Дінішілік мәселелер алауызшыл ағымдар пайда болған сәттен бастап туындайтыны баршаға аян. Кез келген теріс пиғылды діни ағым қалыптасқан дәстүрлі рухани құндылықтарды күйретіп, рухани тәжірибе сабақтастығын үзу арқылы өзіне жол ашады. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі діни ахуал жағдайында дәстүрлі рухани құндылықтар мен ішкі тұрақтылық мәселелері бір-бірімен еріксіз байланысады.
«Құндылық» ұғымының мәнін жинақтай алғанда қоғам өмірінде қалыптасқан жасампаз идеялар мен этикалық категориялар, моральдық-эстетикалық нормалар мен стереотиптер