Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Мақсаты: Білімділігі: Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі
мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақыры-
бы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.
Дамытушылығы:Оқушы ой-өрісін кеңейту,өз ойларын әдеби тілмен өрнектей
білуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Ағаш-
тарды күтіп баптауға үйрету.
Түрі:саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілігі:Жазушы суреті, Астана суреттері т.б.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
-Бугін біз сабағымызда саяхатқа шығамыз. Бас қаламыз- Астана қаласының көрікті жерлерімен танысамыз. Ол үшін барлық тапсырмалардан сүрінбей өтуіміз керек. Саяхатқа пойызбен шығамыз. Үй тапсырмасына жаксы жауап берсек Хан шатырымен танысамыз.