Акробатика (лат. akrobateō – аяқтың ұшымен жүремін, өрмелеймін) –
күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі;
цирк өнерінің жанры (акробатикалық күш жұмсау, секіру арқылы орындалады);
спорт түрі (спортық гимнастика) Акробатика біздің заманымыздан бұрын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, тағы басқа елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш қалалардың ашық алаңдарында, базарларында орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.[1]