Хаттама «Діни экстремизм – қоғам дерті» сынып сағаты Өткізу мерзімі



Дата11.01.2017
өлшемі40,43 Kb.
Хаттама
«Діни экстремизм – қоғам дерті» сынып сағаты
Өткізу мерзімі: 19 желтоқсан 2016-2017 оқу жылы

Сынып: 5-9 сынып оқушылары



Қатегория: аутодеструктивті жүріс-тұрыстың алдын алу

Психолог: Асылханова Ә. А.

Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.
Оқушыларға діни экстремизм жайында түсінік беру. Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады. Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Діни экстремизм – діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет.


Тренинг
Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынды. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынды. Оқушыларға көрсетілеі.
Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырдым. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарады. Осы орайда, оқушылар қандай адамдар сектаға кіруі мүмкін деген сауалға жауап берді.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
ҚР - ның Ата Заңы – Конституциясының 1 - бабында Қазақстан зайырлы мемлекет» деп жазылған.

Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінге кіру,


кірмеу - азаматтың өз еркі делінген.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы


• ҚР Конституциясы 1, 5, 12, 14, 19, 20, 22, 23, 34 баптары;
• «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңдары;
• ҚР 02. 2005 жылғы экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы заңы;
• 27 желтоқсан 1994 жылғы ҚР азаматтық кодексі;
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуі туралы ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заңы;
• ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы заңы»
13 шілде 1999 ж.

Тренинг
Екі оқушы тақтаға шықты. Оларға көрсетпей екі қағаз берілді. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына, екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма берілді. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрды. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындады. Екі оқушының ойы сұралды. Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.
• Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін? Сауалына оқушылар жауап берді.
Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар.
2012 жылдың 25 - қазан айында 17 конфессияны ұсынған 3088 діни бірлестіктер қайта тіркелді.

1. Ислам;


2. Православие;
3. Саентология;
4. Інжілдің христиан - баптисттері;
5. Католицизм;
6. Иеговы куәлері;
7. Пресвитериандық шіркеулер;
8. Адвентисттердің Жетінші күні;
9. Евангели - лютерандық шіркеу;
10. Әдіскерлер;
11. Новоапостол шіркеуі;
12. Кришнаиттер
13. Бахаи;
14. Иудаизм;
15. Буддизм;
16. Иисус Христос шіркеуінің ақырғы киелі күндері (мормондар);
17. Меннонит.
барлығы 4 551 (2008 жылы)
3 088 (2012 жылы)


Тренинг Көрініс көрсетілді. Ортада екі орындықта 2 оқушы отырды. Бірінші оқушы екінші оқушыны алдап, желілік компанияға құрамына кіргізгісі келді. Екеуінің әңгімелері бақыланды.
Тартымға қалай қарсы тұру керек?
Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз:
• «Ал мен осы адамға ұқсап, күнімен көшеде жүріп, адамдарды тартуға тырысқанды қалар ма, едім?»
• «Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?»
• «Олар маған қандай мақсатпен көмектесуде?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады.
• Сіздің қауіпсіздігіңіздің ең тиімді құралы – бастапқыдан беріктік және өз позицияңыздың ұстанымдылығынан ауытқымау. Бұл үшін, заңды білу және діни ағымдарды, философияны оқу қажет.
Бейтаныс, сыпайы – ығыр қылатын қатынасқа түспеу.
• Ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ. Сонымен қатар тартушыға мекен — жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.
ҚР тыйым салынған діни бірлестіктер
• 15 қазан 2004 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
«Аль - Каида»;
2. «Шығыс Түркістан исламдарының қозғалысы»;
3. «Өзбекстан исламдарының қозғалысы»;
4. «Курд халқының конгрессі»(«Конгра - Гел»).
• 15 наурыз 2005 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
«Асбат аль - Ансар»;
2. «Ағайынды — мұсылмандар»;
3. «Талибан» қозғалысы;
4. «Боз гурд»;
5. «Жамаат моджахедов Орталық Азия»;
6. «Лашкар - е - Тайба»;
7. «Әлеуметтік қоғам реформалары».
• 17 қараша 2006 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша:
• «АУМ Синрикё»
«Шығыс Түркістан азаттығының ұйымы»
• 5 наурыз 2008 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша
«Түркістанның исламдық партиясы».
Сонымен қатар Қазақстанда экстремистік ағым болып табылатын және тыйым салынған шетелдік мекеме «Хизб - ут - Тахрир» (28 наурыз 2005 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша ).
ҚР территориясында тыйым салынған оккульттік - мистикалық ұйымдар:
• «АЛЛЯ - АЯТ»
• «АТА ЖОЛЫ»
Тренинг «Жоқ деп айтуға үйрен».
Нұсқау: қатысушылар 2 шағын топқа бөлiндi. Бірінші шағын топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «Жоқ» деп айту керек, ал екiншi шағын топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйдi білдіріп тұрғанын танып білу керек. Оқушылар қызыға қатысты.
Тренинг Оқушылар, махаббат деген не? Оқушылар бірін - бірі қайталамай стикерге бір ғана сөз жазып, жүрекшеге жабыстырады.
- Бұл махаббаттың қандай жағы? Сонымен қатар махаббат қандай болады?
Мақсаты сектаға кірейін деп жатқан адамға тек жақсы жақтары айтылды. Ал 1 ай өткеннен кейін жағымсыз тұстары ашылатыны белгілі.
Қорытынды. Оқушыларға тренинг жағымды әсер берді. Тренингтің пайдасы өте зор. Бұл тренинг оқушылардың алдағы уақытта діни экстремизмнен алшақ болуына өз әсерін тигізеді деген ойдамын.

Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу