1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы



Дата17.11.2023
өлшемі16,12 Kb.
#191854
Байланысты:
философия


1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар, ол еркіндік.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы. Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.
2. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза).
Еркіндік мәселесі Б.Спиноза (1632-1677) мұрасында кеңінен қарастырылған. Ол Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі – «Этика».
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай – табиғаттың өзі.
Ең бастысы Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
3. М. Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді.
Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тұр.
4. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр.
Сартрдың ойынша, ешбір объективті жағдай адамды өзіне тән бостандығынан айыра алмайды. Ол кез келген жағдайда сақталады және таңдау қабілетінде көрінеді. Сонымен, еркіндік ұғымын Сартр субъектінің өзінен тәуелсіз ортаға қатынасы ретінде анықтайды.
Жауапкершілік – таңдауына берік болу. Қалай болғанда да, адам не істесе де, бәріне толық жауап береді. Сартр адамға жүктелетін жауапкершіліктің ерекше түрін белгілейді. Сартр жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, адам өзі бұрыннан қалыптасқан құндылықтарға да сене алмайтынын, ол өз іс-әрекетінің дұрыстығына ешқашан толық сенімді болмайтынын атап көрсетеді.
Сартрдың барлық толғаулары болмыстың мәнін, өзімен-өзі жалғыз қалған адамның болмысын, тірексіз, түсіндірусіз азапты іздеу. Ал оның өз бостандығын сезінуі, еркіндікті өзінің адами болмысындай түсінуі, бостандық шекарасын ұғынуы одан кем емес. Сартрдың басты кейіпкері - өмірдің мәні үшін күресетін сана. Бұл оның шығармаларының интригасы мен психологиялық драмасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет