-мәтел жазу.
6.Қорытындылау: Сендер мақтан еткен туған ауылымызға «Көркейе бер, гүлдене бер-Қармақшым» деп Қармақшы ауылына саяхатқа шақырамын.

Слайд
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз? (стиккер толтыру)
7.Оқушыларды бағалау.

(Оқушыларға бүгінгі сабақтан естелік ретінде суреттер тарату.)

8.Үйгетапсырма:«СағындымАлматымды»тақырыбын оқу Слайд

«Сағындым Алматымды» әнін жаттау.



Композитор А.Қоразбаевтың ән қоржынынан ән жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 03f3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f3 -> Новости Статьи
03f3 -> «Бүгін менің туған күнім » ( Әдеби шығармашылық кеш ) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет