Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.Қолдан сұрыптау түрлері



Дата10.01.2020
өлшемі57 Kb.
түріСабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тағайбек С.Қ

Сынып: 11

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.Қолдан сұрыптау түрлері

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі жайлы біледі.

2. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалындыру;


Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:Эволюция жайлы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімін меңгереді.

Кейбір оқушылар: Оқулықтан басқа қосымша мағлұматтар жинақтау арқылы білімдерін жетілдіреді.

Жетістік критерийлері:

1.Эволюциялық ілім жайлы түсінік және білім қалыптасады.

2.Ойлау қабілеті дамиды.

3. Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;


Тілдік мақсат:

Термин сөздіктерді дұрыс айта алу.

Пәнаралық байланыстар

Ағзалардың таралуы аймағын қарастырғанда география пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Кіріспе:

(3 минут)

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

4. Топқа бөлу. «санамақ» әдісі ақылы топқа бөлу.


Құрастырма қағаздар

Сабақтың ортасы

ІІ. Негізгі бөлім:

(34 минут)

Үй тапсырмасына : «Ашық микрафон» әдісін пайдаландым.

1.Ч. Дарвин ілімінің қалыптасуына негіз болған әлеуметтік алғышарттарды атаңыз

2. Ч.Дарвиннің эволюциялық көзқарастарын сипаттаңыз

3.Табиғи сұрыпталудың нәтижесі

4. Өзгергіштік дегеніміз не?

5. Ч.Дарвин өзгергіштіктің қандай түрлерін ажыратты

6.Тіршілік үшін күрестің мәні

Түсіну:Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында «өрмекші» әдісі арқылы топтық жұмыс орындатамын.

1-топ: Қолдан сұрыптау туралы ілім

2-топ: : Қолдан сұрыптау түрлері

3-топ: Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың айырмашылығы



Дескриптор:

– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды.

– Сұрыптаудың түрлерін біледі

– Қолдан сұрыптаудың түрлерін сипаттап береді.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс жүргіземін:

«Қосжазба» әдісі. Термин сөздерді жазып, оларға түсініктеме беріңіз.



Дескриптор:

-Жаңа сөздерді анықтайды, оларды сипаттайды


«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы.

1.Қолдан сұрыптау адамның қатысуын қажет етпейді (жалған)

2.Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау (шындық)

3.Селекция – үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым саласы (шындық)

4.Ең алғаш мысықты қолға үйретті (шындық)

5.Ірі дәндерден ұн жасалады (жалған)

6.Жағымсыз қолдан сұрыптауға әлсіз даралар жіберіледі (жалған)

7.Жағымды қолдан сұрыптауға тек жақсы қасиетке иелерін ғана іріктеп алады (шындық)

8.Жаппай сұрыптау айқас тозаңданатын дәнді дақылдарға қолданылады (шындық)
Берілген сұрақтарды түсініп оқып, сұрыптаудың қай түріне жататынын әрқайсысының тұсына бас әрпін қою арқылы жауап кайырындар.

"Т" — табиғи сұрыпталу, "Қ" — қолдан сұрыптау.

1.Сұрыптау кезінде организмдегі белгілердін төзімділігін арттырады.

2. Жаңадан пайда болғап белгілер организм үшін зиянды

3. Адам егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастаған соң колға алынды.

4. Нәтижесінде жана түр түзіледі.

5. Нәтижесінде қолтұкымдар мен іріктемелер алынады.

6. Жүруі білінбейді, көзге көрінбейді.

7. Қажетті деп тапқан белгіні өзгерту үшін жоспар құрады.

8. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүріп отырады.

9. Пайда болган белгілер организмге пайдалы.


АКТ,
оқулық,
жұмыс дәптері,

слайд,
бағалау парағы,


стикер,
флипчард,
маркер,

АКТ

Қима қағаздар


Сабақтың соңы

ІІІ. Қорытынды:

(3 минут)

Рефлексия: Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс аламын: Сіздерге ұнаған жағымды әсерін жазыңыздар

Сіздерге түсініксіз, жағымсыз,әсерін жазыңыздар

Білетін және білуге қызықтыратын мәселе туралы ұсыныстар мен сұрақтар жазыңыздар

Оқушылардың білімін бағалау..

Үйге тапсырма: Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі


стикер,
күнделік.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол үяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сүрақтарға жауап беріңіз




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Түрлі әдістерді қолдану

2:Топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет