Тақырыбы: Гимнастикалық таяқшалар, ауыр доптармен жаттығулар жасау
Күні: 17.10.2020 ж
Тобы: СБ-215
Сабақ типі: практикалық
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары-ның жиынтығы-гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Акробатика (аяқтың ұшымен жүремін)
күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі;
цирк өнерінің жанры (акробатикалық күш жұмсау, секіру арқылы орындалады);
спорт түрі (спорттық гимнастика)
Акробатика біздің заманымыздан бұрын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, тағы басқа елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш қалалардың ашық алаңдарында, базарларында орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.
2) Арнайы жаттығулар
а) қолды тіреп отырып, тізені кеудеге жинақтау
б) төсенішке жатып аяқты кеудеге жинақтау
в) алақанды бір-біріне қарама-қарсы ұстап тез отырып топтасу
Алға қарай домалау, Артқа қарай домалау
Жауырынға тұру, Көпірше жасау (әріптесінің көмегімен), Қарлығаш бейнесін жасау
1-тапсырма:Гимнастикалық таяқшалармен жасалатын жаттығу түрлерін көрсет?
2-тапсырма:Ауыр доптармен қандай жаттығулар жасауға болады?
Әдебиеттер, сілтемелер:
1.Е.Г. Соколова «Акробатика», оқулық, М,ФиС, 1981
Достарыңызбен бөлісу: |