Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттен не көріп тұрғаныңды айт. Бүгін қандай күн? Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгерістер әкеледі деп ойлайсың?
Жаңа тақырыпты меңгеру
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады
• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады
Осы ережені жаттап аламыз.
«Мен тыныс белгісімін» қойылымы
Ілебай: Сен неге осы айғайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Жөн - жосығыңды түсіндірші,
Жазуда қандай жерде келесің?
Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білмеймін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе - ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.
Әр іске көңіл күйін білдіріп,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлем!
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келем.
Нүкен мен Нүкте
Нүкен: Ей, кішкентай ғана Нүкте!
Сенің осы керегің жоқ - ау түкке!
Керек болсаң айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.
Балалар, қойылым не туралы екенін түсіндіңдер ме?
Жарайсыңдар!
Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап
СЕРГІТУ СӘТІ.
Бәрі оянады
Күн, күн, күн.
Бәрі ұйықтайды
Түн, түн, түн.
2- Жаттығу ( ауызша )
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдерді тауып айт
3- Жаттығу
Үйді құрылысшы салады ма? - Үйді құрылысшы салады.
- Керіктің мойны ұзын ба? - Керіктің мойны ұзын.
- Дәрігер ауруды емдейді ме? - Дәрігер ауруды емдейді.
- Жарайсыңдар, Балалар!
4- жаттығу
Суреттер бойынша әңгіме құрау
1 - сурет Күні бойы доп ойнап шаршаған Еркін сабағына дайындалмастан ерте ұйықтап қалды. Сабаққа киетін киімдерін әзірлемеді.
2 - сурет Еркін таңертең кеш тұрды. Әр киімін әр жерден іздеп, әрең тапты.
3 - сурет Еркін сабаққа кешігіп келді. Ол бұл қылығына қатты ұялды
|