Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықтар баскару тәртібіне карсы кылмыстык күкык бүзушылыктардың жалпы сипаттамасы



бет1/39
Дата21.05.2020
өлшемі65,13 Kb.
#70197
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ


БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Баскару тәртібіне карсы кылмыстык күкык бүзушылыктардың

жалпы сипаттамасы

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық қүқық бүзушылық деп мемлекеттік кэсіп орынның, мекеменің, үйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе эрекетсіздікті істеуді айтамыз.

Жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыстық күқық бүзушылықтардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Олар: Қазакстан Республикасының Тұңғыш Президентін Елбасын көпшілік алдында қорлау жэне абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сүгу, Қазақстан

Республикасы Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазакстан Республикасы Тұнгыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау (373-бап), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне-Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу (374-бап); Қазакстан Республикасы Конституциялык кеңесінің кызметіне кедергі жасау (377-бап), колік құралының сэйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалган сәйкестендіру номірі бар колік кұралдарын откізу (386-бап), жұмылдыруға шақырудан жалтару (388-бап),

шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (393-бап), заңсыз коші-конды ұйымдастыру (394-бап), Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту жэне пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу (395-бап), Акпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану (399-бап), сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды

жалғастыруга арандатагын эрекеттер (402-бап), Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардыц кызмстіне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардын қызметін ұйымдастыру жэне оған катысу (405-бап).

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар: қоғамдык тәртіпті бұзатын топтаскан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; колік қызметкерін өзінің кызметтік міндеггерін орындап алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралык аймаққа бару жэне сонда мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың КСРО-да болу жэне КСРО аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің эскери есептен бұлтаруы; эскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан бұлтаруы; азаматтык актісін тіркеу жөніндегі заңдарды бұзу қылмыс

қатарынан шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бүрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген экімшілік бақылау ережелерін касакана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 430-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қамтылатындықтан, ендігәрі жеке кұрам ретінде

көрсетілмейді.

Қылмыстық кодекстің 16-тарауындағы осы қылмыстык құқық бұзушылықтардың топтык объектісі баскару тәртібі болып табылады.

Баскару тэртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кәсіпорындардың,

шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындагы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Баскару тәртібіне қарсы кылмыстык құкык бұзушылықтар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай карағанда бір-біріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл кылмыстык кұкык бұзушылыктар топтың объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады.

Баскару тэртібіне карсы қылмыстык кұқық бұзушылықтардың топтык объектісі мемлекеттік немесе мемлекетгік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, біркалыпты кызметі, ал мемлекеттік кызмет мүдделеріне карсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, әрі бірқалыпты қызметі болып табылады.

Баскару тэртібіне карсы кылмыстык кұқық бұзушылықтардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы кылмыстык кұкык бұзушылықгардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік кызметшілер болады. Міне, осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір-бірінен окшауланып бөлінеді.

Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі баскару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге - адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыстық кұқык бұзушылық құрамдарында (372, 383, 385, 392-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбірленушісі (375-382, 387-баптар) көрсетілген.

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстардың құрамы негізінен формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстык Кодекстің 382-бабының 2-тармагында, 391-бабының 2-тармагында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының міндетті белгісі - ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Екі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының (391, 392-баптар) міндетті белгісі ретінде қылмыс істелу орны көрсетілген.

Субъективтік жагынан басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстық ниет жэне мақсат қайсыбір қылмыс құрамдарының (375, 378, 380, 382-баптар) қажетті белгісі болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толган кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 387-бабында көрсетілген қылмыс субъектісі арнаулы - әскери қызметтен жалтарган адам, ал 392-баптың 2-тармағы бойынша бірнеше рет қылмыс жасаган адам осы құрамның субъектісі болып табылады.

Тікелей объектілеріне байланысты басқару тэртібіне қарсы қылмыстық құқык бұзушылықты мына төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Мемлекеттік органдарды басқару эрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға карсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Қазақстан Республикасының Тұңгыш Президенті - Елбасы көпшілік алдында қорлау жэне оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру. Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президентінің - Елбасының заңда қызметіне кедергі жасау (373-бап); Қазақстан Республикасының Тұңгыш - Президентіне - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу (374-бап);

Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір-касиетіне қол сұгу жэне оның қызметіне кедергі жасау (375-бап); Парламент, депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұгу және қызметіне кедергі жасау (376-бап); билік өкілін қорлау (378-бап); билік өкіліне багынбау (379-бап); билік өкіліне қатысты күш қолдану (380-бап); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне кедергі жасау (377-бап); Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау (381-бап); жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (382-бап); Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының мызғымастығына кол сұғатын қылмыстық кұқык бұзушылыктар: Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан қасақана

заңсыз кесіп өту (392-бап); шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (393-бап); заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (394-бап); Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту жэне пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу (395-бап); Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту (392-бап).

Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тэртібіне қарсы қылмыстық кұқық бұзушылыктар: ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды иемдену немесе өткізу (383-бап); құжаттарды, заңсыз алып қою, мөртаңбаларды, мөрлерді жымқыру бүлдіру немесе жасыру (384-бап); жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (385-бап); көлік кұралымын сэйкестендіру

нөмірін қолдан жасау, жою, корінеу қолдан жасалган сэйксстендіру, номірі бар колік құралын өткізу (386-бап).

Әскерн қызметке шақырылу тәргібіне қарсы қылмыстар: эскери қызметтен жалтару (387-бап); жумылдыруға шакырудан жалтару (388-бап).

Қазакстан Республмкасынын Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар.

Қазакстан Республикасының Мемлекетгік рэміздерін корлау (379-бап); Қазақстан

Ресиубликасынын Мемлекеттік туды замсыз котеру (391-бап); Баскару гэртібін камтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұгатын кылмыстар: Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамнын атагын өз

бетінше иемденіп алу (390-бап); Қазакстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кұкыкка кайшы өзгерту (396-бап); Қызыл жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл кристалл эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану (397-бап); байланыс желілері мен құрылыстарын, сондай-ак мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді күзету кагидаларын бұзу (398-бап); ақпаратты жасырын алудан арнайы техникалык құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану (399-бап); жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін жэне демонстрацияларды ұйымдастыру мен откізу тэртібін бұзу (400-бап); согыс уақытында немесе төтенше жағдай кезіде тыйым салынган ереуілге басшылык ету, ұйымның жұмысына кедерді жасау (401-бап); сот заңсыз деп таныган ереуілге катысуды жалгастыруға арандататын әрекеттер (402-бап); қогамдық

бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың кызметіне заңсыз араласуы (403-бап); заңсыз когамдык жэне басқа да бірлестіктер кұру, олардың қызметіне басшылық ету және қатысу (404-бап); когамдык немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмге немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оган катысу (405-бап); шет мемлекеттердің саяси

партиялары мен кәсіптік одактарына жәрдем көрсету (406-бап).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет