Сабақтың тақырыбы: Халықтың рухани мұрасы даналық көзі Құндылық : Сүйіспеншілік



Дата10.10.2019
өлшемі76,26 Kb.
#49648
түріСабақ
Байланысты:
18-19, ашық сабақ

Тексерілді: ____________________

Күні: 17.04.19ж. Сыныбы: 5 «Б» № 29 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: достық, еңбекқорлық, біліктілік


Мақсаты: халықтың рухани мұрасы – даналық көзі , рухани - адамгершілік құндылықтардың негізі екендігін түсінеді.

Міндеттері: (табыс критерийлері)

  • Ұлттық құндылықтарымызға сүйіспеншілік таныта отырып, өмірде олардан тағылым алып, ой түйіндей біледі;

  • Халықтың рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қала беретінін ұғына біледі.

  • Халық даналығын ( ұлы ойшылдарымыздың ой-пікірлері , мақал –мәтелдер, нақыл сөздер) ұлттық құндылық ретінде тани біледі.





Реті


Сабақ барысы


Ресурстар

І


№ 1 сағат

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару,сынып оқушыларын түгелдеу, топқа бөлу және сыныпта оңтайлы психологиялық көңіл-күй орнату.

2.Өткен сабақтарға шолу, қорытындылап,бекіту.

5 «Т» ережесі


2 минут

ІІ

1.Дәйексөз

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім»

Мұхтар Әуезов
-Алдымен оқылады,сонан соң ғана балалармен бірге дауыстап оқу ұснылады. Ұлдар 2-рет, қыз балалар 2-рет

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

сұрағы арқылы дәйексөздің мағынасын ашады.


Оқулық ,интербелсенді тақта
АКТ

«INSERT» әдісі



3 минут


2. Мұғалімнің сыйы

құндылықтардың негізі екендігін түсінеді.



Балалар, жалпы адам баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірбиесі ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отыратынын күнделікті өмірде оқып біліп жүргенімізді білесіздер. Бүгінгі күні осы ата – бабаларымыздың айтып кеткен ұлағатты ой – пікірлерін, өсиет – өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Ол - нақыл сөз, мақал – мәтел, шешендік сөз үлгілері. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық рухани мұра болып табылады.

Сонымен қатар халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс – әрекетттің де бірі біздің білімді ойшылдарымыз десекте қателеспейміз. Олардың білім іздеуі, тіл білуінің озық көрінісі- бізді өзге елдің тануы,біздің білімділеріміз арқылы халыққа,ұлтқа деген құрметке ие болуымыз соның айғағы балалар.

Жалпы тіл – адамзатқа ортақ құндылық. Оның игілігі ұшан-теңіз, олай деуімнің себебі де жоқ емес. Сондай білімді тұлғамыз

математик –Асқар Жұмаділдаев

( қосымша слайд)

АКТ,


«Сұрақ ілмегі» әдісі
5 минут




3.Әңгімелеу

«Талаптың тұлпарын ерттеген шақ»

Болат Көмеков

Самат Өтениязов

Екінші оқу жылында Шоқан бос уақытын шытырман

оқиғалар мен шығармалар оқуға арнады. Бұл бір жағынан тіл

үйренуге, екінші жағынан өзі сүйіп оқитын география, тарих,

әдебиет пәндеріне қатысты мол мағлұмат алуға көмектесті. Бір

қиыны мұндай кітаптар оңайлықпен табылмайтын. Бар болса,

балалардың қолынан босамайды. Кітапханада негізінен ұсынылатыны – патша өмірінен жазылған шығармалар. Бірақ мұндай кітаптар Шоқан мен Гришаны қызықтырмайды.

Осылайша кітапханаларды ақтарып жүргенде, Шоқанның қолына

П.Рычковтың «Саяхаттар күнделігі» түсті. Артынша П.С. Палластың жиһанкез өміріне арнаған кітабын тауып алды. Қызыққандары сондай, Гриша екеуі сабақтан кейін қалып, есікті жауып алып, дауыстап оқитын болды. Түсініксіз сөздерін Гриша түсіндіріп отырады. Теңіз офицерінің небір адам болжап болмас қиындықтардан аман-есен өтіп, жер шарын кемемен екі рет айналып шыққанын оқып, екеуі тәтті қиялға ерік береді.Ойша Азияны аралап, жер сырын, ел жайын білуге құмартады.

Сабақ үстінде де Шоқан мұғаліммен жарысып, тосыннан сұрақ қойып, оқыған әдебиеттерін ортаға салып отыруды әдетке айналдырды. Оның осылай оңаша кітап оқып жүргенін бүкіл класс білді. Олар да Гриша екеуіне үйірсектеп, оқыған кітаптарын сұрай бастады. Бұрын тәртіпсіздігімен танымал класс енді пән мұғалімдерінің көзіне ізденгіштігімен түсетін болды.

Шоқанның асыға күтетін сабағының бірі – бейнелеу өнері еді. Бұл сабақтан жас офицер А.П. Померанцев беретін.

Бірде Александр Алексеевичтің үйінде осы офицерге жолыққаны бар. Александр Сотников Померанцевқа Шоқанды таныстырып, оның сурет салу қабілетін ерекше атады. Шай үстіндегі әңгімеде Сотников қазақ елінің ӛнері жайлы сөз қозғады.

– Мен қазақ елінің ерекше өнерлі жұрт екенін мына Шоқанның ауылына барғанда көргенмін. Жыр десе, ішкен астарын жерге қояды, таңды таңға ұрып жырлайды. Айтысқа салсаң, екінің бірі аяқ астынан өлең шығарады. Тіпті кішкентай баласына дейін мүсінші.



