Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Жылқы» смарт мақсат



Дата26.08.2017
өлшемі175,93 Kb.
#28566
түріСабақ
Күні: 16.03.2017ж Сыныбы: 4 «З» Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалім: Ергеш Назира

Сабақтың тақырыбы:

Сәбит Мұқанов «Жылқы»

СМАРТ мақсат:

20 минут ішінде сынып оқушыларының 100%-ы «Ойлан-жұптас-бөліс»» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнымен танысады және «Мені түсін» ойыны арқылы әңгіменің мазмұнын түсінеді, 80%- ы әңгіменің мазмұнына құрылған тапсырмаларды орындау арқылы ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, 60%-ы алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың мақсаты:

1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысу

2. Әңгіменің мазмұнын ашу және түсіну

3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелеу, дәлелдей отырып жинақтау, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыру

Күтілетін нәтиже:

1. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнымен танысады

2. Әңгіменің мазмұнын ашады және түсінеді

3. Әңгіменің мазмұны бойынша өз ойларын жүйелей, дәлелдей отырып жинақтай алады, алған мәліметтерін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың түрі:

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың формасы:

Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. «Поравоз» әдісі 5. «Шындық және жалған» ойыны 9. «Сәйкестендіру» тесті

2. «Жайлау» композициясын құрастыру 6. «Мақал-мәтел»

3. «Топтастыру» әдісі 7. «Кері ойлау» стратегиясы

4. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі 8. «Жарнама» ойыны

Бағалау әдістері:

  1. «Бағдаршам түстері» 2. «Басбармақ» әдісі 3.Бағалау парағы 4.Мадақтау

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Дербес компьютер, интербелсенді тақта, топ атаулары, плакаттар, ақпараттық парақшалар, жұмыс парақтары, жылқының суреті, кестелер және рефлексия парақшалары

Пәнаралық байланыс:

1. Дүниетану 3. Орыс тілі.

2. Шет тілі 4. Бейнелеу өнері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4-сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор: С. Рахметова

«Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Мақсаты:

Ұйымдастыру кезеңі

1мин

Психологиялық дайындық:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3. Көңіл-күйін сұрау.

Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа даярлығын көрсетеді.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасын сұрау.


5мин


1.«Поровоз» әдісі арқылы өлеңді жатқа сұрау

2. «Жайлау» композициясын құрастыру сұрақ-жауап

1. Әбділда Тәжібаев кім?

2. Қайталу дегеніміз не?

3. Лирика дегеніміз не?

4. Мінездеу дегеніміз не?

5. Ә.Тәжібаевтың өлең жинақтарын ата?



Өлеңді жатқа айтады

Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.


Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.

Есте сақтау қабілеттерін тексеру
Өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында көпірше орнату, жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту.


БІЛУ

2 мин

1 мин



- Жылқы жануары туралы не білеміз?

- Ол қандай жануар?

- Бұрын өткен батырлар жырында жылқы жануары қалай суреттелген? (Жетелейтін сұрақтар қойылады)
Топтарға біріктіру.

І топСымбатты да жүрдек асыл тұқымды жылқы «Арғымақ»

ІІ топ – Ең жүйрік ат, қашса құтылып, қуса жететін асқан жүйрік жылқы «Тұлпар»

ІІІ топ – Бәйге бермейтін жүйрік жылқы «Сәйгүлік»

IV топ- Жылқының баласы «Құлын»

Жылқы туралы білетін мәліметтері бойынша топтастыру жасайды.
Оқушылар қима қағаздар арқылы 4 топқа бірігеді


Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ



10 мин


Оқулықпен жұмыс
Сабақтың мақсаты айқындалады.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі – топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға әдістің шарты түсіндіріледі.

1. Табиғат көрінісін тауып оқу


2. Жылқының аналық мейірімі айтылған тұсты оқу
3. Мақан жылқышының сөзін тауып оқу


Оқулықтағы мәтінмен танысады
Оқушылар алдын ала ілініп тұрған сабақтың мақсатымен танысады.
Жұптық жұмыс бойынша өздеріне берілген әңгіме бөліктерін оқиды, іштей ойын жүйелейді, жұптарымен бөліседі, топта талқылайды.

Ойынның шарты: Оқушылар өздерінің оқыған мәтін бөліктерін 10 тірек сөз немесе сөз тіркестері бойынша айтып жеткізелді.




Жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсінуге жағдай жасау

Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.
әңгіменің мазмұнын талдай білуге үйрету



ТҮСІНУ


5мин


Тапсырмалар:

Әңгіменің бірінші бөлімі бойынша - «Шындық және жалған» ойыны - жеке жұмыс

Жұптық тексеру
Екінші бөлімі бойынша – «Кесте толтыру»жұптық жұмыс

Үшінші бөлімі бойынша - «Мақал-мәтел»топтық жұмыс

Оқушылар берілген кестедегі сөйлемдердің шындық немесе жалғандығн анықтайды.

Жұптарымен жұмыс парқшаларын алмастырып кестені дұрыс жауап бойынша тексереді.

Жылқының пайдасын мәтін бойынша дәлелдейді.


Тапсырма орындату арқылы мәтінді тереңірек білуге жетелеу

ТАЛДАУ


3 мин


Дәптермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс. (Алдын-ала қабырғаларға ілініп қойылады)

Жылқы – лошадь - horse

Бақташы – пастух - shepherd

Қос – оңай құрылып, жиналатын баспана – палатка - tent

Оттау – кушать - eat

Асыл – драгоценный – precious
«Жылқы жасы»

Жылқының жасы бойынша атауларын жазғызу



Дәптерлеріне сөздік жұмысты жазады

1 жаста-құлын, 2 жаста-тай, 3 жаста-құнан,

4 жаста-дөнен, 5 жаста-бесті (ат)


Үш тілде сөздік жұмысын меңгерту

Жылқы атауларын жаттату






2 мин

«Авторды тану» (Сәбит Мұқанов жайында)

С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. 14-15 жасынан бастап өлең жазып бастаған.Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан. «Өмір мектебі», «Ботагөз » романы, «Сұлушаш» поэмасы,«Ақ аю», «Балуан шолақ» повесі  шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. Өмір мектебі шығармасынан «Жылқы» әңгімесінен үзінді беріп отыр екен. Жылқының ерекше қасиеттерімен,жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз, және жылқы шаруашылығы жөнінде  түсінік аламыз.



Автор туралы мәлімет айтады.

Автор туралы біліммен қаруландыру

Сергіту сәті

3 мин

Жылқы туралы 10 қызықты мәлімет видео көрсету

Видеоны тамашалайды

Қосымша мәліметтер алады

ЖИНАҚТАУ


5 мин

Топтық жұмыс:

І топ: «Кері ойлау» стратегиясы

ІІ топ: «Жарнама» ойыны

ІІІ топ: ««Егер мен жылқы шаруашылығын дамытатын кәсіпкер болсам» ,не істер едім? Қалай дамытар едім.?

IV топ: «Сәйкестендіру» тесті


І топ: «Егер жылқылар жер бетінде болмаса,...» деген сауал аясында ой толғаныстарын постерге топтастыру түрінде жазады

ІІ топ: Жылқы жануарын жарнамалайды. Сату немесе өткізу мақсатында

ІІІ топ: «Егер мен жылқы шаруашылығын дамытатын кәсіпкер болсам» ,не істер едім? Қалай дамытар едім.? Постермен жұмыс

IV топ: «Сәйкестендіру»

Алпамыс                               Тарлан

Ертарғын                              Байшұбар

Қамбар                                  Тайбұрыл

Қобыланды                           Қарақасқа

Қабанбай                              Қубас                



Жаңа тақырыпты бекіту Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Оқушылардың жүргізген жұмыстарын саралау


Рефлексия

2 мин

Смайликтер арқылы көңіл күйлерін жеткізу.

«Үш сөзбен» алған әсерлерін айту



Сабақтан алған әсерін үш сөзбен білдіру

Үйге тапсырма

1 мин

1.«Жылқы» әңгімесін мазмұндау.

2. Жылқы жануарына қарап ауа райын бағалау


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне толтырады.





БАҒАЛАУ


2 мин

Бағалау парақшасына топ басшысы бағалайды.

Бағалау ұпайы

25-30 ұпай-«5»

20-25 ұпай-«4»

15-20 ұпай-«3»


Оқушылар парақшалардағы сұрақтарға жауап беріп, мұғалімге тапсырады.

алған білімдерін саралау

«Тексерілді»

№152 мектеп-гимназия

директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары ________Н.Ә.Ақылбекова

АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Жылқы»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет