Қылмыс объективтік жағынан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, әртүрлі ниеттермен істеледі.
Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.
374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңгыш Президентіне - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
Қылмыстық объектісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасынын, оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиіспеушілік кепілдігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және кызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік күралдарына, хат-хабарларына,
олар пайдаланатын байланыс құралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының банктік кұпиялыгы мен тиіспеушілігі, сондай-ак оларға гиесілі кұжаттарга тиіспеушілік кепілдігін кандай да болсын түрде бұзу іс-әрекеттері аркылы жүзеге асырылады.
Қылмыс заңда көрсетілген осы іс-эрекеттердің біреуін істеген сәітен аяқталды деп табылады. Қылмыс кұрамы формальдық.
Достарыңызбен бөлісу: |