Талдау сұрақтары:

 Шоқанның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?

 «Оқымаған бір бала, оқыса екі бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

 Білім адамды қандай мақсат-мұраттарға жеткізеді?

 Өзің қандай кітаптарды оқып жүрсің? Неліктен?


Оқулық


3 минут




4. Шығармашылық жұмыс: ( топтық жұмыстар)

1-тапсырма: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» тақырыбына эссе жазыңдар.


2-тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңдер

Білім мен байлық

Ділдә Матайқызы

Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айрығында

жасөспірім бір ғұламаға келіп ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын әртүрлі дәлелмен дәлелдепті.

Білім – даналардан қалған мирас, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың. Білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады. Білім іздеген сайын көбейе береді, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.

Білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады. Білімге есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет. Білім қаншама көп болғанымен іріп-шірімейді, бүлінбейді, ал байлық бір жұттық, өледі, жоғалады.

Білім жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды

шектейді, тура жолдан тайдырады.

Білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

Таразының қай басы ауыр тарқанын ӛздерің бағамдай жатарсыңдар.


  • Білім адамға не үшін қажет?

  • Өзің білім алу үшін қандай іс-әрекеттер жасар едің?

  • Адамға ең алдымен қандай білім қажет?


3-тапсырма

Өлеңді оқыңдар.Сұрақтарға жауап беріңдер.



Кітаптың жыры

Ертай Ашықбаев

Деме:

«Оңай үйренем».



Ақыл айтсам –

Егеспе.


Оқу деген – «Инемен

құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда –

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолыңда,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел, балалар, оқылық!»
- Білім не үшін қажет?

- «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп неліктен айтады?

«эссе» әдісі




«Сұраққа жетіп ал» әдісі (А.Ж.Егізбаев) «еркін әңгіме» әдісі




«Дауыстап ойлау» әдісі


9 минут




5. Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін күннің шуағы төгіліп, бойыңызды әдемі, жанға жағымды жылылық билеп барады.

Айналамызда бейне бір құстардың үні естіліп, соған қарай ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, биік ғимараттар, оның маңында жүздері жарқын жақсы адамдар ...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол, білімді бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:« Білімді болу өзіңнен », деп күлімсірейді. Иә,иә шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз өзімізге не керегін білетін, болашағымыз білімділікпен айқындалатынын білеміз, сеземіз!

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.




АКТ

«Заряд алу» әдісі



3 минут




6. Үй тапсырмасы: оқулықтың 131 бетіндегі «Наурыз» әңгімесін оқып келу.

Оқулық

1 минут






7. Жаңа ұғымды қалыптастыра отырып, сабақты қорытындылау.

Білімді болу дегеніміз не? Білімді болу бәрінен бұрын адам

болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білім

бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз

түбіндегі гауһар тас.

Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді. Өмірмен

жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық.

Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық

керегін, ой-арманын, талап-тілегін тек білім арқылы ғана табады.


Оқулық

2 минут



8. Кері байланыс:

- Білемін;

-Не білдім;



- Не білгім келеді.


Шартты белгілер

2 минут






  • Жалпы өміріңізде қазақ болғаныңызға мақтанған, сондай сезімнен кеудеңіздің қуаныштан керілген сәттері болды ма?

( журналисттің сұрақтарынан үзінді)

— Мен еш уақытта қазақ болып туғаныма мақтанған да емеспін, оған өкінген де емеспін. Әр адамның өзінің ұлты бар. Әр адамның тегі бар. Ұлттық намыс, ұлттық рух деген сөз менің ойымша былай болу керек. Егер қазақ бір мықты теорема дәлелдесе, егер қазақ бір мықты заң ашса, мінекей сонда ұлттың аты шығады. Қорыта айтқанда сіз сөзбен емес, іспен шығаруыңыз керек ұлттың атын. Мұның басқа жолы жоқ.



Ғылыми дәрежелері:
1981 ж. — физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Мәскеу);
1988 ж. — физика-математика ғылымдарының докторы (КСРО Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты, Ленинград бөлімі). Тақырыбы: Оң характеристикалы Ли алгебраларының когомологиялары және оның қолданылулары. Ғылыми жетекшісі: Алексей Кострикин;
1990 ж. — Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры;
1995 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;
2004 ж. — ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Шетелден алған шақыртулары:
1988 ж. – Гамбург университеті (2 ай);
1995-1996 жж. – Мюнхен университеті (18 ай);
1997, 1998, 1999 жж. – Бильфельд университеті (4 ай);
1997 ж. – Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай);
1998, 2001, 2002, 2003 жж. – Теориялық физиканың халықаралық орталығы, Триест, Италия (9 ай);
1998, 1999 жж. – Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай);
1999 ж. – Киото университеті, Жапония (1 ай);
2000-2001, 2002, 2003 жж. – Стокгольм университеті, Швеция (6 ай);
2000 ж. – Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай);
2001 ж. – Филдс институты, Торонто, Канада (1 ай);
2001, 2002, 2003, 2005 жж. – Жоғарғы ғылыми зерттеулер институты, Бюр-сюр-Иветт, Франция (5 ай);
2002 ж. – Эрвин Шрёдингер атындағы Математикалық физика халықаралық институы, Вена, Австрия (1 ай);
2005 ж. – Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн, Германия (3 ай).

« Бекітемін» «Келісемін» мектеп директоры:___________ мектеп директорының ҒІЖО: _______
К.С.Дүйсенова Е. А. Жусупов

Сабақтың тақырыбы: Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі

2018 – 2019 оқу жылы

«Қаралды»

ӘБ жетекшісі: ___________ К. Сабденова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет